Өткелдегі жол апатына тосқауыл бар ма?
Жаңалықтар
19.01.2018, 19:06
Теміржол мен автожолдар қиысатын жол өткелдерінде қауіпсіздік неге бұзылады? Соңғы жылдары өткелдерде апатты оқиғалар жиі орын алуының себебі неде? Мысалы, Маңғыстау өңірінің статистикасына сүйенсек, темір жол өтпелеріндегі жол-көлік оқиғасы 2011 жылдан бері жылына 1 немесе 2 рет кездесіп отырса, 2017 жылы тіпті артқан...
Өткен жыл Маңғыстау облысының Жаңаөзендегі темір жол өткелінде болған апат қанша адамды ажал құштырып, отбасыларына қара жамылдырды. Осындай орны толмас өкініштің алдын алып өткелдегі жол ережесін бұзушылықты қалай болдырмауға болады және оған байланысты қандай жұмыстар қолға алынуда? Осы және басқа сауалдарға жауап іздеп көрген едік.
Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау учаскесі бойынша аймақтық бас ревизоры Болат Дүйсәлиевтің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылғы теміржол өткеліндегі бірінші жол-көлік апаты 6 қазанда Шетпе – Маңғыстау телімінде 305 шақырымда ПЧ-13 мекемесінің жұмысшылар таситын дрезина көлігімен автокөлік арасында болған.
Бағдаршамда қызыл жанып, дабыл жүйесі қосулы тұрса да, жүргізушілерге әдет болып кеткен, өткел алдында тоқтайды да жан-жағына қарамай жүрісін жалғастыра береді. 6-шы қазандағы жағдайға себепші көлік жүргізушісі де тоқтағанымен, темір жол бойына назар аудармай, қайта жүріп кеткен. Аялдаған көлікті көрген дрезина машинисі, оның қайта қозғалып жатқанын байқап қалып, шұғыл тежеу берсе де, тоқтап үлгермейді. Қайта жай жылдамдықпен келіп соққандықтан, әрі ауыр құрам емес дрезина болғандықтан апат шығыны аз болды. Ал енді Бастау – Өзен аралығындағы 181 шақырымда орналасқан күзетпелі өтпеде Бопай станциясынан келе жатқан №4881 пойыз бен «Газел» маркалы автокөліктің соқтығысуы – ауыр жағдай болды. Бұл жерде айта кететін жайт, өткелдегі автоматты ескерту жүйесі пойыз 1000 метр қашықтыққа келгенде қосылып, 13 секундтан соң шлагбауымның түсетіні. Оның түсуіне шамамен 2 секунд уақыт кетеді. Қызыл шырақ жанып, белгі беріледі. Солай болса да, машинистің айтуына қарағанда, Газельдің алдындағы екі жеңіл машина да өткелден өтіп кетуге асыққан. Екеуі өтіп үлгеріп, үшіншісі – газель үлгермей қалады. Машинист әрине, жедел тежеу жасаған. Дегенмен жағдай бақылаудан шығып кеткен еді. Апат 9 адамның өмірін қиып, қанша адам түрлі жарақат алды. Себеп не? Жол қозғалысы ережесін ескерсек бұл жерде автокөлік жүргізуші тиісті заңдылыққа бағынбаған. Өткелдерде орын алатын апатты оқиғалардың 99 пайызы осылай болып жатады. Жол жүру ережесінің 15 пункті бойынша дабыл жүйесі қосылса, автошлагбаум түссін-түспесін тоқтау керек. Неге жүргізушілер өзінің және өзгенің өмірін қауіпке тігеді, неге? – деп күйінді бас ревизор.
«Бір айналдырса, шыр айналдырады» демекші, өткен жылғы теміржол өткеліндегі жол-көлік оқиғасы мұнымен де бітпеді. Жаңаөзендегі сол оқиғадан араға 4 күн салып, тағы да дәл сол жерде қайталанады. Бас ревизордың айтуынша бұл жағдайда да дабыл жүйесі қосулы тұрған. Тепловоз өткелге 1000 метр жақын келгенде шлагбаум түсіріле бастаған.
Егер локомотивтің жылдамдығы шамамен 60 км/сағ десек, онда ол өткелге небәрі 1 минутта жетеді. Өткелден асығып өтпек болған эвакуатор жүргізушісі сол уақытты пайдаланғысы келген. Нәтижесінде шлагбаум машинаның үстіне түсіп, майысып, сынған. Абырой болғанда адамдар аман. Эвакуатор жүргізушісі өз жолымен қаша жөнелген. Ал 5 желтоқсанда сағат таңғы 06:35 минутта Маңғыстау станциясында «Теміржол сервис» ЖШС өткелінде болған жол ережесін бұзушылық оқиғасы вагон құрастырушының өміріне қауіп төндіруге дейін жеткен. «МКДСМ» АҚ мекемесіне вагон жіберу үшін алдындағы екі вагонды тепловоз итеріп келіп өтпенің алдында тоқтайды. Вагон құрастырушы түсіп, өткелді қарап, тетікті қосып, бағдаршамның қызыл жарығы жанады. Өзі өткелдің арғы жағына шығып, жүруге команда беріп тұрғанда, «Митсубиси Паджеро» маркалы жеңіл автокөлік жоғары жылдамдықпен маневр жасап өтіп, вагон құрастырушыны басып кетуге шақ қалған. Осыған қарап кейбір автомобиль жүргізушілері заңға бағынғысы келмейді әлде ережені мүлде білмейді деп ой түюге болады, – дейді ол.
Мұндай апатты оқиғалардың алдын алу, болдырмау үшін не істемек керек, деген мәселеге қатысты бас ревизор өз ойымен бөлісті. «Темір жол басшылығы қауіпсіздікке көп көңіл бөлуде. Барлық жерге автоматтандырылған жүйе енгізіліп, республикалық маңызды өткелдерге шлагбаум, УЗП құрылғысы орнатылып, өткел кезекшісін қойған. Дегенмен Қазақстан бойынша өткелдер көп болғандықтан қол жетпей тұрған тұстар да бар. Яғни, бұл мәселені қазірге өзге де құзырлы мекемелер арқылы шешуге болады. Мысалы, автомобиль жол қатынасын реттейтін органдар немесе жергілікті билік тарапынан да өткелдегі жол-көлік апатының көбею мәселесіне көңіл бөлініп, шешу жағы қарастырылса деймін. Егер бейнебақылау немесе автожолдарда жылдамдықты асырған машиналарды суретке түсіріп тұратындай құрылғы қойылып, тәртіп бұзған жүргізушінің айыппұлы үйіне барып тұратын болса, онда ол екінші рет өткелден өте шығам деуге ойланар еді. Ең болмаса, бұл құрылғылар республикалық маңызды жолдардағы өткелдерге орнатылса да көп пайдасы тиер еді. Себебі, сондай аппарат орнатылғандықтан қазір жолда сақтану белдігінсіз немесе жарығын жақпай жүретін жүргізушілер жоқтың қасы. Біз қазір осы мәселемен шұғылданып, тиісті мекемелерге хабарласудамыз. Сонымен қатар жекеменшік мекемелерге тиесілі өткелдерді де бақылауға алып, өз категориясына байланысты белгі жүйесін, шлагбаум, кезекші, қажет құрал-жабдықтарын қою туралы жұмыстанудамыз,– дейді Болат Дүйсәлиев.
Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереев темір жол өтпесіндегі жол-көлік оқиғалары ең қауіпті індетке айналып бара жатқаны соншалық, соның кесірінен соңғы бес жылда Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі көлемінде 29 адам жапа шексе, 11 адам қаза тапқанын айтып ашынды. Соған байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында магистральді желі көлемінде біраз жұмыстар атқарылыпты. «Теміржол өтпелі – қауіптілігі жоғары аймақ» айлығында облыс көлемінде елді-мекендер мен теміржол өтпесінен көліктері өтетін мекемелер арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелері таныстырылған. Мұнайлы, Бейнеу, Маңғыстау аудандары мен Жаңаөзен қаласының әкімдіктерінің, Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының және ішкі істер департаментінің өкілдерімен бірлесе күзетпелі теміржол өтпелерінің жағдайы 2013 жылы 13 желтоқсанда шыққан №1627-ЦЗ нұсқама талаптарына және техникалық-эксплуатация ережелеріне сәйкестігі тексерілген. Тексеру барысында табылған кемшіліктер бойынша іс-шара ұйымдастырылып, жауапты тұлға тағайындалып, белгіленген уақыттарында орындалған.
Айта кетейік, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша барлығы 61 теміржол өтпесі бар, олардың ішінде күзетпелі – 5, күзетсіз - 56. І санатты – 1 өтпе, ІІ санатты – 2 өтпе, ІІІ санатты – 1 өтпе және ІV санатты – 57 өтпе. Маңғыстау – Өзен арақашықтығындағы 4 теміржол өтпесінен басқа барлық өтпелер автоматты өтпе бағдаршамының дабылымен қамтамасыз етілген.
Шахида Жұман, Маңғыстау
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді