Қараусыз мал мәселесі қашан шешіледі?

Қауіпсіздік
17.01.2023, 09:50
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей магистральдық желі бөлімшесі және Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі мен Досжан теміржолы басшылығы желі бойындағы қараусыз мал мәселесін жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп шешуге тырысуда.

Оның тетіктері облыстық әкімдікте НЖС-6 өкілдерінің ұйытқы болуымен өткен жиында нақтыланды. Басқосуға Семей магистральдық желі бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Азат Беркімбаев, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Қанат Әділханов, Семей станциясындағы ЖПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуаныш Балтақаев және «Досжан темір жолы» АҚ басшылығы қатысты. Сонымен қатар басқосуға желі бойындағы ауылдық округтер әкімдері мен шаруа қожалықтарының басшылары да арнайы шақырылды.  

Басқосуда әуелгі кезекте соңғы уақыттары жиі орын алып отырған жүк және жолаушылар пойыздарының шұғыл тежелу оқиғалары, қараусыз жайылған малдың теміржолға шығып кетуі кеңінен сөз болды. Бұл ретте полиция полковнигі Қуаныш Манатайұлы кеңінен мәлімет берді. Өткен жылы желі бойында локомотивтердің 130 шұғыл тежелу оқиғасы орын алыпты. Оның 126 фактісі желі үстіне шығып кеткен малдың кесірінен болып отыр. Досжан теміржолы басшылығы да өздері қызмет көрсететін 150 шақырым аумақты қамтитын Шар – Өскемен телімінде соңғы үш жылда мал басу оқиғалары артқанын айтып өтті. Өткен жылы 11 мәрте ірі қараны қағып кету фактілері тіркелген.  

НЖС-6 бастығының бірінші орынбасары Азат Санмұратұлы айтып өткендей, желі бойында мал қағу оқиғалары қыста да азаймай тұр. Мәселен, жуырда бір күннің ішінде жолаушылар пойызы 10 бас ірі қараны қағып өткен. Жалпы, мұндай жайттар әсіресе Жаңа-Семей – Дегелең, 1-ші разъезд пен Шөптіғақ станциялары арасында жиі тіркеледі екен. Әрине, теміржолшылар қол қусырып қарап отырған жоқ, арнайы қоршау орнатып, қауіптің бетін сейілтуде. Мәселен, биылғы жылы жоспардан тыс 100 шақырым аумаққа қоршау орнату көзделіп отыр. Алайда, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, әрбір шаруашылық өздеріне тиесілі аймақты өздері қоршауы тиіс. Жиында ірі қара түліктерін таңбалау мәселесі де көтерілді. Себебі, кейбір жағдайда пойыз қаққан малдың иесі табылмайды екен. Мәселен, өткен жылы 5 бас ірі қараның иесін анықтау мүмкін болмаған.  

– Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан айтарлықтай нәтиже болмай тұр. Желі бойындағы мал қағу оқиғалары әсіресе түнгі мезгілде орын алады. Ал күндіз жолшылар желі бойын күзетіп, жолға шығып кеткен малды өздері қайыруға мәжбүр. Сол тәрізді тепловоз машинистері де қырағылықты арттырған. Десек те, тек теміржолшыларға иек артпай, мәселені бірлесе отырып шешу қажет, – деген Азат Санмұратұлы бірқатар ұсыныстар айтты.  

Жиынға қатысушы шаруа қожалықтарының басшылары өз пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, бірнеше шақырым аумақты өз күштерімен қоршау оларға ауыр тиеді. Себебі, бір ғана бағанның бағасы – ең арзаны үш мың теңге. Бір шаруашылыққа шамамен 50-60 баған қажет. Ал электрлі үркіткіш аппараттың бағасы 500 мың тұрады. Бұл құрылғыны сымдарымен қоса өздері сатып алған жағдайда бағанаға көп қаражат кетеді. Сондықтан да шаруа қожалықтары «теміржолшылар тарапынан көмек ретінде қолданыстан шығарылған шпалдар берілсе» деді. НЖС-6 басшылығы егер шаруалар тарапынан нақты ұсыныстар түсер болса, бұл мәселені қарастыратынын жеткізді.  

Абай облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшылығы алдағы уақытта жүргізілетін іс-шараларды толықтай басты назарда ұстамақ.

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?