Вагоншылар жұмысы жеңілдейді

Жаңалықтар
21.07.2021, 08:25
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на қарасты Алматы және Атырау вагон деполарында «Вагон пайдалану депосын автоматтандыру» жобасы пилоттық режимде іске қосылмақ. Егер тәжірибеден сәтті өтсе, жаңа жоба еліміздің өзге вагон кәсіпорындарына таратылады деп жоспарланып отыр. Вагон қараушылардың жұмысын автоматтандырумен қатар бизнес-процестердің ашықтығын арттырып, вагондарға техникалық қызмет көрсету уақытын қысқартатын және өндірістік қауіпсіздікті бұзушылықтар санын азайта түсетін жобаны дайындаумен мамандар төрт ай айналысыпты. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов «Инновациялық логистика жүк иелеріне көліктік қызмет көрсету сапасын жақсарту құралы ретінде» атты дөңгелек үстел барысында мәлімдеді. Қазіргі уақытта вагон пайдалану деполарындағы тапсырмалардың көпшілігі қолмен атқарылып келеді. Вагон қараушылар хабарлама дәптерін жүргізіп, онда олар вагондардың жай-күйі туралы деректерді жазады. Анықталған ақаулар мен вагонды жөндеуге ағытып алу қажеттілігі туралы хабарды вагон қараушы Техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон операторына парктік радиобайланыс арқылы жеткізіп, содан кейін қажетті формаларды ресімдеу үшін кеңсеге келеді екен. Ал жоба жүзеге асқаннан кейін вагон қараушылар қағазбастылықтан біржолата босатылмақ. Яғни, мобильді қосымшаны енгізу уақытты үнемдеп, деректерді беру кезінде қателерге жол бермейді. Электронды құжат нақты уақыт режимінде вагонды қарау кезінде ресімделетін болады. Қанат Көбесовтің айтуынша, вагон қараушылар мобильді қосымшада жылжымалы құрамды тексеру барысында анықталған ақауларды тіркеп, вагон операторының порталына деректерді жіберіп, кері байланыс орната алады. Құрамды қарау қорытындыларын келісу осы порталда жүзеге асырылмақ. Вагон шаруашылығы жұмысына жаңа технологияны енгізу персоналдың технологиялық тәртіп деңгейін арттырып қана қоймай, жылжымалы құрамға қызмет көрсету сапасын жақсарта түспек. Порталда ауысым мен тәулік үшін вагон депосының қызметі бойынша өспелі есептілік қалыптастырылмақ. Тәжірибені басқа вагон қызметтеріне таратқаннан кейін талдау жүргізу үшін орталықтандырылған деректер базасы бүкіл ел бойынша вагон шаруашылығында, сондай-ақ, бір депода құрылатын болады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті