Профилактикалық шаралар нәтиже бермей отыр

Қауіпсіздік
11.11.2024, 13:10
Оқуға 3 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ғасырдан астам уақыт бұрын іргесі қаланған теміржол магистралі Сыр бойын көктей өтіп, барлық аудандардың үстінен өтеді. Болат табанды жолмен ерсілі-қарсылы зулап жатқан сансыз құрамдардың қауіпсіз қозғалысы қашан да маңызды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қауіпсіздік департаментінің Қызылорда учаскелік ревизорлар аппараты батысы Арал теңізіне дейін ұласып жатқан, оңтүстікте Түркістан станциясына дейінгі теміржолдағы қозғалыс  қауіпсіздігін тәулік бойы бақылауда ұстайды. Бас ревизоры Алмат Молдашев жыл басынан бері 671 тексеру жүргізіліп, 7364 кемшілік табылғанын мәлімдеді.    

Қызылорда ЖТ және Магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты шаруашылықтарда биылғы жылдың 10 айында жұмыс барысында 2 оқыс оқиға тіркелген. Жылдың басы 24 ақпанда Қазалы станциясында маневрлік қозғалыс кезінде тыйым салу бағдаршамнан өтіп кету салдарынан нөмірі 73024234 вагоны рельстен тайып кеткен. Ал жуырда 10 қазан күні Қазалы қалпына келтіру пойызының ЕДК-500 кранының да рельстен тайып кету оқиғасы тіркелді. Сонымен қатар 1 инцидент – 1 тамызда Бірқазан станциясының 3-ші жолындағы  бағдаршамның көрсеткіші кенеттен қызылға ауысып, 1275 нөмірлі жүк пойызы тоқтамай өтіп кету жағдайы орын алған. Былтырғы жылдың 10 айында да 2 оқыс оқиға мен 3 инцидент орын алған, биыл 2 инцидентке болса да азайған.      

–  Жыл басынан бері 671 тексеру жүргізіліп,7364 кемшілік табылды. Нәтижесінде 76 рет тепловоз, 128 рет жүк вагоны, 14 рет жолаушылар вагоны кінәраттарына байланысты ағытылды. 65 рет жол қауіпсіздігіне қатер төнгесін жол бұрмаларында, 21 рет станция жолдарында, 3 рет қабылдап-жөнелту жолдарында, 1 рет бас жолда, 17 рет кірме жолдарда пойыздар қозғалысы үшін жол жабылды. 43 станция жолдарында, 110 рет жол бұрмаларында қауіпсіздік мақсатында пойыздардың жылдамдығы азайтылды. 59 рет өткізілген айлық аясында жолдар мен бұрмалар сапасыз тексерілгені анықталып, қайта өткізуге пәрмен берілді. 71 рет технологиялық үдеріс кестесі сапасыз орындалғаны анықталып, қайта өткізуге тапсырма берілді, 33 рет құралдардың сапасыз жөнделгені анықталып, қайта өңдеуге жіберілді. 40 жағдайда мамандардың техникалық білімі өз деңгейінде емес екендігі анықталып, тиісті шаралар алынды. Міне, осындай жұмыстар өз нәтижесін беріп, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына әсерін тигізуде, – дейді бас ревизор Алмат Молдашев.

Осы жылдың 10 айында бөлімше бойынша пойыздар қозғалысында басқа еншілес мекемелердің кесірінен жол қауіпсіздігін бұзудың 46 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 оқыс оқиға – кірме жолдарда вагондардың рельстен тайып кетуі, 28 рет пойызға берілген тепловоздарды ақауына байланысты жол үстінде ауыстыру, 3 жағдайда пойыздардың жол үстіне шыққан бөгде адамдарды басу оқиғасы, 2 рет вагонның ағытылуы, 1 рет өздігінен ағытылуы және пойыздардың 1 сағаттан артық тұрып қалуы 2 рет орын алған, сонымен қатар 42 рет пойыздардың мал басу оқиғасы тіркелген.

2023 жылдың 10 айымен салыстырғанда пойызар қозғалысында  қауіпсіздіктің бұзылуы 9 жағдайға (37ден 46-ға) көбейіп отыр. Мұнда әрине пойыздар қозғалысында жүк және жолаушы тасымалының артуының да әсері бар, десек те, ревизорлардың айтуынша профилактикалық шаралардың өз деңгейінде нәтиже бермей отырғаны да жасырын емес.    

 

 

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды