2023 жылы Астана жол дистанциясы бойынша малдың жолға шығуынан 46 рет шұғыл тежеу басылған

Қауіпсіздік
12.01.2024, 10:30
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жолшылар үшін күн тәртібінен түспейтін мәселе – пойыз жолына иесіз жайылған мал шығып кетіп, қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіруі. Жол дистанциялары үшін нағыз «бас ауруға» айналып отырған келеңсіздікпен күрес жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі.

Астана жол дистанциясының аумағына қарайтын теміржол бойында да жолға жақын ауылдардың тұрғындары малын далаға емін-еркін жайылуға жіберіп қоя береді. Теміржолдың кез келген жерінен малдың кесіп өтуі жылжымалы құрам үшін қауіпті әрі үлкен шығын екенін қаншама рет айтса да тұрғындар құлақ асар емес. Жол дистанциясы басшылығы ауылдың жергілікті билік өкілдеріне де хатпен шығып, осы мәселені реттеуін сұраған. Бірақ жағдай өзгермеді.  

– Қараусыз малдың жолға шығып кетуінің басты себебі теміржол бойында мал жаю ережесінің өрекел бұзылуынан. Соңғы кездері әсіресе ірі қара мал басу оқиғалары жиілеп кетті. Қай-қайсысы да болсын жолаушылар мен жүк пойыздарының қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, адамдар өмірі мен денсаулығына қатер төндіруде. Одан бөлек мал басу кезінде локомотивтерге де зақым келіп, жол төсеміне де залал келтіріледі, – дейді Астана жол дистанциясының бас инженері Төленді Шапшекеев.  

Айтуынша, тек Астана жол дистанциясы бойынша ғана 2023 жылы жолға мал шығып кетуіне байланысты локомотивтердің 46 рет оқыс тежеу беруіне тура келген. Соның ішінде 28 оқиғада малды пойыз басқан, 22 малдың иесі табылып, оларға әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылған. Ал қалған 6 малдың иесі табылмаған. Тағы 9 оқиғада пойыз жабайы жануарларды басып кеткен. 9 жағдайда локомотив бригадасы малды баспай оқыс тежеу беріп үлгерген. Мал басу оқиғаларының 36-сы Астана – Бурабай курорты аралығындағы болса, Астана – Жайнақ аралығында 1 оқиға, Астана – Қарағанды арасында 9 жайт болған.  

– Теміржолға жақын ауыл тұрғындары арасында мал жаюға байланысты профилактикалық жұмыстарды жаңа жылда да бастадық. Жергілікті әкімдіктердің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы да оларды көріп, оқып отыратын халыққа малды қараусыз қалдыру салдарының қандай болатыны туралы ақпараттар береміз, – дейді бас инженер.  

Сонымен қатар Бурабай – Астана телімінің 273-489 шақырымына, Жайнақ – Астана телімінің 783-805 шақырымына және Қырқыншы – Анар аралығындағы жолдың 507-586 шақырымына жақын елді мекендер мен ондағы жайылым жерлердің, мал шаруашылығы және шаруа қожалықтарының тізімін анықтау ұсынылып отырғанын жеткізді. Және де ветеринарлық қызметке фермерлердің, ауылшаруашылық кәсіпорындарының малын идентификациялауды міндеттеу мәселесі көтерілуде екен. Бұл мал иесін тез анықтау үшін қажет.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды