Айыппұл мөлшері артты

Қауіпсіздік
15.04.2025, 09:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ екенін теміржолшылар құқық қорғау органдары өкілдерімен бірлесіп, халық арасында және көлік жүргізушілеріне түсіндірумен келеді. Десек те, бұл үгіт-насихат жұмыстарына құлақ аспайтындар әлі де жетерлік.

Ендігі жерде жол ережесін бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшерінің өсуі қауіпсіздіктің сақталу деңгейін арттырады деген үміт бар. 2025 жылғы 10 қаңтарда ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны белгілі.  

Таратып айсақ, 559-бапқа сәйкес айыппұл санкциялары келесі іс-әрекеттерге қатыс - ты күшейтілген. Айталық, ат арба немесе шаналардың жүру және темір жол арқылы жануарларды өткізу қағидаларын бұзу, сондай-ақ темір жолға бөлінген белдеуде мал жайған жағдайда – (2025 жылға АЕК 3 932 теңге болған кезде) айыппұл 5 АЕК немесе 19 660 теңгені құрайды. Осы бапта ескерту бойынша әкімшілік жаза алынып тасталынған. Сондай-ақ бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін айыппұл 10 АЕК (39 320 теңге) құрап отыр.  

Белгіленбеген орындарда темір жолды кесіп өту айыппұлы 3 АЕК (11 796 теңге) құрап отыр. Егер бұл іс-әрекет бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл 5 АЕК немесе 19 660 теңгені құрамақ. Бұл жазалау шарты заңға бірінші рет енгізіліп отыр. Мұнда да ескерту ретінде әкімшілік жаза алынып тасталынған.  

Темір жолдағы өзекті мәселенің бірі – бұл өткелде орын алып жататын жол-көлік оқиғалары. Бұл өз кезегінде пойыздарды шұғыл тежегіш қосып тоқтатуға әкеледі. Жолкөлік оқиғаларына негізгі себеп автокөлік жүргізушілерінің ескерту белгілері мен сигналдарды елемей, қауіпсіздік қағидаттарын өрескел бұзуы болып отыр.

Осыған байланысты 607-бапқа сәйкес, өткелден тыс жолдарды кесіп өткен жағдайда жабық шлагбаум немесе тыйым салу сигналы жанып тұрғанда өткелге шықса, сондай-ақ өткелде тоқтауды қоса алғанда, теміржол өткелдерінің жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл екі есеге 20 АЕК-ке, яғни 78 640 теңгеге дейін ұлғайтылған.  

Мамандар бұл бапта алғаш рет жол ережесін бұзу көлік құралдарына немесе мүлікке зақым келтірген жағдайда тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы енгізілгенін айтып отыр. Иә, айыппұл мөлшері өсті. Ендігі жерде ереже бұзатындар саны да азаяды деген үміт бар.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды