25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Су тасқыны кезінде тұрғындарды тасымалдау үшін 1 603 вагон әзірленді

Қауіпсіздік
25.01.2023, 11:49

Көктемгі су тасқынына қарсы 45 пойыз құрамы жасақталып, 61 мың адамды қауіпсіз жерге көшіруге шақталған 1603 вагон әзірленді. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жиын барысында министр Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа республикалық автомобиль және темір жолдарының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы баяндады.

Оның айтуынша, дайындық жұмыстары аясында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, орталық және өңірлік деңгейлерде комиссиялар құрылған. Бұл іс-шаралар жоспарларына су тасқыны қаупі бар учаскелер мен жол құрылыстарын анықтау және күнделікті тексеру, су тасқынына қарсы және авариялық жұмыстарды жүргізуге инертті және басқа материалдарды дайындау, жол жиектерін, жол құрылыстарын қар мен мұздан тазарту жұмыстарын жүргізу, су өткізгіш құбырлардың тесіктері мен арналарын тазарту жұмыстары кіреді.

Оған қоса тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, автожолдар мен жол құрылыстарына күнделікті қарау жүргізілуде.

«Су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақтылы ұйымдастыру үшін инертті және басқа материалдарды дайындау басталды. Қазіргі уақытта материалдардың дайындығы 50%. Атап айтқанда, 13 мың текше метр құм дайындалды, бұл жоспарлы қажеттіліктің 66% құрайды, 3 мың текше метр тас бұл 52%, 11 мың текше метр қиыршық тас - 42%,  244 мың литр жанар-жағар май - 38%. осы жылдың 15 ақпанына дейін қажетті материалдарды дайындау 100%-ға дейін жеткізіледі», – деді Марат Қарабаев.

Сонымен қатар ол ауа-райы жағдайына байланысты ақпан айынан бастап  

5 742 су өткізгіш құбырларды қардан тазарту жұмыстары жоспарланғанын айтты.

Министр су тасқыны кезінде пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасы ету бағытында да іс-шаралар қолға алынғанын жеткізді.

«Пойыздардың үздіксіз қозғалысын, жолдар мен жасанды құрылыстарды уақтылы дайындауды қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №957-ЦЗ бұйрығын бекітті, онда су тасқыны кезеңінде жол мен жасанды құрылыстардың сақталуын және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар көзделген. Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларының, агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексеру, сондай-ақ қиын жағдай туындаған кезде Төтенше жағдайлар бойынша облыстық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді ол.

Өткен жылдардағы тасқын суларды өткізу тәжірибесін талдау арқылы барлық өңірлер бойынша 673 қауіпті орынның тізбесі анықталған. Тасқын сулар өту кезеңінде тәулік бойы кезекшілік және анықталған қауіпті орындарды қарау ұйымдастырылмақ.

«Шойынтас пен рельс пакеттері, сондай-ақ кондициясыз темірбетонды шпалдары қарастырылған ағынға қарсы 45 пойыз құрамы жасақталып жатыр. 61 мың адамды эвакуациялауға шақталған 1 713 локомотив пен 1 603 вагон дайындалды. Сонымен қатар 84 өрт сөндіру пойызы мен қалпына келтіруге арналған кран, трактор және бульдозер сынды техникалар тұрақты дайындықта тұр. Қазір жол қашықтығы бойынша 2,4 мың текше метр  тас пен 8 мың кондициясыз темірбетон шпалдары дайындалды», – деді М. Қарабаев.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, ақпан-наурыз айларында температураның күрт көтеріліп, қатты жаңбыр болған жағдайда еліміздің бірақ бөлігінде су тасқыны болуы мүмкін.  

«Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді. Жоғары тәуекелдермен – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары. Орташа тәуекелді өңірлер қатарында Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары бар. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік және жергілікті органдар су тасқынына алдын-ала дайындық жасауы қажет», – деді З. Сүлейменова.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде