Атыраулықтар жақын аралыққа қатынайтын пойыздарды шығаруға сұрады

Облыс орталығы мен шалғай аудандар арасындағы жолаушы қарым-қатынасы әлі күнге күрделі күйде қалып отыр. Пойыздар қатынасы болмағандықтан адамдар жеңіл автокөліктерге иек артады, ал ол қауіпсіз емес.

Мысалы, Атыраудан 350 шақырым қашықтағы Сағыз және Ганюшкино станцияларына жолаушы қатынасы нашар. Себебі автожол өте сапасыз күйде: ойдым-ойдым шұңқыр, кедір-бұдыр.

Содан да жол апаты жиі орын алады. Ал республикааралық және халықаралық жолаушы пойыздары тек белгілі уақыттарда ғана жүреді, соның ішінде түнгі уақыттарда жүретіндері жолдағы станция тұрғындары үшін тіптен қолайсыз.

Бұл проблема туралы аудан тұрғындары көптен айтып келе жатыр. Олар қаламаңы қатынасын дамытып, бір немесе екі вагоннан тұратын болса да жақын аралыққа қатынайтын, облыс, ауданаралық пойыздар шығарса деген өтініштерімен жергілікті темір жол басшылығы мен жергілікті атқарушы органдардың да көптен құлақ етінің құрышын жеп келген еді.

Бірақ нәтиже болмай отыр. Жуырда облыстың жаңа әкімі М.Досмұхамедовке тұрғындар тағы да осы өтініштерін жеткізген болатын. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұловтың айтуынша, аймақ басшысы жергілікті халықтың өтінішіне орай ауданаралық пойызды шығару қаншалықты мүмкін екендігін, егер вагондар сатып алынса, бөлімше тепловоздармен қамтамасыз ете ала ма деген сауалын қойыпты. Басшының түсіндіруінше, бөлімшенің ондай мүмкіндігі бар.

Тек жергілікті әкімдік вагондармен қамтамасыз ете алса, онда ол жолаушы пойыздарын облыс көлеміндегі аумақта тасымалдауға құзіреті жетеді екен.

Әрі бүгінде бұрынғыдай шұбырған көп пойыз жоқ, белгілі бір уақытпен маршрутын да белгілеп, жүргізуге болады. Бұл мәселе оң шешілсе, жиі орын алып жататын жол апатынан зәрезап болған аудан тұрғындары, жалпы облыс халқы, қауіпсіз пойыз көлігін таңдайтыны анық. 

Инфрақұрылым
18.07.2025
Сырдария арқылы өтетін жарты шақырымдық теміржол көпірі салынады
Инфрақұрылым
18.07.2025
Елімізде темір жолды жөндеу науқанының жартысы аяқталды
Жүк тасымалы
18.07.2025
Әлеуметтік жүк тасымалы ұлғаюда
Станция тынысы
18.07.2025
Әйтеке би станциясы жартыжылдықты табысты аяқтады
ҚТЖ келбеті
18.07.2025
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырған инженер
Аймақтар
18.07.2025
Маңғыстау теміржолшыларына біржолғы сыйақы берілді
Қауіпсіздік
18.07.2025
Дала өртімен күрес: Семей теміржолшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті
Жаңалықтар / Мұрағат
18.07.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 18 шілде 2025 жыл
Жүк тасымалы
17.07.2025
Ақтау мен Құрық порттарында жүк айналымы өсті
Спорт
17.07.2025
Астанада өткен сайыста теміржолшылар жеңімпаз атанды
Жаңалықтар
17.07.2025
"Тобыл" логистикалық хабының құрылысы бастау алды
Жаңалықтар
17.07.2025
Елімізде теміржол машиналарын жасау 7,1%-ға артты
Жүк тасымалы
17.07.2025
Атырауда мұнай өнімдерінің тасымалы өсті
Инфрақұрылым
17.07.2025
Мойынты – Қызылжар теміржол желісінің құрылысына 10 мердігер ұйым қатысуда
Жаңалықтар
17.07.2025
ҚТЖ локомотив бригадаларының 16 демалыс үйіне күрделі жөндеу жүргізуде
Жаңалықтар / Жолаушылар тасымалы
16.07.2025
Комиссия туристік пойыздардағы заң бұзушылықтарды анықтады
Аймақтар
16.07.2025
Қандыағашта теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
Әлемде
16.07.2025
Қытай жүрдек пойыздар желісінің жылдамдығы мен ұзындығын арттыруда
Жүк тасымалы
16.07.2025
Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға темір жол көлігімен жөнелтілді
Жүк тасымалы
15.07.2025
Қытайдан Әзербайжанға аттанған алғашқы жүк пойызы Қазақстан арқылы өтеді