ҚТЖ-да теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігі туралы талқылады

Жаңалықтар
22.04.2019, 12:52

Үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қаузаған кеңейтілген жиын өтті. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері мен ұлттық компанияның қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты мамандары қатысқан басқосуды Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов аша отырып, бүгінгі жиынның мақсат-міндетіне тоқталды. 

– Бүгінгі жиынға қатысып отырған баршаңызға алғыс айтамын. Осындай жиын былтыр екі рет өтіп, бірлесе шешім қабылдау арқасында біраз нәтижеге қол жеткіздік. Десе де, бізді алаңдатарлық мәселелер жеткілікті. Әсіресе, ол адам факторымен байланысты жолкөлік оқиғалары, адамдардың пойызға басылып қалуы. Теміржол қауіптілігі жоғары аймақ екенін білесіздер. Оның үстіне, алда жаз маусымы, біздер үшін бұл мазасыз маусым. Балалар жазғы демалысқа шығады, теміржол көлігі қызметін пайдаланушылар саны да артатын кез. 

Көп жағдайда жасөспірімдер темір жолды ойын алаңына айналдырып, өз өмірлерін, денсаулықтарын қауіпке тігіп жатады. Бүгінгі басқосу осындай қауіп-қатердің алдын алу, болдырмау. Заң шеңберінде әрекет етуде сіздердің тәжірибелеріңіз мол. Сондықтан бүгін біз дөңгелек үстел басында пікір алмасып, олқылықтардың орнын толтыратын ортақ шешімге келуге мүдделілік танытып отырмыз, – деді Қанат Әлмағамбетов. 

Жиын тізгінін әрі қарай Компанияның қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры – Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов қолға алды. 

Биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайы туралы Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Ниязбек Жаңабаев таныстырды. Ол мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесе жасаған жұмыстар нәтижесіз қалмағанын, әсіресе, 2018 жылы әзірленіп, бекітілген «Жол картасы» Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Орал, Атырау жол бөлімшелеріндегі кірме жолдарда құрамдардың жолдан шығып кету оқиғаларын азайтуға көмектескенін атап өтті. Бірақ, көңілге кірбің түсіретін факт те жоқ емес екенін жасырмады.

Ол күннің жылына бастауымен теміржолда түрлі төтенше оқиғалардың, атап айтқанда, мал-жанның жол үстінде жүруі, жол-көлік оқиғалары, вагондардың кірме жолдарда жолдан шығып кетуі т.т.

– Соңғы үш жылға және биылғы үш айға жасалған талдау, вагондардың кірме жолдарда жолдан шығып кетуіне қатысты ең көп оқиға (173) былтыр тіркелгенін көрсетеді. Ал 2016 жылы жылжымалы құрамның зақымдануы көп болған, яғни 330 вагон мен 36 локомотив зақымданған.

Кірме жолдарда жылжымалы құрамдардың рельстен шығуы бойынша 43 оқиға – «Арселор Миттал Темиртау» АҚ, 15 оқиға – «Соколов-Сарыбай тау-кен – өндірісі бірлестігі» АҚ, 14 оқиға – «Көлік сервисі орталығы» АҚ, 8 оқиға – «Казцинк Теміртранс» ЖШС-не тиесілі болып отыр. Бұл жерде неліктен кірме жолдарда вагондар жолдан шығып кетуде дейтін болсақ, біріншіден, бұл бағыттағыш бұрмалар мен жолдың ағымдық күтімінің сапалы деңгейде жүргізілмеуі, екіншіден, жолды жөндеу және сауықтыру жұмыстарының мүлдем жүргізілмеуі, сонымен қатар маневрлік жұмыстар өндірісінің және жүк тиеутүсіру ережелерінің, қала берді вагондарды бекіту тәртібінің бұзылуы, – деп атап көрсетті Ниязбек Жаңабаев. 

Жайылымғабағусыз жіберілетін малдардың да жол үстіне шығып кетіп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отырғанын айтады мамандар. 

«Темір жол көлігінің малмен соқтығысуы, мал өліміне ғана әкеліп қоймайды, сондайақ, локомотивке зиян келтіріп, қаржылық шығынға да ұшыратады, сонымен қатар жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесін бұзып, жолда кідіріп  қалуына әсер етеді. Біздің тұрғындармен малдарын қараусыз жібермеулерін айтып түсіндіру бағытында атқарып жатқан жұмыстарымызға  қарамастан, бұл мәселе  әлі де өзектілігін жоймай  отыр. Бұған адам-дардың пойыздың астына түсіп қалуын қосыңыз. Әсіресе, балалардың қауіпті аймақта жүруі қатты алаңдатады », – дейді Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері. 

Расымен, адамдардың бейқамдықтан, қарапайым  сақтықты жоғалтуынан, теміржолдан өту барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамауынан ажал құшып жатуы - ақылға сыйымсыз дүние. Әсіресе, жастардың темір жол бойында немесе рельс үстінде құлаққаппен әуен тыңдап келе жатып локомотивтің дабылын, ащы үнін естімей, түзу жерде мерт болып жататыны үлкен өкініш. Мәселен, үстіміздегі жылдың үш айында локомотив бригадаларымен адам басып кету оқиғасына жол бермеу мақсатында 611 шұғыл тежегіш қолданып, соның 515- де қайғылы оқиғаның алды алынған. Ал 2018 жылдың үш айында машинистер 424 мәрте шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болған. Биыл 187 оқиғаға артық болып отыр.

«Бізді алаңдататын тағы бір мәселе, ол теміржол өткелінде орын алып жататын жол-көлік оқиғалары. Өкінішке орай, теміржол өткелі қауіптілігі жоғары нысан екенін көлік жүргізушілері ескере бермейді. Соның салдарынан өткелдердегі барлық автокөлігінің жолға шыға келіп пойызбен соқтығысуы салдарынан локомотив, инфрақұрылым нысандарына зақым келіп, 6 жолаушы пойызының кідірісіне жол берілген. Екінші оқиға, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Серебрянка – Огневка аралығында болған. Бұл жолы Зыряновск – Өскемен-1 бағытындағы қала маңы пойызы 40 км/ сағат жылдамдықпен келе жатып, өткел арқылы өтіп кетпек болған автокөлікпен соғыспау үшін шұғыл тежегішті басқанымен, локомотив көлікті 80 метр жерге дейін сүйреп әкеткен. Абырой болғанда, машинада жалғыз болған көлік жүргізушісі аман қалыпты.

«Тексеру-тергеу жұмыстары екі жағдайда да көлік жүргізушілерінің теміржол өткелі арқылы өту ережесін өрескел бұзғанын анықтады. Олар «СТОП» белгісіне келгенде тоқтамаған, жол белгісі және өткел бағдаршамдарының тиым салған белгілерін елемеген, темір жолдың бос екеніне көз жеткізбей тұрып, өткелден өтіп кетуге әрекет жасаған. Міне, осындай жағдайлар көптеп кездесіп отыр. Сондықтан жол-көлік оқиғаларына қатысты бірлескен жұмысты күшейтуіміз керек» , – деді Ниязбек Жаңабаев. 

2018-2019 жылдары кіреберіс жолдардағы жылжымалы құрамдардың жолдан шығып кетуі мен ұрлықтарды, жол-көлік оқиғаларын, адамдарды және малдарды басу жағдайларының санын азайту жөніндегі Жол картасы іс-шараларының атқарылуы туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ және Магистральдық желі дирекциясының, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-ның басшылық қызметтегіөкілдері кеңінен баяндап берді.

Олар теміржолдағы бақытсыз оқиғалардың алдын алу үшін азаматтар денсаулығы мен өмірін қорғау бойынша алдын алудың кешенді іс-шаралары жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті.

Теміржол прокуратурасы және «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ қызметкерлерімен бірлесе 80-нен астам рейдтер мен шамамен 20 мың адамды қамтитын теміржолдан өту қауіпсіздігі ережесін түсіндірген әңгімелесулер өткізіліпті. Мұнымен қатар кәсіпорындар мен оқу орындарында теміржолдың қауіптілігі жоғары аймақ екенін, рельсті жолдарды рұқсат етілген жерлерден кесіп өту керектігін және қашанда сақтықтықты жоғалтпай, қауіпсіздік ережелерін ұстау керектігін түсіндірген және бейнероликтер көрсетілген 700-ден астам кездесулер ұйымдастырылыпты. Өз кезегінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері де олардың тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Темір жол саласының қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты мамандары темір жол бойында мал бағу, теміржол желісі бойымен белгіленбеген орындарды қиып өту, жол-көлік оқиғалары, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы жағдайларына жол бергендерге әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, айыппұл көлемін өсіру, тағысын тағы көкейлерінде жүрген мәселелерді заңдастыру туралы ұсыныстарын білдірді. Ал құқық қорғау органдарының өкілдері теміржолшылар арасынан қоғамдық инспекторларды тартып, олармен бірлесе жұмыс істеу мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар құқық қорғау органының өкілі, 2004 жылдың 9 шілдесіндегі ҚР «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңға сәйкес және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443 бабында бірінші бөлігінде Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның  заңды талабына бағынбаған адамға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатынын айта келіп, қоғамдық инспектор заң бұзған адамдар үстінен шағым жазып, бейнетаспаға түсіріп, құқық қорғау органына айғақ ретінде ұсына алатынын жеткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар одан әрмен қарай қоян-қолтық жұмыс істеп, күрделі мәселелермен бірлесе күресуге уағдаласты.

Жүк тасымалы / Апта саны
13.05.2025
ҚТЖ желісінде жүк тасымалы 4,5%-ға артты
Сұхбат
13.05.2025
Қанат ӘЛМАҒАМБЕТОВ: «Шиеленісті жағдайды уақытылы шешуге мүдделіміз»
Аймақтар
13.05.2025
Ғибратты ғұмыр
Аймақтар
13.05.2025
Жүз жасаған кейуана
Станция тынысы
13.05.2025
Болашақ станциясы өсім жолында: жаңа дәреже – жаңа міндеттер
Аймақтар
13.05.2025
Теміржолшылар Жеңіс күні бірлік пен рухты паш етті
Жаңалықтар / Мұрағат
13.05.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №36 13 мамыр 2025 жыл
Жүк тасымалы
12.05.2025
Қытайдан Орталық Азия елдеріне контейнерлік тасымал 104%-ға өсті
Жаңалықтар
12.05.2025
Қазақстан бидайы алғаш рет БАӘ нарығына шықты
Жаңалықтар
12.05.2025
Алты ел еуразиялық дәлізді қалыптастыру барысын талқылады
Спорт
12.05.2025
Бес вагон сүйреп рекорд орнатты
Аймақтар
12.05.2025
Шымкент вокзалы маңындағы алып сағат қайта іске қосылды
Жүк тасымалы
12.05.2025
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржолшылары жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады
Әлемде
12.05.2025
Қырғызстанда Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан бағыты бойынша алғашқы тоннельдің құрылысы басталды
Әлемде
12.05.2025
CAF компаниясы жаңа Oxygène электр пойызын таныстырды
Жаңалықтар
10.05.2025
Павлодарлық теміржолшылар ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады
Жолаушылар тасымалы
09.05.2025
Астанадан Жеңіс күніне арналған тақырыптық пойыздар жолға шықты
Аймақтар
08.05.2025
Жамбыл жол бөлімшесі ҰОС ардагерін құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2025
ҚТЖ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады
Темір жол тарихы
08.05.2025
Соғыс салған жара. Тұщыбектегі тағзым ескерткішінің тарихы