Майталман жолшы рельсті қандай әдіспен ауыстырып жатқандарын айтып берді

ҚТЖ келбеті
17.09.2024, 10:43
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жылға станциясының маңында жол жөндеп жүретін егде жастағы кісіні жиі кездестіремін. Бұл – қырық екі жылдан бері осы жерде тапжылмай еңбек ететін Базарбай Сейітов.

Күннің ыстық-суығына қарамай жол бойында жүретін жолшы өзі қадағалайтын жол телімінің ұңғыл-шұңғылына дейін өте жақсы біледі. Кезінде Ташкент темір жолына қараған бұл учаскеге жауапты мекеме атауы мен басшылығы сан рет ауысқанымен, кейіпкеріміздің жасайтын жұмысы мен атқаратын міндеті еш өзгермеген. Бүгінгі таңда Арыс жол дистанциясына қарасты Жылға ауылы маңындағы 3 306 шақырым мен 3 318 шақырым аралығындағы 24 шақырымдық жолды күтіп-баптаумен айналысады. Тәжірибелі жолшы үшін рельс астындағы шпалды ауыстыру мен оның костыльдерін қағу, бұрандалы бекітпелерді бұрап қатыру сөз емес.  

– Қазіргі кезде біздің салада рельс пен шпалды бекітудің 3 құралы ыңғайға қарай қатар қолданылады. Оның біріншісі – ағаш шпалға қағылатын костыль шегесі болса, қалған екеуі – темірбетонды шпалға бұрандалы қазыққа болт арқылы қатырылатын бекітпе. Оның соңғы екеуінің қызмет көрсету мерзімі ұзақ және сенімді әрі сапалы. Дегенмен, оның өзі мұқият бақылап, күн сайын қадағалап тұруды қажет етеді, – дейді білектей кілтімен бармақ басындай болтты бұрап жатқан Базарбай Орынбасарұлы.  

Айтуынша, бұл учаскеде жүк пойыздары жиі жүретіндіктен, ауыр салмақтан жолдың қалпы өзгеріп, шөгіп, болттары босап кетуі әбден мүмкін. Әсіресе бұрылыстарда клемма-бекітпесінің беріктігі сыр беріп қойып жатады. Сондықтан ондай жерлерге мықты деген бұрандалы болт бекітпелері қолданылады және жол шеберлері тарапынан жіті қадағаланады.  

Қазіргі кезде шпал үстіндегі рельстің тігінен тұрғанын және оның көлденеңінен түзулігін тексеру үшін рентген аппаратпен жабдықталған арнайы пойыз айына екі рет жолды тексеріп, жүріп өтетіні белгілі. Бұл технологияның дамығанын көрсеткенімен, адам көзінің қырағылы мен интуиция да кейде шешуші роль атқарады.

– Күн сайын өзіме тиесілі учаскені жаяу аралап, жай-күйін көзбен көріп шығамын. Қанша жерден заманауи диагностика болса да бұл қауіпсіз қозғалыс үшін қажет дүние, сондықтан мен өз телімімді күн сайын көзбен көріп шығып, көкейге түймесем көңілім көншімейді. 1982 жылы келіп едім осы жерге, әне-міне дегенше уақыт деген өте шықты, құдай сәтін салса, санаулы күннен кейін 42 жылдық бейнетімнің зейнетін көретін де күн тумақ, – дейді майталман маман.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті