Болашақтың тынысы тасымалда 

Жаңалықтар
14.11.2017, 14:03
Елімізді Иран арқылы Парсы шығанағы елдерімен жалғайтын шекаралық Болашақ станциясы арқылы жүк тасымалы жылдан жылға ұлғайып отырғаны қуантады. Айталық, осы жылы 10 айда станцияға 361 пойыз келіп-кеткен. Соның ішінде 15 пойыз қазан айына тиесілі. Барлық көрсеткіштер былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда  жүк айналымының біршама артқанын байқатып отыр. Станция бастығы Мақсат Нұрбеков ел шетіндегі станцияда қозғалыс толассыз екенін айтады. Былтыр осы аралықта қабылданып-жөнелтілген пойыздар саны 337 пойыз болса, биыл міне, одан 24 пойыз артық.   Өткен он ай ішінде қабылданған пойыздар саны – 172, вагондары 7121 болса, тапсырылған пойыздар саны – 189, вагондар 8895  болды, – деген станция басшысы осы вагондармен қандай жүктің түрлері келіп-кеткені туралы да айтып берді.  Жөнелтілген жүктердің денін айталық, 2375 вагонды бидай ұны құрады. Одан кейінгі орында сұйылтылған газ көмірсуы бар, ол  518 вагонды, ал  371 вагонды барит концентраты, 352 вагонды арпа өнімі, 232 вагонды тұқым, 259 вагонды ауылшаруашылығы комбайндары, 215 вагонды бұрғылау қондырғылары, 206 вагонды бидай ұнының кебегі, 194 вагонды қоспа жем, 193 вагонды қара металл прокаты,  188 вагонды темір-бетон шпалдары, 152 вагонды  хлорлы калий, 114 вагонды бидай құрады.  Сонымен қатар, аз мөлшерде арнайы және жеңіл автокөліктер, темір жол көлігінің, трактор, ауылшаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері, залалсыздандырушы аппараттар, асбест, металл бункерлері, трикотаж өнімдері, темір бетон, азық-түлік және кондитерлік өнімдер, ет, көкөніс, балық консервілері, күнбағыс майы, тағы да басқа жүк түрлері жіберілді, –  деп ақпарат берді станция бастығы.   Ал арғы жағы Иран, бергі жағы Түрікменстаннан келген 7121 вагонның ішінде ең көп жүк түрі – 808 вагон мұнай коксы болған көрінеді. Сонымен қатар 237 вагон кептірілген жемістер, 207 вагон жиынтық жүктер болса, 144 вагон шыны ыдыстар, қалғандарын кептірілген жүзім, құрылыс материалдары, пластмасса өнімдері,  картоп, мандарин, мотор майлары,  құрғақ сүт, сусындар, аяқ киім, томат, цитрустық жемістер, шәй, цемент, арахис, арматура сынды басқа да жүк түрлері құраған. Жүктердің ішінде астық пен азық-түлік Қазақстанның өзінен жіберіліп жатса, техника жағы Ресей мен Беларусь елінен жолдануда. Осы жүктерге қызмет көрсету барысында станция теміржолшылары қауіпсіздікті толық қамтамасыз етіп, байланыстың болмауы, вагондар құрастыру жоспарының бұзылуы сынды олқылықтарға жол берген жоқ, – деді станция бастығы. 

Райхан РАХМЕТОВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты