Жамбылда пойыз бен көліктің соқтығысуы жиілеп кетті

Қауіпсіздік
23.09.2025, 08:51
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Соңғы уақытта темір жол өткелдерінде жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Өткелдердегі қауіпсіз жол қозғалысы – ортақ мәселе. Десек те, жүргізілген сараптамалық талдаулардың қорытындысы, көптеген жол-көлік оқиғаларының орын алуына жеңіл автокөлік жүргізушілерінің асығыстығы себеп болғанын көрсетіп отыр. Бұл шұғыл түрде бірлескен алдын алу шараларын қабылдаудың қажет етеді.

Осыған байланысты Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарының басшыларына арнайы хат жолдап, өткелдердегі апат оқиғаларын азайту, автокөлік пен пойыздардағы жолаушылар өмірін сақтап, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бірлесіп шешуді ұсынып отыр.  

– Көп жағдайда келеңсіз жайттардың орын алуына автокөлік жүргізушілері кінәлі. Мәселен, екі-үш жыл бұрын Шу – Тараз учаскесінің Тәтті – Қорағаты станциялар аралығындағы 3674 шақырым ПК 8-де орналасқан теміржол өткелінде «Ауди-100» маркалы автокөлігі жүк пойызымен соғысып қалған. Тексеру қорытындысында жүргізушінің бағдаршамның тыйым салушы қызыл түсі жанып тұрғанына, локомотивтің өткелге жақын келіп қалғанына қарамастан, темір жолды кесіп өтпек болған жауапсыз әрекеті салдарынан 6 бірдей жолаушы қаза тапты. Ал биыл 7 маусымда Шу – Тараз учаскесінің Аспара – Шу екі аралығының 3730 шақырымындағы 1-пикетінде жолаушылар пойызы апатқа ұшырай жаздады. Қырағылық танытып, дер кезінде тежегішті басып үлгерген электровоз машинисі қауіптің алдын алды, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мейрамбек Кенжебаев.  

Оқиға былай болыпты. Пойыздың жақындап қалғанына қарамай, жолды кесіп өтпек болған трактордың тіркемесі тура өткел үстінде ағытылып кетеді. Бұл сәтте №34 жолаушылар пойызы өткелге жақындап қалған болатын. Машинист трактор тіркемесіне 2-3 метр қалғанда локомитивті шұғыл тоқтатып үлгереді. Ал болуы ықтимал апатты жағдайды туындатқан трактор жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.  

Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, темір жол өткелдерінде автокөлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері жиі тіркелуде. Көлік жүргізушілері күзетілетін өткелдерде бағдаршамның тыйым салушы қызыл түсінің жанғанына да, локомотивтің жақындап қалғанына да қарамай, шойын жолдан өтіп кетуге тырысады.  

Жақында тағы бір жағдай биылғы 2 қыркүйекте кешкі 19.33-те Тараз – Жаңатас учаскесінің Аса – Жұма станцияларының аралығындағы 34 шақырым ПК4-де орналасқан теміржол өткелінде тіркелген. «ТЭМ 2У» тепловозінің машинисі локомотивті шұғыл тоқтатуға тырысқанымен, инерциямен келіп, «Альфард» автокөлікпен соқтығысады.  

– Пойыз – жеңіл автокөлік емес. Тежегішті тартқанымен, екпінімен бірден тоқтай алмайды. Автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, «Жол жүру» ережесінің 116 -пунктіндегі 1-қосымшасында көрсетілген 2.5 жол белгісіне тоқтамаған. Тепловоздың жақын келіп қалғанына қарамастан, темір жол өткелінен өтіп кетуге тырысқан. Жүргізушінің қателігінен 6 жолаушы жарақат алып, бір адам қайтыс болды.  

«Жалпы Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты барлығы 70 өткел бар. Облыс әкімдігіне апатты жағдайлардың алдын алу үшін осы өткелдердің ішінде Тәтті – Қорағаты станциялар аралығындағы 3674 шақырымның 8-пикетінде, 3730 шақырымның 1-пикетінде, Тараз – Талас аралығындағы 3515 шақырымның 7 пикетінде, 3535 шақырымның 4 пикетінде, Тараз – Бурыл аралығындағы 4 шақырымның 1 пикетінде, 5 шақырым 1-пикетінде, Тараз – Қүмшағал аралығындағы 3505 шақырым 1 пикетінде, Сұрым – Боранды арасындағы 3445 шақырым 10-пикетінде, Жамбыл өңірінің шекараларында орналасқан темір жол өткелдерінде жүргізушінің жеке басын анықтайтын «SERGEK» үлгісіндегі бейнебақылау камераларын және теміржол өткелдеріне келетін жолдарға жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмау керектігін ескертетін шектеу белгісін орнатуды ұсындым. Бұл қадам – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілердің жауапкершілігін арттырары сөзсіз, – деп түйіндеді сөзін бөлімше басшысы.  

 

Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд