Байқау қорытындысы: Атырау жүк тасымалында 2 өндірістік жарақат тіркелген

Қауіпсіздік
02.11.2023, 10:43
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде  күзгі байқауды қорытындылау жиыны өтті.  Инфрақұрылымның, жылжымалы құрамның, инфрақұрылым мен өндірістік-техникалық нысандардың жай-күйі, қауіпсіздік және еңбек қорғау жағдайы, жұмысшылардың кәсіби дайындығы, т.т. сараланған жиынға барлық құрылымдық бөлімшелер, станция басшылары мен жауапты мамандар қатысты. 

Тексеру комиссиясының төрағасы, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры  Аслан Базарғалиевтің атап өткеніндей, өткен 9 айда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өндірістік жарақат алудың 2 жағдайы орын алған: бірінде жұмысшының аяғы тайып құласа, екіншісінде ит қапқан. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техниикалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық. Тексеріс кезінде бөлімше бойынша барлығы 336, магистральдық желі бойынша 1167 кемшілік анықталған. Желілік деңгейдегі басшыларға кемшіліктерді шұғыл жою және алдағы уақытта болдырмауға тапсырма берілді. Бас инженер Бауыржан Картанның мәлім етуінше, тексеріс барысында станциялар, вагон, локомотив деполарының басшылары тарапынан қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша лауазымдық міндеттері жеткілікті деңгейде атқарылмайды. Қызметкерлердің білім деңгейі, стандартты емес жағдайлардағы іс-әрекетке дайындығы төмен, нормативті-техникалық құжаттамалар дұрыс жүргізілмейді. Оның бәрі техникалық сабақтардың сапасына мән беру қажеттігін дәлелдейді.  

Қозғалыс шаруашылығы бойынша қауіпсіздікті сақтауда басшылық тарапынан бақылау төмендігі байқалады. Нормативті-техникалық құжаттамалар бойынша мамандардың білім деңгейі нашар, журналдар дұрыс толтырылмайды. Жалпы қай мекемеде де құжаттамаларды толтыруда үлкен кемшіліктер бар, осы олқылықты түзету керек. Кей станцияларда башмақтарды сақтау сапасы да сын көтермейді. Ганюшкино,  Атырау,   Ескене,   Сағыз станцияларында айлық кезінде жүк шаруашылығы қызметкерлеріне арналған жоспардан тыс техникалық сабақтар жеткілікті өткізілмеген. Жүктердің салмағын өлшеуде, көлемі үлкен жүктерді тасымалдауда да кемшіліктер тіркелген.  

Вагон шаруашылығында қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда да басшылардың жеке қатысу нормативтері жеткілікті деңгейде орындалмайды. Барлық жөндеу бөлімдерінде қосалқы бөлшектер жетіспейді. Депода пайдаланым жұмыстары бойынша жетекші-инженер лауазымының қажеттілігі туындайды. Жөндеу пункттерінде вагондардағы ақаулар анықталмай жатады (10 вагон пайланудан шығарылып, екі вагон қайта жөндеуге жіберілген). Техникалық сабақтар сапасына да көңіл бөлу қажет. Локомотив деполары бойынша да сондай жағдай: жеке норматив, техникалық білім, ТО-2 циклдық жұмыстар сапасының төмендігі (қайта жөндеуге 2 локомотив қайтарылған). Локомотив деполарының басшылары мен орта буын, нұсқаушылар тарапынан өздеріне қарасты мәселелер бойынша қажетті шешім алынбайды. Бөлімше бас ревизоры Жәнібек Көбеевтің баяндағанындай, машинист-нұсқаушылармен локомотив бригадалары құрамымен тәрбиелік-алдын алу жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмейді, машинист жұмысын бақылау төмен, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді ұйымдастыру және техникалық шаралар жүзеге асырылмайды. Атап айтқанда, жұмыс технологиясын, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырушылық және техникалық шаралар алу, цехтар мен учаскелерді тексеру, локомотивті жөндеу сапасын қадағалау, жылдамдықты реттеу лентасы мен кассетасының дұрыс көрсетуін тексеру, ТО-2 техникалық қызметінен кейін локомотивтердің жағдайын тексеру, т.б. мәселелер. «Қамқор Локомотив» мекемесінде қосалқы бөлшектер жетіспеушілігі әлі бар. Сервистік қызметтен кейін локомотивтер кепілді мерзімге жете алмай қалады. Еңбек қорғау бағытында станцияларда кеңсе жиһаздарын жаңарту қажет. Сондай-ақ станцияларда технологиялық толаскез аяқталғаннан кейін жолдарды қалдықтардан тазартып отыру, өрт қауіпсіздігіне мән беру қажеттігі айтылды.  

Белгі беру және байланыс дистанцияларында 229 кемшілік анықталған. Негізінен СОБ құрылғысын күтіп-ұстауда технологиялық процесс кестесін дұрыс сақтамау байқалған. Станциялардағы рельс шынжырлары, бағыттамалы бұрмалар, аккумуляторлар жұмысын тексеру сапасы Атырау, Аққыстау, Ганюшкино, Теңдік, рзд. 496 км, рзд Таскескен, Ескине, рзд.469, Құлсары НГ, Опорная станцияларында төмен болған. Атырау, Ақжайық, Құлсары дистанцияларында барлығы 575 дана апатты аккумуляторлар анықталған. Дистанцияларда техникалық құжаттамаларды толтыруды жіті қадағалап отыру қажет. СОБ-ты күтіп-ұстау және қысқа дайындық бойынша ең жақсы көрсеткіш Исатай, Афанасьево, Мұқыр, Жантерек, Мақат-дөңесалды паркі, Толтыр станциялары мен рзд 463-те байқалған.

Жол шаруашылықтарында жеті жүзден астам кемшілік анықталып, жолдардың сапасына сын айтылды және жол шеберлері мен жол бригадирлеріне жауапкершілікті арттырып, кемшілікті жою жүктелді. Электрмен қамту бойынша құрылғыларды технологиялық процесс талаптарына сай жабдықтап отыру қажеттігі, дистанция басшылығы жұмысты жүйелі ұйымдастыруға күш салу қажеттігі ескертілді.  

Жиын соңында аталған жайттар саралана келе, күзгі байқауда белгілі болған кем-кетікті қалпына келтіру жөнінде шешімдер қабылданды.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты