- Алматы-Шу телімінде екінші жолдар салынуда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығында болған Асқар Мамин қандай істерімен есте қалды?
Оқуға 5 мин
Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы аясында Қазақстанның халықаралық іскерлік транзиттік хаб ретінде қалыптасуына орай «ҚТЖ» компаниясы көліктік логистика саласында жəне мультимодальді жəне транзитті тасымалдардың жаңа сегментінде құзіретін арттыра түсуде.
Соңғы жылдары темір жол және су көлігінде жүк тасымалдауды жүзеге асыру, порттық және әуежайлық қызметтер, логистикалық оператор қызметі мен түрлі көлік түрлерінің терминалдық инфрақұрылымы провайдері үшін жағдай жасалған.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту
Магистральды темір жол желісінің оңтайлы конфигурациясы жасалды. Тәуелсіздік жылдарында 2500 км жаңа темір жол салынды.
Әсіресе, соңғы 6 жылда 1700 км жаңа темір жол желілері іске қосылды:
- Жетіген- Алтынкөл және Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа жолдары пайдалануға берілді;
- Қытаймен шекарада Жетіген-Алтынкөл (Қорғас) екінші темір жол өткелі ашылды;
- Жезқазған – Сексеуіл-Шалқар-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері салынды.
Жағалау аймағында индустриалды жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық негіз болатын Боржақты-Ерсай темір жол телімі уақытша пайдалануға берілді.