Тілін тапқан темірдің

ҚТЖ келбеті
03.08.2022, 10:04
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жалпы, теміржолшы атанғанмен бұл салада мамандық көп. Бірі машинист, бірі жолшы, пойыз құрастырушы, диспетчер, т.т. болуы мүмкін, бірақ бәрінің мақсаты бір. Ол – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жылжымалы құрамдар жүрісін бір минутқа да кідіртпеу.

Қазалы вагон пайдалану депосының Сексеуіл станциясындағы техникалық қызмет көрсету қосынының вагон қараушы-жөндеушісі Түстібай Албиевтің жұмысын алайық. Ауысымға түсер алдында басшылық тарапынан өткізілетін пысықтау инструктажынан кейін асай-мүсейін арқалап желі бойына шыққан ол станцияға аялдаған әрбір пойыз құрамын иненің көзінен жіп өткізгендей жіті, аса сақтықпен қарап тексереді. Тәжірибелі вагон қараушының қырағы жанарынан титтей де ақау өтіп кетпеуі керек. Алда-жалда мұның ауысымында байқамай өтіп кеткен ақау келесі бекетте анықталып жатса, Түстекең соған кәдімгідей қапа болып, тіпті өз-өзіне ренжіп, намыстанып та қалатын көрінеді. Енді ше, қос бірдей «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісін бекер алып па?! Оның үстіне Ауған соғысының ардагері деген аты бар.   

Түстібай Қараманұлының Қазалы вагон пайдалану депосында вагон қараушы-жөндеуші болып жұмыс істеп жатқанына 36 жылдан асыпты. Осы уақыт ішінде саланың ыстық-суығын бастан кешіп, вагон шаруашылығының қыр-сырын меңгерген, шыныққан теміржолшыға айналды. Оның вагон доңғалағынан көзге де көрінбейтін ақауларды анықтайтын шеберлігіне таң қалатын әріптестері «темірдің тілін тапқан жан» деп бекер атамаса керек.  

– Түстібай біздің ең тәжірибелі, өз ісін жетік меңгерген теміржолшыларымыздың бірі емес, бірегейі десек болады. Байсалды, өте сабырлы жігіт ағасы тек вагон санитары болып туылғандай, әрбір вагонның диагнозын дәл тауып, «ауруының» емін де қойып береді. Біздің мекемеде жұмыс жасаған 36 жылға жуық уақыт ішінде тек алғыс пен марапат алыпты, бірде-бір ескерту жоқ. Теміржолшы кәне десе, міне деп көрсететін азамат! – дейді ол туралы мақтауын келістіріп Сексеуіл техникалық қызмет көрсету қосынының басшысы Қайрат Ысқақов.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті