Жапа шегуші: жұмыс беруші ме, әлде жұмысшы ма?

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бойынша соңғы бес жылда теміржолшылардың өндірісте жарақат алу оқиғаларының жыл сайынғы орташа деңгейі 1,5% болса да төмендеген. Бұл осы бағытта қабылданған бағдарламалардың, атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі болса керек. Дегенмен, Компания басшылығын алаңдататын мәселе бар. Ол жұмыс орындарында теміржолшылардың денсаулығының күрт нашарлап кетуіне қатысты оқиғалардың екі есе өсіп отырғандығы.

ЖҰМЫС ІСТЕЙМІН ДЕСЕҢ... ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ТҮЗЕ

Осы күрделі мәселенің күрмеуін шешу мақсатында «ҚТЖ» ҰК»АҚ басшылығы ұлттық компаниямен қоянқолтық жұмыс істеп жүрген медициналық мекемелер мен құзырлы ведомство өкілдерін шақыра отырып, дөңгелек үстел өткізді (суретте). Сол жиында Компанияның бас инженері Батыр Котырев өндірісте жарақаттану жайттарын болдырмау, алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаруаларға қарамастан еңбек қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілетін фактілердің де тіркеліп отырғанын жасырмады. Әрине, қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған жандар жазасыз қалмасы анық. Мәселен, былтыр жауапсыздығы мен салғырттығы үшін 670-тен астам адам жұмыстан шығарылған.

«Десе де бізді бүгінде алаңдатып отырған басты мәселе, ол жұмыс барысында теміржолшылардың денсаулығының күрт нашарлап кетуі. Айталық, былтыр аяқ асты денсаулығы күрт нашарлауынан 62 адам зардап шекті, ал 2017 жылы 32 адам жұмыс орнында өзін жайсыз сезінген. Ең қайғылысы, 21 оқиға адам өлімімен аяқталды. Ал 2017 жыл еншісінде 14 оқиға тіркелген-ді. Әрине, әрбір оқиға жіті тексеру-тергеуден өтеді. Білгеніміз, қаза болған адамдардың бәрі де кезекті медициналық тексеруден өткен болып шықты. Бұдан түйетініміз, медициналық тексерудің жеткіліксіз деңгейде жүргізілетіндігі және тексеру сапасына бақылаудың төмендігі болып отыр. Жапа шегуішілердің жетеуі түрлі ауру-сырқауына байланысты диспансерлік есепте тұрғандар. Денсаулықтың алдын алу және басқаруға қатысты медициналық-санитарлық шаралардың жеткіліксіз деңгейде атқарылуынан өндірісте біздің қызметкерлеріміз зардап шегуде», – дейді Батыр Котырев.

ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ КЕРЕК

Бас инженер сөзінің жаны бар екенін Компанияның еншілес ұйымдары мен филиалдарының басшылары да растап отыр. Мәселен, Магистральдық желі дирекциясы жыл сайын қызметкерлерге санитарлықгигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау бойынша жүйелі түрде шаралар қабылдап, миллион емес, миллиардтаған қаржы бөліп келеді. Соның нәтижесінде өткен жылы 2017 жылға қарағанда өндірістік жарақаттану оқиғаларын 14-тен 10 бірлікке дейін төмендетуге қол жеткізілген. Бірақ бұл да анау айтқан жетістік емесі анық.

«Дирекция тарапынан жұмыс орындарында қауіп-қатерлерді төмендету бойынша және ҚР Еңбек кодексі талаптарын орындау бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан жұмыскерлердің кінәсінен болған өндірістік жарақат алу оқиғаларын жұмыс берушіге таңу жалғасуда. Айталық, Павлодар ПЧ-32-нің токарі, Екібастұз ПЧ-30 жол монтері, Маңғыстау ШЧ-10 электрмеханигі, Ақтөбе ПЧ-4 жасанды құрылыстар жөндеушісі жұмыс беруші тарапынан берілген қорғану көзәйнегі, қорғағыш белдігі сияқты құралдарын жұмыс барысында қолданбау салдарынан жапа шеккен. Енді қараңыз, жапа шегушінің еңбек қорғау және қауіпсіздік талаптарын өзі бұзғанына қарамастан өндірісте жарақат алғаны үшін жұмыс беруші оны бақытсыз оқиға ретінде есепке алып, бұл жұмыспен байланысты болғандықтан еңбек қабілеттілігін толық немесе жартылай жойғаны үшін жәрдемақы төлеуі тиіс. Ал бұл қызметкерлердің жеке қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлық қарымқатынасын тудырып отыр», – дейді Магистральдық желі дирекциясының техникалық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Талғат Ибраембаев.

Жапа шегушінің кінәсінен болған бақытсыз оқиғалар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да да тіркелген. Мәселен, 2019 жылдың 28 қаңтарында вагон жөндеуші-қараушы Б.Теміров жылжымалы құрамды қарап шыққаннан кейін локомотив кабинасына сатымен көтеріле берілгенде, аяғы тайып, жерге құлап түсіп ауыр жарақат алған. Бұл бақытсыз оқиғаны өндіріспен байланыстырған қорытынды берілгенімен, қызметкердің кінәсі 100%, ал жұмыс берушінікі 0% деп танылған. Осы ретте, Талғат Ибраембаев шетелдік ұйымдардың, атап айтқанда Германияның Федеральдық еңбек және әлеуметтік істер министрлігінің әлемдік тәжірибесін мысалға ала отырып, оларда әкімшілік – қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге ғана жауапты екенін айтады. Ал жапа шегуші қорғану құралдарын кимеу салдарынан бақытсыз оқиғаға тап болған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алады екен. Осындай деректерді алға тартқан Дирекция өкілі, жапа шегушінің жұмыс беруші берген жеке қорғану құралдарын пайдаланбай, жарақат алған жағдайдағы бақытсыз оқиғасын есепке алмау үшін ҚР Еңбек кодексінің 186 бабының 3-ші тармақшасына түзету енгізу керек деп есептейді. Себебі, осындай оқиғалар салдарынан жапа шегуші жұмысшы ма, жұмыс беруші ме, талас тудырмақ...

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ КҮМӘНДІ МЕ?

Магистральдық желі дирекциясы соңғы үш жылда жұмысшылардың денсаулығының күрт нашарлауынан болған бақытсыз оқиғаларға талдау жүргізе отырып, өндірісте кенеттен халі нашарлап кеткен 43 теміржолшының тек бесеуі «Д» есебінде тұрғанын алға тартады. Ал бұл қызметкерлер уақытылы мерзімді медициналық тексерістен өтіп, дәрігерлік-сараптамалық комиссия қорытындысы бойынша сәйкес мамандықтары бойынша жұмысқа жарамды деп танылған. Нақты мысалға жүгінсек, ағымдағы жылдың 26 ақпанында Қарағанды белгі беру және байланыс дистанциясының электрогаз дәнекерлеушісі Д.Свиридов ауруханадан шыққаннан кейін жұмысқа түскен бірінші күні кенеттен денсаулығы күрт нашарлап, сол жұмыс орнында жантәсілім еткен... Ал «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бойынша 2016-2018 жылдар аралығында жұмыс орындарында қызметкерлерінің денсаулығының күрт нашарлауы салдары адам өліміне әкелген 19 оқиға тіркеліпті. Бұл бақытсыз оқиғалардың бәрі медициналық ұйымдардың қорытындысы бойынша жүрек-қан тамыры жүйелерінің ауруларымен байланысты болған екен.

«Осы жағдайлар бойынша біздің тарапымыздан медициналық ұйымдардың жауапкершілігіне қатысты сұрақ туындайды. Еңбеккерлер денсаулығының күрт нашарлауына әкелетін қауіптерді неге ертерек анықтамасқа» дей келе, сала мамандары медициналық тексерулердің сапасын арттыру қажеттігін айтады. «Соның ішінде соматикалық патологиясы бар науқас адамдарды уақытылы анықтау, анықтап қана қоймай, ұйғарымдар беріп, мерзімді медициналық тексерулерден өткеннен кейін қызметкерлердің қосымша парағына қоса енгізу, сонымен қатар қызметкерді қосымша тексерілуден және шипажайларда ем қабылдауға бағыттау қажет» деп есептейді Магистральдық желі дирекциясының өкілі.

АУЫСЫМАЛДЫ ТЕКСЕРУ ТҮЙТКІЛДЕРІ

Талғат Ибраембаевтың айтуынша, Дирекция бойынша күнделікті ауысым алды медициналық тексерістен 5463 адам өтуі тиіс екен. Алайда, нақты тексеруден өтетіні 5453 адам екен. Сонда қалған 10 адамның медтексеруден өтуге мүмкіндігі болмай отыр. Олар Қарағанды, Семей, Жамбыл магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты темір жол мекемелерінің жұмысшылары. Неліктен дейтін болсаңыз, мерзімді медициналық тексеру өтетін пункттің олардың жұмыс орындарынан 25-тен 150 шақырымға дейін қашықта орналасуы. Демек, ақ халатты абзал жандар қызметі дирекция қажеттілігін толық өтей алмауда.

Мәселен, Шемонаиха станциясы бойынша Семей жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелерінің қызметкерлеріне, барлығы 49 адамға ауысым алдындағы медтексерісті 1 ғана медқызметкер жүргізеді екен. Әлбетте, ол бір өзі физикалық тұрғыдан үлгере алмайды. Өйткені, бұл медбайқауды жүргізу үшін кем дегенде 2-2,5 сағат уақыт кетеді, сондықтан теміржолшылар таңғы 7.00-ден кезектен тұруға мәжбүр. Ал келісімшарт шарты бойынша қызметкер жұмыс күні басталғанға дейін 30 минут ішінде тексеруден өтуі тиіс. Келесі бір мәселе, Защита жол және белгі бепрубайланыс дистанцияларының қызметкерлеріне қатысты туындап отыр. олар ауысым алдындағы медициналық байқаудан өту үшін күн сайын 1 шақырым астам жаяу жол жүруге мәжбүр.

«Сондықтан бұл станцияларды жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес ауысым алды медициналық байқаулар өткізетін медициналық қызмет-керлермен қамтамасыз ету керек» деп түйіндейді сөзін Талғат Ибраембаев.

Ал «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мамандары ауысым алды медициналық байқаудан өтуді талап ететін Мамандықтар тізімін анықтайтын нормативті құқықтық акт қажет екенін алға тарта отырып, бұл құжатты жасау барысында, ауысымалды медициналық байқауды талап ететін және пойыздар қозғалысымен байланысты негізгі теміржол саласы мамандықтарын қарастырған жеке бөлім бо луы керектігін айтады.

ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ?

Өткен жылы Магистральдық желі дирекциясы тарапынан еңбеккерлердің еңбек жағдайын қамтамасыз етуге 5,5 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Соның ішінде 40 млн теңге шамасындағы қаржыға өндірістік нысандар аттестацияланса, 584 млн теңге медициналық байқаудың барлық түрін өткізуге жұмсалған  Ал 2,7 млрд теңгеге арнайы киім, аяқ киім және де жеке қорғану құралдары сатып алынған. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлердің денсаулығын сақтау мақсатында 94,3 млн теңгеге сүт сатып алынған.

Сонымен қатар еңбеккерлердің білім-біліктілігін арттыру мақсатында арнайы оқу орындарында өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқытуға 821,4 млн теңге, санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту үшін 363 млн теңге, сондай-ақ, еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша шараларға 940 млн теңге шамасында қаржы жұмсалған. Бұдан бөлек жұмыс беруші қызметкерлердің электр қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша білімдерін тексеріп, нұсқаулықтың барлық түрін жүргізіп келеді. Бүгінде өндіріс орындары технологиялық карталармен, жүкті ұстап тұратын жабдықтармен, дыбыс беретін және көрінетін белгілермен, тағысын тағы құралжабдықтармен жабдықталған. Осыған ұқсас қауіпсіз еңбек тәсілдерін насихаттаған және қоғам қызметкерлерінің ішкі мотивациясын ынталандыруға бағытталған шаралар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да да жүргізіліпті.

Айталық, өткен жылы «Бәрінен бұрын қауіпсіздік», «Денсаулық – әр адамның ісі», «Санитарлықтұрмыстық жағдайларды жақсарту», «Еңбек қауіпсіздігі бойынша ерекше еңбек режимі» тақырыптарында озық тәжірибе мектебі, сондай-ақ, қауіпсіз еңбек тәсілін насихаттаған байқаулар болса, «Экология және өндірістік қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткен. Бұдан бөлек, еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытына да қомақты қаржы бөліп, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту, жеке қорғану құралдарын сатып алу сияқты тағысын тағы шаралар жүзеге асқан.

Десе де, осындай іс-шаралардың Ұлттық компания тарапынан көптеп қолға алынып отыруына қарамастан теміржолшылардың денсаулығының кенеттен күрт нашарлау жайттары артып отырғаны... ойлантарлық жағдай. Медициналық ұйымдар осы мәселеге ден қоюы қажет. Ал теміржолшылар өз кезегінде еңбекке қабілеттілігін сақтап қалу үшін алдымен денсаулығына байсалды қарап, жеке басының қауіпсіздігін сақтауға, қауіпсіз еңбек ету тәсілдерін қолдануға мүдделі болуы тиіс деп қорытынды жасауға болады.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
08.05.2026
Талғат Алдыбергенов 100 жастағы ардагер-теміржолшыны Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2026
Теміржол вокзалындағы тәртіп сақшысы
Әлемде
08.05.2026
Ташкент вагон жасау зауыты биыл Ресейге 42 жолаушы вагонын жеткізуді жоспарлап отыр
Әлемде
08.05.2026
Қытайдан Ауғанстанға жаңа контейнерлік бағыт іске қосылды
Жаңалықтар
07.05.2026
Талғат Алдыбергенов Ерейментау вокзалы құрылысының барысын тексерді
Жаңалықтар
06.05.2026
Ұрпақтар байланысы: ҚТЖ ардагерлері немерелерімен Отан қорғаушыларды еске алды
Әлемде
06.05.2026
Үндістан темір жолдары Siemens компаниясы шығарған қуатты электровоздарды ала бастады
Жаңалықтар
06.05.2026
Алматы-1 станциясында азаматтарға тиісу және заңсыз кәсіпкерлік фактілері анықталды
Жолаушылар тасымалы
05.05.2026
Жас бишілер байқаудағы жеңісін пойызда ерекше атап өтті
Әлемде
05.05.2026
5G және ЖИ: Индонезия теміржолы қауіпсіздіктің жаңа деңгейіне көшпек
Аймақтар
05.05.2026
Жаңару мен жаңғыру дәуірі
Жаңалықтар
05.05.2026
«Талдау мектебі» қатысушыларымен кездесті
Трансформация
05.05.2026
Машина жасау саласы қалай дамуда?
Қауіпсіздік
05.05.2026
Күзет қызметінің сарбаздары
Аймақтар
05.05.2026
«Төрт қаруың» түгел болсын, теміржолшы!
Жаңалықтар / Мұрағат
05.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №36 05 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
04.05.2026
Талғат Алдыбергенов Huawei Technologies компаниясымен цифрлық трансформацияның жаңа жобаларын талқылады
Аймақтар
04.05.2026
Қызылордада даңқты теміржолшы Үдербай Баймаханов атындағы көше ашылды
Жолаушылар тасымалы
04.05.2026
Ұлттық тасымалдаушы мамыр мерекелері кезінде 16 мың қосымша орын ұсынады
Жүк тасымалы
04.05.2026
ҚТЖ жылыту маусымында көмір тасымалын 5%-ды өсіммен аяқтады
myqaz.kz справочники Казахстана законодательство Казахстана исламский справочник справочник организаций Казахстана реестр компаний по БИН налоговые ставки Казахстана КПН в Казахстане авансовые платежи по КПН декларация по КПН форма 100.00 НДС в Казахстане постановка на учет по НДС ставка НДС 12% декларация по НДС 300.00 электронные счета-фактуры ЭСФ зачет входящего НДС ИПН в Казахстане ставка ИПН 10% ИПН с зарплаты социальный налог социальные отчисления ставка взносы ОСМС работника сроки уплаты налогов проверить налоговую задолженность кабинет налогоплательщика КГД регистрация ИП в Казахстане регистрация ТОО ликвидация ТОО выбор налогового режима КНП Казахстан КНП 010 обязательные пенсионные взносы КНП 012 социальные отчисления КНП 015 профессиональные пенсионные взносы КНП 185 единый платеж с заработной платы КНП 911 обязательства в бюджет КНП 912 пеня в бюджет КНП 913 штрафы МРП и МЗП в Казахстане ОКЭД Казахстан КПВЭД Казахстан почтовые индексы Казахстана телефонные коды городов Казахстана МКЕИ единицы измерения транспортный налог Казахстан налог на имущество Казахстан земельный налог Казахстан упрощенная декларация 910 АО Kaspi Bank БИН 971240001315 налоговая информация Kaspi Bank лицензии Kaspi Bank судебные дела Kaspi Bank учредители Kaspi Bank ОКЭД Kaspi Bank связанные компании Kaspi Bank время намаза в Астане время намаза в Алматы время намаза в Шымкенте время намаза в Актау время намаза в Актобе время намаза в Атырау время намаза в Караганде время намаза в Кокшетау время намаза в Костанае время намаза в Кызылорде время намаза в Павлодаре время намаза в Петропавловске время намаза в Таразе время намаза в Туркестане время намаза в Семее время намаза в Талдыкоргане Коран онлайн сура Аль-Фатиха сура Аль-Бакара аят Аль-Курси сура Ясин сура Ар-Рахман сура Аль-Мульк сура Аль-Ихлас сура Аль-Фалак сура Ан-Нас декларация 250.00 форма 240.00 срок подачи декларации расчет налога на имущество ставки транспортного налога таможенные пошлины на авто открыть счет для бизнеса проверки бизнеса регистрация кассового аппарата подготовка к налоговой проверке арест счета налоговой запрет на выезд из-за налогового долга оплата административного штрафа скидка 50% на штраф налог на наследство налог на подарок налог при продаже недвижимости налог при продаже авто налог с аренды налог для фрилансера