Шаруаң қалай, Шағыр станциясы?

Фоторепортаждар
29.06.2020, 18:16
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Арыс-Сарыағаш телімінің учаскесінен 3248-шақырымында орналасқан Шағыр станциясы ертеде 44-ші разъезд аталған екен. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Мәскеуден келген комиссия мүшелері теміржол бойындағы елді мекендерді картаға түсіріп, атауларын белгілеу кезінде солардың қасында жүрген теміржолшы-зейнеткер Мүсіреп ақсақал Шағыр станциясы деп белгілетіпті.

Қазіргі күні шағын станцияда 150-дей түтін бар.

Сегіз жүзге жуық халқы бар жергілікті тұрғындарының басым көпшілігі теміржол саласында еңбек етеді. 2002 жылы «КазТрансОйл» акционерлік қоғамының шикі мұнай құю бекеті іске қосылып жұмыс істеп келеді, сонда істейді. 8 жолы бар 2-ші класты станциядағы басты жұмыс – жүк тиеу.

Станцияда штат бойынша 11 адам жұмыс істейді.


Орта тәулікпен күніне 18-20 пойыз, жалпы алғанда 36-40 қабылдап, өткізеді. Станцияның барлық жолдары толық қоршалған.

«Бізде станциядан көбіне жүк артылады. Жалпы 36, кейде 40 пойыз қабылдаймыз. Еңбек қорғау шаралары толық сақталған, жұмысшылардың жарақат алу оқиғалары тіркелген жоқ. Бүгінде карантинге қатысты барлық іс-шараларды қолға алғанбыз. Ғимаратқа маскасыз кіруге болмайды, барлық жерге антисептик орнатылған. Станцияда артық адам жиналмауын қадағалаймыз. Алдын ала күн тәртібін жоспарлаған кезде жұмысшыларды маскамен өткізіп барып, жұмысқа жібереміз. Бізде әзірге коронавируспен ауырған адам шыққан жоқ. Сондықтан, барынша сақтық шараларын ұстап отырмыз, тауар кассиріне арнайы бөлек есік ашып қойғанбыз. Себебі, адамдар көп шоғырланып, байланысқа түспеуі керек. Ол сол есіктен вагондардың құжаттарын қабылдап алып, өткізіп, өңдеп жібереді», – дейді станция басшысы Бақытжан Қарынтаев.

Станциядан негізі шикі мұнай тиеледі екен.

Мұнда қазір мұнай тасымалдаушы «PTC-operator» ЖШС жұмыс жасауда. «КазТрансОйл» АҚ кірме жолының эстакадаға сыйымдылығы 40 вагон цистерна.

Тәулігіне 40 вагон, кейде 80 вагон цистерна шикі мұнай артылады. Станция бастығы Бақытжан Арапбайұлының айтуынша, шикі мұнай тиеу және тасымалдау 2020 жылға ай сайын берілген жоспар толығымен орындалған. Атап айтқанда, қаңтар айында 24 735 тонна, 415 вагон цистерна, ақпан айында – 17 678 тонна, 293 вагон, наурызда – 21 062 тонна, 345 вагон, сәуірде – 42 508 тонна, 695 вагон, мамырда – 90 238 тонна,1489 вагонды құраған.

Жоспар бойынша 83200 тонна, қазіргі таңда орындалуы – 64855 тонна, яғни 1075 вагон цистерна мұнай тиелген. Барлығы алты айда 261 076 тонна, 4312 вагон цистерна тиеліп, жоспар 100 пайыз орындалыпты. Бұл шикі мұнай Өзбекстанның Ахунбабаев станциясындағы Ферғана мұнай өңдеу зауытына жөнелтіледі екен.

Мұнай артылған жүк вагондары негізінен Шымкент, Ақкөл арқылы келеді. Биылдыққа вагондардардан ешқандай ақау табылмаған. Арыс станциясынан келерде жіті бақылаудан өтеді.

Десе де, шағырлықтар вагоннан ақау шықпас үшін қосымша үстінен қарап шығады.

Бақытжан Арапбайұлы станцияда қазіргі кезде жарық түрлері тапшылық етіп тұрғанын айтады. Кеңес кезінен бері қолданылып келе атқан шамдарды жаңасына ауыстыру қажеттігі туындап отыр екен.

«Станцияда жарық түрі нашар. Кеңес кезіндегі прожекторлар бар. Бүгінгі талапқа сәйкес келмейді. Жалпы, станция бойынша 30 прожектор бар, соның он шақтысын ауыстыру қажет», – дейді станция басшысы.

Станция теміржолшылары, әрине, қауіпсіздікке бірінші кезекте мән береді. Ай сайын халықпен кездесу ұйымдастырып, тұрғындарға теміржолдың қауіпті екендігін, төрт түлік малына ие болуға, жолға шығып кетпеуін айтып ескертіп отырады.

Бақытжан Қарынтаев станция кезекшілері Қ.Ағабеков, Н.Нұржанов, Ж.Мергенбаев, Ғ.Сатынбеков, Ғ.Қарынтаев, пойыз құрастырушылар С.Бастарбеков, Д.Қалиев, оператор СТЦ Д.Абдикеримов, жүк қабылдап-тапсырушы Ғ.Амантаев, тауар кассирі С.Қожамұрат сынды теміржорлшылар еңбегін ерекше атап өтті. 

Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады