Қала маңы пойыздарында бақылау және басқару жүйелері енгізілді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жұмысын көрсету мақсатында БАҚ өкілдері үшін «Оқжетпес» жайлы электропойызымен «Астана - Бурабай» бағытына баспасөз туры ұйымдастырды. 

Журналистер пойыз бригадасының жұмысымен және қала маңы бағыты вагондарының жайымен танысты. 

Қала маңы пойызы құрамында 3 класты жайлылығы бойынша бөлінген 6 вагон бар. Қандай вагонға билет сатып алуын жолаушы өзі шешеді. Жол жүру билетінің құны жайлылық класына байланысты. Мысалы, Астанадан Бурабайға дейінгі аралықта 1 класты вагонға сатып алынатын билеттің бағасы 1937 теңгені құрайды. Жол жүру уақыты – 3 сағат 10 минут. Бүгінгі таңда штаттық жағдайдың өзгеруіне жедел ден қоятын және жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін арттыратын, сондай-ақ «онлайн» режимінде қаламаңы пойыздарындағы жағдайға мониторингілеу мақсатында «Қаламаңы тасымалы» АҚ ҚТББЖ (қаламаңы тасымалдарын бақылау және басқару жүйесі) жүйесін енгізіп отыр. 

«Қала маңы тасымалы» АҚ операторының жұмыс орнымен интеграцияланған және электропойыздың бортында орналасқан бұл кешенді бағдарламалық-техникалық құрал өзінің тиімділігін көрсете білді. Пойыз салондар мен тамбурларды, сонымен қатар машинист кабинасын көріп отыру үшін (локомотив бригадасының іс-әрекеттерін тіркеп отыратын) бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Әрбір вагон 4 камерамен жабдықталған. 

Бұл жағдайды іштен бақылауға, сөйтіп вагондардағы вандалдық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Электрондық гаджеттері бар жолаушылар үшін жол бойында WI-FI базасында ақпараттық-көңіл көтеру жүйесі жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы көтергіштер, ал көзі нашар көретіндерге Брайлдың бедерлі нүктелі шрифтімен ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Пойыз құрамы жолаушы шай немесе салқын сусын ішуі үшін шағын бармен жабдықталған. 

Қазіргі таңда  республика бойынша «Қала маңы тасымалы» АҚ-қа қарасты 66 бағытта пойыздар қатынайды.

фото: Любовь Робва

Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты