Техникалық сабақтың арқасында сақтық шаралары артты

Қауіпсіздік
13.09.2022, 10:06
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында қозғалыс қауіпсіздігімен тікелей байланыста еңбек ететін 30-ға жуық маман үшін кезекті техникалық сабақ өтті. Жол бойындағы қауіпсіздік тақырыбын теориялық тұрғыда талдаған дәріс қозғалысшылар үшін тиімді болғаны анық.

 Себебі, қауіп-қатері басым өндірісті жұмыс орнында қауіпсіздікті сақтау, сақтық шаралары күнделікті қимыл-қозғалыста ескерусіз қалып жататыны жасырын емес. Ал арнайы өтетін техсабақтарда ол тақырып теориялық тұрғыда жан-жақты талданып, сауатты әрекет ету, ширақ қимылдау ережелері егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Бұл адам санасының қабылдауына жағымды әсер ететіні және сақталып қалатыны айтылады.  

Техсабақ Ақтөбе станциясы басшысының техникалық жұмыстар бойынша орынбасары Арман Құрманиязовтың жүргізуімен өтті. Дәріс барысында техникалық процесс кезіндегі өзгерістер талқыланып, басты   ұстаным қызметкерлердің жеке бас қауіпсіздігі екендігі айтылды.  

«Мұндай сабақтар айына төрт рет болады. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша тақырыптары бекітілген арнайы жоспар бар. Әр айдың басында және соңында екі реттен 80 минут өтеді. Биылдыққа қауіпсіздіктің бұзылу оқиғасы болған жоқ. Бұл бүгінгідей дәрістердің нәтижесі деп білемін», – дейді Арман Құрманиязов.  

Техникалық сабақ әр тоқсанда жоспар бойынша өтеді. Оған станция кезекшілерінен бастап пойыз құрастырушыға дейін қауіпсіздікке жауапты қызметкерлер түгел қатысады.  

– Станцияда техникалық сабақтар сейсенбі, бейсенбі күндері айына 4 рет өтеді. Сабаққа барлық қызметкерлердің қатысуы қамтылады. Тек түнгі кезектен шыққандар демалуға жіберіледі. Сондықтан бір тақырып екі күн талқыланады. Бұл – түнгі кезекте болып, сабаққа қатыса алмаған теміржолшылар үшін жасалған жағдай. Ал практикалық сабақтарда сыртта бағыттамалармен жұмыс өтеді. Қандай бөліктерден тұрады, қалай өлшейді, қозғалыс кезіндегі ақауды табу, жіті бақылау, бұрамаларды бұрауға дейін көрсетіледі. Практикалық сабақ жоспарына сай алдағы күндері, мысалы, биыл қысқа жаңадан кіретін жас мамандарға арнайы сабақ өтеді. Жолда қар тазалаудың да өзінің тәртібі болады. Қалай тазалау керек, орны қалай қоршалады. Кімге ескерту керектігі, тағысын тағы жан-жақты түсіндіріледі, – дейді Ақтөбе станциясының инженер-технологы Айнұр Ақжанова.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды