Мақсат – «БОРТ» жүйесін жерсіндіру

Жаңалықтар
13.03.2020, 09:03
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше «ҚТЖ» ҰК «АҚ Басқарушы директоры – бас инженері Батыр Котырев, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ бас директоры Аманкелді Арғымбаев және «Транстелесофт» ЖШҚ бас директоры Евгений Белоусов теміржол өнімдерін тиімді өндірушілерді қолдау саласына қатысты үшжақты келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ және «Транстелесофт» ЖШҚ арасында Қазақстан Республикасы аумағында қауіпсіздік жүйелерінің аспаптарын өндіру бойынша екіжақты келісімге қол қойылды. Маңызды құжаттарға қол қоймас бұрын елордада екі күн қатарынан аталған зауыттардың өкілдерінің қатысуымен Қазақстан аумағында «БОРТ» қозғалыс қауіпсіздігі локомотивтік борттық жүйе өндірісін локализациялау, яғни жерсіндіру мәселелеріне қатысты кеңес өткен болатын. Кездесу барысында «ҚТЖ» ұлттық компаниясы басшылығы мен мамандары теміржол өнімдерін өндіруші кәсіпорын өкілдерімен ынтымақтастық бағытын талқылап, ел аумағында БОРТ жүйесінің жергілікті мазмұнын локализациялау жағдайын белгіледі.

– Біздің бүгінгі кездесудің басты тақырыбы отандық өндірушілерді, соның ішінде, теміржол өнімдерін тиімді өндірушілерді қолдау болып табылады. Оның жарқын үлгісі ТМД елдерінің нарығында «Транстелесофт» ЖШҚ өкілдігі, Қазақстан нарығында «С.М.Киров атындағы зауыт» компаниясы болып табылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ негізгі тапсырыс беруші ретінде инновациялық технологияларды өндірушілерді және әлемдік озық жүйелерді енгізуші кәсіпорындарға жан-жақты қолдау білдіреді. Соның бірі – қозғалыс қауіпсіздігінің борттық жүйелерінің жаңа буы ны ретінде «БОРТ» жүйесін атар едік. Оның базасында пойыздарды жүргізу жүйелерін автоматтандыру бойынша интегралданған шешім, машинист қырағылын бақылау жүйелері, бейнебақылау және диагностикалау жүйелері жүзеге асып отыр, – деп атап өтті Батыр Котырев.

Кеңес регламентіне сәйкес бірінші болып БОРТ жүйесін магистральдық және маневрлік тепловоздарға енгізу мәселесі талқыланды. Қазіргі таңда «БОРТ» жүйесі маневрлік тепловоздарға орнатылуда екен, нақтысында екі тепловоз жабдықталған. Ал магистральдық жүк тепловоздары мен жолаушылар локомотивтеріне жаңа буынның қауіпсіздік жүйесін енгізу жоспарланып, орнату жұмыстары қолға алынып, ақпараттар жинау шаралары жүргізілуде екен. Магистральдық электровоздарға келсек, бұл күнде Франциядағы «Альстом» компаниясының инженерлерімен Транстелесофт тарапынан қауіпсіздік жүйесіне қатысты ұсынылған техникалық ақпараттар қаралып, өңделіп жатқанын, әзірге бұл жүйенің орнатылмағаны мәлім болды. Күн тәртібінде қаралған тағы бір мәселе, «ҚТЖ» ҰК» АҚ локомотивтеріндегі АЛСН (үздіксіз әрекет етудің автоматтандырылған локомотивтік сигнализациясы) жүйесін жаңғырту болатын. Оған қатысты Техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев локомотивтерде әлі күнге ескі жүйе АЛСН пайдаланылып келе жатқанын, олар локомотив паркін түгел жаңартумен қолданыстан шығады делінгенмен, ескі парк әлі жұмыс істеп жатқандықтан ескі релелік жүйе де қолданыста екенін, бірақ бүгінде олардың қызмет мерзімі біткенін жеткізді.

«Біз кеше осы мәселеге қатысты екі зауыттың өкілдерімен техникалық шешімдер қарастырдық. Яғни, АЛСН-ды қосымша диагностикалау, тағысын тағы функциялары бар сандық жүйелермен өндірісті локализациялай отырып, ауыстыру жағын сөз еттік», – деді.

Нарықта он жылдан астам уақыт сервистік қызмет ұсынып отырған «С.М.Киров атындағы зауыт» басшысы А.Арғымбаев күнделікті жұмыс барысында радиобайланыс, АЛСН, тағысын тағы ескі жүйелерге қызмет көрсетуде кедергілермен жиі ұшырасатынын, осыған байланысты аталған жүйелердің түйткілді тұстарын анықтау және құжаттау үшін техникалық-экономикалық тексеру жүргізу қажеттігін және техникалық шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті. Келелі кеңес барысында БОРТ жүйелерін арнайы өздігімен жүретін жылжымалы құрамда сынақтан өткізу, аталған жүйені қолдану арқылы рельс тізбектерінің сигналдарын диагностикалау функцияларын енгізу мәселелері де талқыланды. Жиын соңында алдағы мамыр айында «М.С.Киров атындағы зауыт» АҚна электрондық компоненттерді локализациялау бойынша көшпелі кеңес өткізуге ұсыныс жасалды.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді