Өндірістегі тәжірибелік сабақ

Жаңалықтар
16.01.2018, 14:46
Оқуға 2 мин
Бүгінгі таңда кәсіби мамандарды дайындау үшін өнеркәсіптерге барып тәжірибелік сабақтар өткізуге ерекше мән берілуде. Осыған орай М.Тынышбаев атындағы ҚазККА өз шәкірттерінің теориялық білімін Алматы қаласындағы өнеркәсіптердің зертханаларында өткізу арқылы бекітуді тұрақты түрде жүргізіп келеді.        Оқу үдерісін жаңғыртуда жоғарғы оқу орны мен түлектерге жұмыс берушінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты дамыту маңызды. 2017-2018 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 27 оқу-тәжірибелік сабақ бірнеше мамандықтар бойынша өткізілді. Атап айтқанда, олар: «Электроэнергетика» бойынша 1 семестрде 12 сондай сабақ  Алматы электрмен жабдықтау дистанциясында, 5 сабақ «Автоматика және басқару» бойынша ШЧ-33 базасында өткізілсе, «Көліктік техника» мамандығынан 2 оқу-тәжірибелік сабақ «Алматы локомотив пайдалану депосы» бөлімінде ұйымдастырылған. Ал «Тасымалды, қозғалысты, көлікті пайдалануды ұйымдастыру» бойынша 6 сабақ «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Алматы ЖТ бөлімшесінде, «Өмірлік іс-әрекет, қауіпсіздік және экология» жөнінен 2 сабақ «Алматы локомотив пайдалану депосы» бөлімінде өткізілген болатын. Оқу жұмысының осылай екі жақты жүргізілуі таңдалған мамандыққа деген студенттің қызығушылығын арттыра түсері сөзсіз. Теориялық білімін нақты өнеркәсіпте қолдана білу болашақта түлектердің өздері таңдаған мамандықтың қыр- сырын терең меңгеріп, жұмыс барысында туындайтын мәселелерді шешіп үйренуге ықпал етері анық.         Темір жол, автомобиль көлігі, ақпараттық технология, телекомуникациялар және каржы-экономикалық құрылымдар үшін мамандар даярлау бойынша Қазақстанның жетекші жоғары техникалық оқу орны саналатын аталған оқу орны  - оқу мен ғылым үрдісін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асыратын, оның 65%-ын ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, профессорлар және доценттер құрайтын білім ордасы. Академия жанынан ашылған Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында колледждер жұмыс істейді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы сапасы жоғары білім қызметін беруге қол жеткізу, Болон үдерісі қағидаттары мен қазіргі кездегі халықаралық сапа стандарттарын жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының көлік-коммуникациялық секторына арналған кадрларды дайындау бойынша ұлттық білім кеңістігінде көшбасшы болу мақсатында академияда білім берудің заманауи әдістері қолданылып, олар жаңғыртылып келеді. Соның арқасында тез өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық шарттарға бейімделуге қабілетті, құзіреті жоғары, білікті мамандарды дайындау көзделеді.

Ұлан ОРАЗ

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды