Транзит әлеуеті зор

Жолаушылар тасымалы
08.10.2019, 08:14
Оқуға 2 мин

Қазақстанның транзиттік контейнерлік тасымалдағы әлеуетінің зор екенін жалпы жүк тасымалы көлемі кірісіндегі үлесінің 28% құрап отырғанынан көреміз.

Бұл – биылғы жылдың сегіз айындағы көрсеткіш. Осы ретте, ел аумағынан өтетін транзиттік контейнерлік тасымалдың басым бөлігін, яғни 45%-ін Қытай – Еуропа – Қытай бағдары құрап отырса, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша үлес 44%, ал Қытай – Иран және өзге де бағыттарға 11% мөлшерінде үлес тиесілі болып отыр. Үстіміздегі жылдың сегіз айында Қытай – Еуропа – Қытай бағдары бойынша тасымал көлемі 185 мың ЖФЭні құраған, өсім 7%. Ал Қытай – Орталық Азия бағдары бойынша есепті мерзім ішінде тасымал көлемі 115 мың ЖФЭ-ні құрапты. Атап өтерлігі, өткен жылға қарағанда бұл бағыттағы тасымал көлемі 61% дейін өскен. Оның себебін, теміржол саласы мамандары аталған бағдардағы жүктің басым бөлігі өзбек елі экономикасының өсуіне байланысты Ташкент торабындағы станцияға негізделгенін, сондайақ, Қытай – Ауғанстан транзиттік бағдарының да дамуы өз кезегінде оң ықпалын тигізіп отырғанын айтады. Соңғы бағдар бойынша сегіз ай ішінде 1,4 мың ЖФЭ контейнер жүк тасымалданып, өсім көлемі 27% жетіп жығылған.

Қазақстан арқылы контейнермен жүк тасымалдауда Ресей нарығының қатысушылары арасында да сұраныстың жоғары екені байқалады. Мәселен, Қытай – Ресей – Қытай бағытындағы тасымал көлемі 25,2 мың ЖФЭ құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8 есеге артқан. Бұл бағдар бойынша тасымалдың негізгі номенклатурасын ағаштар мен химикаттар құрап отыр.

Қазақстан бүгінде Иран мемлекетіне үш түрлі тасымал бағдары арқылы шығу мүмкіндігіне ие. Оның бірі, Қазақстан – Түркіменстан – Иран желісі болса, екіншісі, Қазақстан – Өзбекстан – Түркіменстан – Иран, ал үшіншісі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарылымындағы Ақтау порты. Міне, осы үш бағдар арқылы биыл Қытайдан Иранға және кері бағытта 2,6 мың ЖФЭ контейнер жүк тасымалданып, тасымал көлемі 411% өскен. Ал ТХКБ бойынша тасымал көлемі 3 мың ЖФЭ немесе 63% өсімді құраған. Бұл Әзербайжан, Грузия, Түркия мемлекеттерін байланыстыратын және теңіз порттары арқылы бірнеше рет жүктерді қайта тиеуді талап ететін күрделі мультимодальды бағдар болып табылады. Соған қарамастан ТХКБ бойынша тасымалдың өсуіне ықпал етіп отырған негізгі фактордың бірі ретінде мамандар, аталған бағдарға қатысты арнайы тариф шарттарының ұсынылып отырғанын айтады. 

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді