Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік

Сұхбат
19.07.2024, 11:03
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл бірнеше аймақта, соның ішінде Атырау облысында да ғаламат су тасқыны болып, Жем, Жайық өзендерінің тасуынан біраз елді мекендерді, егіндік, жайылымдық жерлерді, тас жолдарды су шайып кетті. Бірақ темір жол қауіптен аман болып, соның арқасында тасқынға қарсы жұмыстар қарқынды жүрді. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі директорының логистика бойынша орынбасары Бекәділ Сауровпен кешегі-бүгінгі төтенше жағдай төңірегінде әңгіме өрбіттік.

– Бекәділ Бауыржанұлы, су тасқыны орын алып, елде төтенше жағдай орнаған кезде өңір теміржолшыларының жұдырықтай жұмылып әрекет еткенін білеміз. Құдайға шүкір, қазір су деңгейі қайтты. Дегенмен, сол кезде нақты қандай жұмыстар жасалды?  

– Иә, биылғы су тасқыны жергілікті халықты әбігерге салғаны рас. Құлсарыда біраз үйлер суға кетті, адам шығыны да болды. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі сейіліп, су деңгейі түсті. Бірақ төтенше жағдай әлі алынған жоқ. Себебі әлі де су қайтпаған жерлер, толық қалпына келмеген, су шайып зақымданған автожолдар бар. Қазірдің өзінде Жайық өзені деңгейінің шектік өткізгіштігі 550 см, ал су деңгейі 557 см көрсетуде. Қауіп деңгейі сейілгенмен, штаб жағдайды бақылауда ұстауда. Сол бір қиын-қыстау кезде жергілікті тұрғындар, әскерилер, төтенше жағдай қызметкерлері, теміржолшылар жабылып Атырау қаласын су тасқынынан алып қалды. Алайда, Жем өзенінің деңгейі көтерілуі салдарынан Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында Құрсай өзегі арнасынан асып, су тасқыны орын алды. Салдарынан көп үй суға кетіп, Атырау-Құлсары аралық автожол жабылды. Соған сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен 5 сәуірден бастап Атырау-Құлсары-Атырау, Құлсары-Маңғыстау-Құлсары қосымша 5 жолаушылар вагонынан тұратын ақысыз пойыз ұйымдастырылып, Жылыой ауданының 6 517 тұрғыны Атырау, Мақат, Бейнеу, Маңғыстау өңіріне жеткізіліп, қауіпсіз аймақтарға шығарылды. Қосымша жолаушылар пойыздарымен ақысыз 900 жергілікті тұрғын тасымалданды. Жалпы 7 417 адам қауіпсіз аймақтарға теміржол көлігі арқылы шығарылды. Құлсары қаласына су тасқыны залалын жою мақсатында 5 623 ерікті біздің күшімізбен жеткізілді. Сол кезде барлығы 13 040 адам ақысыз тасымалданды.  

– Автожолдар жабылғасын, негізгі күш теміржолшыларға түсті дейсіз ғой?  

– Әрине, атыраулық теміржолшылар ел басына күн туған шақта төтенше жағдайда жұмыс істеді. Атырау, Мақат станцияларында «Біргеміз» бекеттері ашылып, Құлсары қаласына зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек ретінде 14 вагон азықтүлік, құрал-сайман ақысыз тасымалданып, жеткізілді. Бөлімшеге қарасты станциялар арқылы басқа өнірлерден келген 20 вагон әлеуметтік көмек – азық-түлік, құрал-жабдықтар, т.б. жүктер түсіріліп-таратылды. Жайық өзенінің жағаларын бекіту жұмыстарына да теміржолшылар белсене атсалысты. Төтенше жағдай штабының Атырау жол бөлімшесіне бекітіп берген Қызыл балық, Құрманғазы ауылдарының жанындағы 3600 метр жағажай бөгеттерін және пойыз өтетін темір жол көпірлерін бекіту жұмыстарын өз күшімізбен жүргіздік. Күніне 100 адамнан бөлініп, 13 техника жұмыс істеп тұрды. Сонымен қатар Атырау-Құлсары аралық автожолды қайта ашу үшін 80 вагон қиыршық тас, топырақ Құлсары қаласына жеткізіліп, уақытылы түсірілді. Нәтижесінде автокөлік жолы уақытынан бұрын ашылды.  

– Басқа өңірлерден көмекке қыруар техника да теміржол арқылы платформаларға тиеліп жеткізілді емес пе?  

– ҚТЖ компаниясының ұйымдастыруымен Шымкент, Ақтөбе, Отырар, Манғыстау, Талас, Шиелі, Бадам, Жарық, Бадам станцияларынан жөнелтілген техникалар көмекке келді. Атырау станциясына 335 вагон (1 жабық вагон, 47 жолаушылар вагоны, 287 жайдақ вагон) келіп, 1794 әскер, 393 жүргізуші, 375 әртүрлі әскери және азаматтық техника келіп түсірілді. Тасқынға қарсы жұмыстар аяқтала келе барлығы 288 вагон (56 жолаушылар вагоны, 2 жабық, 230 жайдақ вагон) кері тиеліп жіберілді. Атырау станциясынан 282 вагонға 111 жүргізуші, 1886 әскери адам, 302 техника тиелді. Ал Құлсарыдан 6 вагон тиеліп жіберілді. Жүктерді түсіріп және тиелу кезінде күніне 40 теміржол және төтенше жағдай қызметкерлері жұмысқа тартылып, жүкті тиеу-түсіру тәулік бойы үздіксіз атқарылып, жеке бастың қауіпсіздігін және қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып жөнелтілген жүктер тиісті өлкелерге жеткізілді. Соның бәрінің логистикасын үйлестіріп, біз де демалыс дегенді ұмытып, тәулік бойы жұмыс істедік. Есесіне теміржолшылар қандай сын-тегеурінге де төтеп бере алатынын тағы да ісімен дәлелдеп, халықтың алғысына ие болды.  

– Бәрекелді! Еңбектеріңіз дәйім жемісті болсын!  

 

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді