Жылжымалы құрам паркін жаңартуда жаңалық бар
Жаңалықтар
08.06.2018, 15:49
Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы Кеңес одағындағы елдер сияқты Қазақстанның да алдында жылжымалы құрам паркін жаңарту қажеттілігі туындады. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін локомотивтердің жаңа өндірісін іске қосу туралы шешім қабылданды. Астанада жаңа индустриалдық аймақ пайда болып, теміржол машиналарын құрастыру өндірісін дамыту дәуірі басталды.
2009 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанның Күшейтілген Индустриялы Инновациялық Дамуы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны ретінде «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы құрылып, «Эволюшн» сериялы отандық локомотивтер құрастырыла бастады.
Бүгінде құрылтайшылары «Трансмашхолдинг» АҚ және GE компаниясы болып табылатын аталған зауыт осы 9 жыл ішінде еліміздің экономикалық өсуі, республиканың ауыр машина жасау саласында жаңа тарихтың басталуы кезінде күрделі құрылымдық өзгерістер бастамасының алғашқы жаршыларының бірі болып, Қазақстанның индустриялы-инновациялық дамуына лайықты үлес қосып келеді. Қазақстанның теміржол көлігі жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, «1520 кеңістігінде» жылжымалы құрам иелеріне сапалы өнімдер беруде.
Зауыттың маркетинг және өткізу бөлімінің бастығы Рауан Донсебаевтың айтуынша, зауыт құрылғалы бері жүк және жолаушылар пойыздарына арналған ТЭ33А сериялы 300-ге жуық локомотив шығарылып, пайдалануға берілген, соның 23-і Тәжікстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Украина, Қырғызстан елдеріне экспортталған.
– Жылжымалы құрам паркін жаңартуда жаңалық бар. Зауыт былтырдан бері Қазақстан теміржолының сұранысымен жаңа сериялы жолаушылар пойызы локомотивтерін шығаруды қолға алды. Алғашқы екі жолаушылар локомотиві 2014 жылы шығарылған. Ал сериялық түрлері 2017 жылы шығарылып, жоспар бойынша 6 локомотив тапсырдық. Бүгінгі таңға тағы екеуі өндіріске берілді. Әрі қарай да жыл бойы осылай жалғаса береді, – деді Рауан Донсебаев әлі бояуы да кеппеген су жаңа локомотивтерді көрсетіп.
Сыртқы келбеті көз тартарлық қос локомотив рельс бойын зулай сапарға шығуға дайын тұр. Оның дизайны да бұрынғылардан бөлектеу. Негізі, сыртқы келбеті, қалай бояу керектігі «ҚТЖ» компаниясының тапсыруымен жүзеге асырылады екен.
– Бұл локомотивтердің тежегіш бөлігі де жүк локомотивінен ерекше. Жылдамдығы сағатына 160 км-ға артқан. Және бұларда автобасқару жүйесі бар, яғни машинист соны қосқанда локомотив өзін-өзі басқара береді. Заманауи талаптарға сай, жетілдірілген әлемдік локомотивтердің соңғы буыны, соңғы үлгі. Барлық локомотивтер мәлімделген техникалық сипаттамалар мен пайдалану қауіпсіздігіне сәйкестігін тексерудің толық циклінен өтеді. Әрбір тепловоз соңғы құрастыру мен бояудан кейін сынау учаскесіне жіберіледі. Жаңа машиналар бес негізгі бағыттарды қамтитын әртүрлі сынаудың 19 түрінен өткізіледі. Сынау кезінде дәлдігі жоғары қазіргі заман аспаптары қолданылады, – деп түсінік берді зауыттың кепілдік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Руслан Қажиев.
Зауытта тек локомотив қана емес, сонымен бірге Қазақстан теміржолына қажетті қосалқы бөлшектер, электровоздарға арналған арбашалар, бүйір рамалары, шанақтар жасалып шығарылады.
Қазіргі таңда зауытта 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың дені – техникалық сала мамандары. Локомотив құрастыру барысында зауытта 11 мың атаулы бөлшекке дейін жасалады екен. Оның ішінде қазақстандық үлес 32 пайызды құрайды.
Астана үшін, оның даму тарихында орны ерекше алғашқы зауытта жұмыс жасайтындардың дені – техникалық мамандық алған жастар, көбісі Австралияға, Америкаға барып оқып келген, ағылшын тілін меңгерген. Өндірісте заманауи станоктар, дүниежүзілік озық станок жасаушылар беретін жабдықтар пайдаланылады.
Райхан РАХМЕТОВА
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!