Еңбекпен есімі танылған байланыс шебері

ҚТЖ келбеті
23.05.2025, 08:54
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жұмабай Мұқашев – Атырау сигнализация және байланыс дистанциясының сигнал беру, орталықтандыру және блоктау электромеханигі. Оның өнегелі өмірі, бүкіл еңбек жолы еліміздің күретамыры саналатын темір жолмен тығыз байланысты. Қырық үш жыл табан аудармай осы салада байланысшы болып еңбек көрігін қыздыруда.

Жұмекең 1963 жылы маусымда қала маңындағы Талғайраң ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен сол кезде жаңадан ашылып жатқан Гурьев теміржол техникумына 1978 жылы оқуға түседі. Бұл оқу орны ширек ғасырға жуық уақыт аймақ теміржолшыларының үлкен бір шоғырын, тұтас бір кезеңнің теміржолшы мамандарын дайындаған оқу ордасы болатын. Болат жолдың барлық саласына қажетті жүздеген теміржолшы мамандар нақ осы техникумнан білім алып қанаттанды. Оны бітіргеннен кейін ғана Алматыға не Ташкентке жоғары білім алуға ұмтылатын. Біздің кейіпкеріміз осы Гурьв теміржол техникумын «Темір жол автоматикасы және телемеханика» мамандығы бойынша 4 жыл оқып бітіріп шығады. 1982 жылы Гурьев сигнал беру және байланыс дистанциясының 17-бекетінің СОБ электромонтері болып жұмысқа орналасты. Одан кейін Отан алдындағы борышын өтеді. Бір қызығы, оның бұл мамандығы әскер қатарында жүргенде де кәдеге асты. Ол Архангельск темір жолында электромеханик болып еңбек етті. Жас маманға бұл үлкен тәжірибе болды. Елге келгеннен соң бұрынғы жұмыс орнына қайта орналасып, қызметін қиындықсыз жалғастырып кетті. Қаным есімді қызбен отбасын құрды.  

Жұмабайдың ата-анасы егін шаруашылығымен айналысқан адамдар еді. Бала кезден олардан егін егу, құс өсіру, басқа да жұмыстарды үйреніп алған ол қолы жұмыстан қалт еткенде үй шаруашылығында осы кәсіптермен айналысатын. Сол қабілеті де пайдаға жарады. Өйткені сол жылдары Атырау сигнализация және байланыс дистанциясының қосалқы шаруашылығы болатын. Онда егін болды, жеміс ағаштары өсті, құс шаруашылығы, жылыжай да болды. Міне, осы жұмыстарды басқаруға агроном боп Жұмабай Мұхамбетұлы тағайындалды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп Жұмабай сегіз жылдан аса уақыт шаруашылықты шашыратпай, егінін баптап, құстарды өсіріп, жыл сайын мол өнім беріп отырды. Алайда елдегі жаппай жекешелендіру кезінде бұл шаруашылық та жұмысын тоқтатты.  

Жұмабай бұрынғы жұмысына қайта оралды. Майталман маман өз ісінде озық еді, нәтижесінде 2022 жылы «Кәсібі бойынша үздік» атағына ие болды. Дистанция бастығы Ербол Нұрманов Жұмекеңнің тәжірибесі мол, білім-біліктілігін жастарға үйретіп, бөлісіп жүретін азамат екенін айтады. Жұмекеңнің 4 ұлы бар, олардың арасынан тұңғышы Сағын әке жолын қуып, байланысшы мамандығын таңдапты.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда