Қазығұрт – өндірістік аймақтың қайнар көзі

Фоторепортаждар
19.06.2019, 12:06
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент ЖТ бөлімшесіне қарасты Қазығұрт станциясы кеңес одағы жылдары өндірістік аймақтың қайнар көзі болғаны белгілі. Неге десеңіз, станция құрылған өткен ғасырдың сексенінші жылдары жаңадан ашылған мұнай өңдеу, шина, фосфор зауыттарының өнімдерін тасымалдау миссиясы әуел бастан осы станцияға жүктелген. Міне, қырық жылға жуықтады, өндірістік аймақтың тасымалын қамтамасыз етіп отырған станция өз миссиясын ойдағыдай атқарып келеді.

Алғашқы жылдары станцияда небары 4 жол болыпты. Бүгінде Қазығұрт станциясының аумағы кеңейіп, 28 жолға дейін ұлғайған. Станцияда жартылай механизациялық дөңес бар. Жұмысшы паркі 1800 вагонды құрайды.

Қазығұрт станциясының бүгінгі таңдағы негізгі жұмысы – мұнай өнімдерін дайындау. Атап айтқанда, мұнайдан шығатын мазут, дизельді жанармай, бензин, авиакеросин шығарады. Дегенмен, кешегі кеңес жылдарымен салыстырғанда тиелетін жүк көлемі 50 пайызға азайды деген сөз. Кеңес кезінде Қазығұрт станциясында 90 пайыз жүк артылған екен. Себебі, ол кезде фосфор зауыты да өздерінің шығарған химиялық заттарын станция арқылы тиеген. Мәселен, тәулігіне тек мұнай өнімдерінің 450-500 вагонына жүк тиелетін болған деседі көзкөргендер. Қазіргі таңда станциядан күнделікті 230-240 вагон жүк артылады. Тағы бір айта кететін жайт, ол кезде Текесу станциясы Қазығұрттың қарамағында болған. Яғни, ол жақтан тиелген жүк вагондарының есебі де осы станцияға кіретін. Қазір Текесу өз алдына бөлек станция болып шығып кетті.

Жалпы, Қазығұрт станциясының негізгі жұмысы – вагонды уақытылы жуып, булайтын станцияға беру және уақытылы алып шығып, Текесу станциясына жеткізу. Яғни вагондарды Мұнай өнімдерін өңдейтін зауытқа дайындап беру. Бұдан бөлек, станция цемент зауытынан 25-30 вагон цемент артады. Шымкент темір зауытынан мамыр айында 274 вагон металл артыпты. Яғни күніне 10 вагон арматура, темір-терсек артады. Ұн шығаратын «Ақбура» серіктестігі диірменінен айына 60 вагон, яғни күніне бір, бір жарым вагон ұн артылады. Ал мотор майларын өндіретін «Хиллкорпорейшн» компаниясының өнімдерін көбіне локомотив деполары қолданады. Бұл компания айына 23 вагон, бір күнге шаққанда бір вагон артылады.

Осы жылдың мамыр айында 620 вагон жүк тиелген, яғни станциядан күніне 26 вагон жүк артылды деген сөз. Шыны шығаратын зауыт күніне 2 вагон жүк тиеген. Бұл зауыт негізінен сыра, басқа да сусындардың ыдысын шығарады. «Алтын май» ЖШС айына Орта Азияға, Тәжікстанға 10 вагон жүк артады. «Хлоппром» айына 16-17 вагон мақта артады. Бұдан өзге, станциядан бірлі-жарым вагон жүк артатын ұсақ-түйек компаниялар да баршылық. Станцияда жыл басынан бері 5 айда жалпы вагон айналымы 126 пайызға орындаған.

Қозғалыс қауіпсіздігіне келсек, станция бастығы Тоқтасын Қалмырзаевтың айтуынша, өзі басшылық жасаған уақыт аралығында станцияда адам өміріне қауіп төндірген оқиға орын алмаған. Шымкент теміржол бөлімшесінде кластан тыс бірнеше үлкен станция бар. Жүк сұрыптайтын Арыс, Шымкент станциялары арасында бірден бір жұмыс қауіпсіздігін сақтайтын станцияның бірі – осы Қазығұрт.

Станция басшысы Тоқтасын Тұрысбекұлының берік ұстанған қағидасының бірі – темірдей тәртіп. Оның айтуынша, теміржолшылар арасында тәртіптің босаңсымауы үшін ұдайы тексеріп отыру керек, ал білімді болулары үшін техникалық сабақтардың кестеге сай уақытылы өтуі назарда ұсталады, білмегендеріне ережені оқытып, үйретіп, тіпті жаттату әдетінде бар екен. Тәжірибелік сабақ барысында сигнал, бағыттама бұрмаларын қалай өшіріп, қалай аударады, байланысты қалай өшіріп, қосады, бәрі-бәрін станциядағы тәжірибесі мол, жасы үлкен мамандар басы-қасында тұрып үйретеді екен. Сондай-ақ, жоспарлы, жоспардан тыс сабақтар өткізіліп, қауіпсіздік бойынша бұзылған ақаудың себеп-салдарын талқылау да дәстүрге айналған дейді.

Станциядағы 28 жолдың 14 жолы – вагондар мен пойыздарды қабылдап-жөнелтетін жол. 5 жол сұрыптап-қабылдайтын, қалған 10 жолда сұрыптайды. Былтыр ПЧ-53 қызметкерлері 21 жолды орташа жөндеуден өткізіпті. Биыл тағы да 3 жолда орташа жөндеу жұмыстары өткізілмек. Бүгінде Шымкент жол дистанциясының жолшылары осы жұмыстарға кіріскен.

Станция АСУ ДКР жүйесіне қосылған, барлық жұмыс интернет арқылы енгізілген бағдарламамен жүргізіліп жатыр. «Бұрын бәрін қағазбен жазатынбыз, қазір вагондардың құжаттары автоматты түрде рәсімделеді. Барлығы компьютерде шығып тұрады. Келе жатқан пойызды көріп отырамыз. Басшылар электронды құжат, телеграмма, бұйрықтарды жібереді. Жұмыс орнымыз интернетпен қамтылғандықтан шаруамыз әлдеқайда жеңілдеп, қағазбастылықтан құтылдық», – дейді станцияның қызметкерлері.

Қазығұрт-Шымкент бөлімшесінің ішінде бірден бір әлеуметтік жағдайы жасалған станция деуге болады. Жұмысшылардың барлық жағдайы жасалған. Ғимарат күрделі жөндеуден өткен, душ, әжетхана – бәрі бар, қыста ғимаратта жылу өте жақсы беріледі. Асханада жұмысшылар күнделікті пайдаланатын электр пеші, тамақ ішетін үстел мен орындықтар, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, тағы басқа керек-жарақпен түгел қамтылған. Станция басшысы қазір әйелдердің зейнет жасы ұлғаюына байланысты олардың денсаулығын сақтауға көңіл бөлу қажеттігін де ескертті. «Теміржол саласында көбісі ауысыммен жұмыс істейді. Салдарынан жасы ұлғайған сайын қан қысымы, жүрек, ишемия аурулары асқына түседі. Мамандыққа қатысты аурулар қанша дегенмен ерлерге де, енді 63 жасқа дейін еңбек ететін әйелдерге де әсер ететіні даусыз. Сондықтан, станциялықтардың, мейлі ер, мейлі әйел адам болсын, міндетті медициналық тексеруден жыл сайын өтіп, денсаулығын тексертіп тұруын талап етемін. Жұмысшы-қызметкерлер жылына бір рет Алматы, Сарыағаш шипажайларына барып денсаулықтарын шыңдап қайтуын да бақылап отырамын», – дейді станция бастығы Т.Тұрысбекұлы.

Қазіргі таңда, Қазығұрт станциясында 125 адам жұмыс істейді. Көпшілігі – алды 30 жыл, кейінгілері 5-10 жылдан осы станцияда еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі теміржолшылар. 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты