Теміржолшы һәм қаламгер

ҚТЖ келбеті
14.11.2019, 19:45
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордалық теміржолшылар жайлы бір емес, екі рет кітап жазып жарыққа шығарған Төлеген Жылкелдиев – ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Ғасырдан астам шежіресі бар аймақ теміржолының тарихын зерделеп, келер ұрпаққа өшпес мұра қалдырған қаламгердің негізгі мамандығы – теміржолшы, локомотив шаруашылығында қырық жыл тер төккен байырғы машинист. Жуырда ардагермен жолығып, аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Төлеген аға, «Қазақстан теміржолшысы» газетімен достығыңыз қалай басталды? Кімдермен шығармашылық байланыста болдыңыз? Неліктен әдебиетті емес, теміржолшы кәсібін таңдадыңыз?

– Жасымнан өлең-жырға құмар болып, әдебиетке жақын өстім. Теміржолшы мамандығын алып, Қызылорда локомотив пайдалану депосында қызмет атқара бастаған алғашқы жылдардан бастап сол кездегі «Батыс жол», «Түрксіб тынысы» сынды жолдық газеттермен шығармашылық байланыста болып, мақала жазып, арасында әдебиет бетіне өлең беріп тұратынмын. Сосын кезінде «Гудок» газетінің меншікті тілшісі Л.А.Туровпен көп араластым. Ол Қызылордаға келсе, қонақүй іздемей, бірден менің үйіме түсіп, қазақы дастарханнан дәм тататын. Ал ҚТЖ құрылған соң бұрынғы үш жолдық газет базасында «Қазақстан теміржолшысы» деген республикалық газет дүниеге келгенде онымен де байланыс орнатуға ұмтылдым. Алғашқы редакторы Бақытжан Тастүлековтен бастап ұжыммен жақсы шығармашылық байланыста бодым. Сонау «Түрксіб тынысы» газетінен бері келе жатқан Меруертпен осы теміржолдың іс-шаралары арқылы ағалы-қарындасты жандардай араласып, 2004 жылы Сыр бойы теміржолшылары туралы «Теміржол тарландары» атты кітап шығардық. Әдебиетті жақсы көрдім, бірақ кәсіп таңдағанда бала кезден ұнатқан теміржолды таңдадым, пойызға мінгенді, сапар шеккенді армандап қиялдайтын 5 жасымда Тереңөзек бекетінен пойызға отырып кетіп Саураннан бір-ақ шыққаным бар.

– Сіз Алматыда оқып жүріп жас шағыңызда Мұқағалимен кездескен деседі, рас па?

– Бірнеше рет студент жастармен еріп барып ақынның «импровизированный жыр кешіне» қуә болып, өлеңдерін өз аузынан есту бақытына ие болғаным рас. Бірі паркте, ұмытпасам, бірі сыраханада болу керек, тағы бірі политехтың жатақханасында өткен. Әдебиетке, өлеңге құштарлығым ғой, сондай ақындар бас қосқан жерден қалмай, алдымен жүгіретінмін. Мұқағали марқұм жастарға, әсіресе қалам тартатын студенттерге жақын, іштартып жүретін жан еді.

– Қызылорда өңіріндегі теміржол саласының дамуын кітапқа түсіріп, талай тарихи жәдігердің елге танылуына себепкер болдыңыз. Осы кітаптардың жазылуына, таратылуына әріптестеріңіздің үлесі болды ма?

– Зейнетке шыққан соң баяғыдан ойымда жүрген арманымды орындап, теміржол мен оның тарихы, теміржолды тағдырына айналдырған адамдар жайлы жазып, жинақ етіп шығардым. Өзім науқастанып жүрсем де осы бір қиын да күрделі әрі қызықты кәсіптің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген, қыстың қақаған суығында, жаздың ми қайнатар аптабында жан аямай жұмыс жасап жүрген әріптестерім, жерлестерім жайлы қалам тербеу көптен ойлантып, мазалап жүрген еді. Алла сәтін салып мына жағы Ақтөбе мен Түркістан, Астана, Алматы асып сапарлап, теміржолшылармен кездесіп, материалдар, ақпарат, суреттерді жинастыруыма тура келді. 2013 жылы «Жол бойындағы жұлдыздар» деген атпен кітабымды баспаға бердім. Кітаптың шығуына және таралуына теміржолшы әріптестерім көп көмек берді. Жұлдызбай Мұсаев, марқұм Лепес Жаниязов, Марат Дәуітбаев, Алтынбек Абдреев, Ахмедияр Пірімбетов, марқұм Мешітбай Қаржаубаевтың балалары, немерелері көп көмегін берді. Бәрі де осы сыр елінің менмін деген азаматтары. Осы жандарға шын жүректен алғыс айтамын. – Сіздің паровоз ескерткіші туралы өлеңіңіз кезінде теміржолшылар арасында «хитқа» айналғаны рас. – «Тұғырда тұр паровоз» деген ол өлең өзіме де ыстық. Қаранардай алып паровоз өткен күннің символындай теміржолы бар барлық қаланың вок-залында, локомотив деполарының ауласында бүгінде ескерткіш болып тұр. Мен осы паровозды көрген сайын біртүрлі толқимын, кейде әсерленіп көзіме жас та аламын. Сондай әсерден туған өлең ғой ол. «Көз алдымда аңыз болған Құлагер, Тепловоздар – жұлдызша аққан мұрагер. Теміржолдың Абызындай паровоз, Мәңгілікке тұғырыңда тұра бер!» деп басталады.

– Рахмет, расымен алғаш естіген кезде мені де ерекше сезімге бөлеген жыр еді. Осы уақытқа дейін оншақты жол бастығын көріп, сонша тағдырды таныдым депсіз бір сөзіңізде. Солардың ішінде жұмысқа қатысты, жеке өміріңізге байланысты жаныңызға жақын болған басшы болды ма? Олардың қарым-қабілеті мен жұмысты ұйымдастыруына журналист ретінде қандай көзқараста болар едіңіз?

– Қызылорда теміржолын басқарған басшылар аз болған жоқ. Олардың әрқайсысының қолтаңбасы осы өңірде күні бүгінге дейін сайрап жатыр. Бірақ сыр елі теміржолшылары арасында Орынбай Жанәділовтің есімі ерекше аталады. Саланың ең күрделі кезеңінде бөлімше тізгінін ұстаған ол 13 жыл өмірін сарп етіп, қайтсем теміржолдың көсегесін көгертем деп жүріп денсаулығына да қарамай, тікесінен тік жүрген қалпы сыр білдірмей өліп кеткенше, оның науқас екенінен де хабарсыз едік. Мен өзімнің алғашқы кітабымда осы бір адамгершілік пен ар-ұяттың эталоны сынды ғажап жанға тұтас бір тарау арнап, көзкөргендер естелігін бердім. Бір мәрте мені өзіне шақырып халжағдайымды, қанша баламның бар екенін, жұбайымның қандай іспен айналысатынын, тұрғын үйден мұқтаждығым бар-жоғын сұрады. Алдына барып «анау жоқ, мынауым жетіспейді» деп зарлауды жөн санамадым. «Қанағат қарын тойдырады» деген қазақы мінез танытқандай болдым. Мен кім – қатардағы инженер, ол – НОД. Көңіл бөліп әңгімеге шақырғанына алғысымды айтып кетумен шектелдім. Әйтсе де, артынан бөлімшенің бас бухгалтерінен Жанәділовтің бұйрығымен маған бір айлық жалақы көлемінде сыйақы бергенін естідім. Бергенді кім жек көрсін, үйдегі апаларың Кеніш Өмірбайқызының алақанына әкеп салып, отбасымызбен бір мәз болған жайымыз бар... Қазір Қызылорда ЖТ бөлімшесін басқарып отырған Аманкелді Арысбаевты да жоғары бағалаймын. Білікті басшы, шебер ұйымдастырушы болумен қатар өте мәдениетті, қарапайым, өнегелі отбасында тәрбие алған көргенді азамат екені байқалады. Ол басшылыққа келгелі Қызылорда теміржолының мерейі үстем бола түсті, салалық жарыста жеткен жетістіктеріне іштей марқайып отырамын. Қазір аға буынның орнын жастар басты, үміт күттіретін жастар өте көп. Мен оларға аға буын ретінде қызметтеріне сәттілік тілеймін.

– Әңгімеңізге рахмет, өзіңіздің әріптестеріңіз болып табылатын газет ұжымы атынан деніңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты