Сандық өлшеммен сапаға бетбұрыс

Жаңалықтар
15.09.2017, 10:02
 Осы аптада Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес өтті.  Тың технологияларды игере отырып, сандық экономикаға өту жолдары талқыланған жиын барысында «Цифрлы темір жол» стратегиясы да таныстырылды.     Кеңес барысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жобасы таныстырылып, оның негізгі басымдықтары айтылды. Қазақстан 2025 жылы цифрлы технологиялар бойынша бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын әлемдік рейтингте 30-шы орыннан көрінуді мақсат тұтып отыр. Қазір бұл көрсеткіш бойынша 38-ші сатыдамыз.     - Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат,-деді өз сөзінде Елбасы.  Мемлекет басшысы сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызына тоқталды. Президент бүгінгі жаһандану заманында бізден жаңа инновациялық даму мен жедел технологиялық жаңғыру талап етілетінін тілге тиек етті. Мұның барлығы әлеуметтің әлеуетін артырып, отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға негізделген. Алайда алға қойылған мақсатқа мінсіз жету үшін тынымсыз тер төгіп, халықтың техникалық сауаттылығын көтеру шарт. Бұл цифрлық экономика қажет ететін негізгі талаптардың бірі. Республикалық кеңесте «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының көлік-логистикалық сектордағы орындалу барысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев баяндама жасап, салалық стратегияның жасалуы мен оның негізгі бағыттарына тоқталды.           Белгілі болғандай, темір жол саласын сандық жүйеге көшіру электрондық коммерция, өнеркәсіптік интернет және мәліметтерді электронды сараптау  бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Электрондық коммерция жобасын жүзеге асыру барысында «Бірыңғай терезе» тапсырыс берушілерге логистикалық платформада қызмет көрсетеді. Тасымалдау үдерісіне қатысушылар ҚР мемлекеттік органдарының ақпараттық автоматтандырылған жүйесіне ықпалдасады. Қазіргі таңда бірқатар бизнес-үдерістер автоматтандырылып, қалғандары енгізілу үшін дайындалуда. –«Бірыңғай терезе» жүйесі арқасында құжаттарды рәсімдеу үдерісі 8 есе қысқарады, сөйтіп операциялық шығындар 50 пайызға азаяды, сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу мен мониторинг жүргізу анағұрлым айқындала түседі, - деп атап өтті Қ. Алпысбаев. Сонымен қатар бүгінгі таңда өндірістік интернет саласына да жобалар енгізілуде, бұл өз кезегінде пойыз тартымындағы жылу энергиялық ресурстарын 13% және электр қуатын 7%, активтерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу шығынын 20% азайтады. Инфрақұрылымның қызмет көрсету, пайдалану мерзімін екі есеге арттырады. Сонымен қатар жүктердің қай жерде жүргендігін анықтап, нақты мерзімінде тұрақты мониторингілік қадағалау жүргізуге мүмкіндік беріледі.  Спикердің айтуынша, сенімді өнеркәсіптік интернет платформасын ұйымдастыру мен жасақтау жобалары 2017 -2035 жылдары атқарылады. Өз кезегінде үлкен көлемдегі мәліметтерді жедел сараптау саласындағы жобалар локомотивтер, вагондар мен инфрақұрылымдардың тозығы жетуі туралы мәліметтерді жинақтап, магистральдың өткізу мүмкіндігін арттырады. Активтерді пайдалану шығындарын азайтады. –Біздің Компания индустрия 4.0 құрылғыларын өндіріске енгізу арқылы әлемдік цифрлық қауымдастық құрамына кіре алады,-дейді Қ. Алпысбаев. Осылайша, компанияны сандық жүйеге көшіру «Самұрық-Қазына» компаниясының трансформациялау тобы кешенді бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып, ол негізгі сапалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік бермек. Жалпы алғанда, ұлттық компаниядағы «Сандық темір жол» бағдарламасы бойынша бизнес-үлгілер сандық жүйеге көшіру мен жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым мен көліктік логистика сынды негізгі операциялық салаларға жаңа технологияларды енгізуді қарастыратын 30-дан астам АТ-жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Әсел ШАЙХЫНОВА

Сурет Ақ Орда сайтынан алынды

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты