Ақаулы рельстер неге көбейді?
Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясында 13 ақаутапқыш арба №9 бекеттен Болашақ станциясына дейінгі аралықтағы 524,5 шақырымдық жолды тексереді. Құрал көмегімен өткен жылы 14, ал биылғы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша ақаулы 40 рельс анықталған.
Дистанцияның ақаутапқыш шебері Қази Башиевтің айтуынша, мұндай ақаулықтардың көбеюі №9 бекет, Маңғышлақ, Маңғышлақ-Өзен телімдерінде 1998-2012 жылдар аралығында күрделі жөндеу кезінде ескі материалдардың қайтадан жолға салынуы салдарынан орын алып отыр екен. Әйтпесе, жол күтіміне жауапты жолшыларға тағылар сын жоқ, болат жолдың пойыздар қозғалысына сай бабында болуы үшін қысы-жазы тынымсыз еңбектенуде екен. Олар өздеріне бөліп берілген учаскелердегі рельстерді айына үш рет тексеріп шығады. 8-11 күннен кейін қайта айналып сол аумақтарды тағы қарайды. Сондықтан, ақаулы рельстер мәселесін көбейтетін ескі рельстерді өндірісте қайта қолдануға тиым салынса деген ұсыныс айтады жолшылар.
─ Поиск-2 деген ескі ақаутапқыштан бізде алтауы бар. 1989-1991 жылдары алынған бұл техникалар бүгінде тозған. РДМ-1М-1 деген арбамыз бар, онымен бекет басындағы бағыттама бұрмалар мен станция жолдарын, ал Рельс-6 арбашасымен түйіспесіз жолдардағы дәнекерленген рельс түйіспелерін тексереміз. Сосын РДМ-2 арбашасынан үшеу бар, бұлар 2007 жылдары келген, мұны қазіргі талапқа сай деуге болады. Десек те, ақаутапқыш құралдар жылдан-жылға жаңаланып жатыр ғой, сондықтан заманауи құрылғыға не жетсін. Мәселен, 2011 жылы РДМ-22 ақаутапқышының екеуін алдық, жұмысы өнімді де сенімді. Бізге осындай ақаутапқыш арбалар көптеп керек. Биыл тағы 4 дана жаңа арбаша сұрап хат жазғанбыз, - дейді Қази Майлыбайұлы.
Бүгінгі таңда дистанцияның ағымдағы жылдың қазан айындағы рельс шаруашылығын тексеру жоспарына сәйкес, 1364 шақырымға дейін бас жол, 113 шақырымға дейін станциялық жол, 634 шақырымға дейін бағыттама бұрмалар тексеруден өтуде. Қыстың қақаған суығында рельстер зақымданып, суыққа төзбегендері морт сынып кетуі де мүмкін. Мұндай ақаулардың болуы жол мен жылжымалы құрамның өзара әрекетінің динамикалық сипатын нашарлатады да, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірері анық. Сондықтан дистанцияның ақаутапқыш цехының шебері мен 26 оператор, 2 механик-реттеуші қолда бар техника мен құралдың көмегімен қауіпті ақаулардың алдын алуға күш салуда.
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды