Адам өмірі бәрінен қымбат

Қауіпсіздік
20.02.2026, 09:12
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы екі жылда Маңғыстау темір жолының Үстірт және Боранқұл станцияларында пойыздың адам басу фактісі тіркелді. Екі жағдайда да бөгде адамдар, жолға шығып кетіп, біреуі сол сәтте ажал құшса, екіншісі екі аяғынан айрылған.

Міне, осындай оқиғалардың алдын алу үшін теміржолшылар халықпен түсінік жұмыстарын жүргізуге баса назар аударып отыр.  

– Соңғы кездері Маңғыстау өңірі бойынша адамдардың темір жолға шығуы жиілеп кетті. Көбіне жас балалар жүреді. Әңгіме жазалауда емес, адам өмірін сақтауда. Адам өмірі бәрінен қымбат. Осы бағытта аудан әкімдіктері, желілік полиция бөлімімен бірлесіп тұрғындармен және мектеп оқушыларымен талай кездесу ұйымдастырдық. Жолдың қауіпті аймақ екендігін және арнайы жаяу жүргіншілер өтуге арналған өткелден өткенде де абай болу, арнайы ережелерді сақтауды ескерттік. Ауылдарды аралау әлі де жалғасуда. Бүгінге дейін бірқатар мекемеде болып, бейнеролик, суреттер, көрнекілік құралдарымен тақырыпты тереңірек ашып, барынша ашық мағлұмат беруге тырыстық.

 «Жаяу адам өткелі», «Сақ болыңыз!», «Темір жол – қауіпті аймақ!», «Пойыздан сақтан!» «Ата-аналар, қауіпті аймақта баланы қараусыз қалдырмаңыз!» деген баннерлерді барлық жерге іліп қойғанбыз, – деген жол шаруашылығы ревизоры Бисембай Жалмұқановтың айтуынша, алдағы уақытта осы бағыттағы кездесулерді теміржолға жақын Болашақ ауылының №10, Теңге ауылының №17 орта мектептері мен Жаңаөзен қаласының №5 гимназиясы, Қарақия станциясындағы және Боздақ бекетіндегі бастауыш мектептеріне, Шетпедегі №2, №1 білім ордаларына, Жетібай станциясында №5, Маңғыстау станциясындағы №1, №5 мектептерде өткізу жоспарланған.  

Сондай-ақ ревизорлар теміржол өткеліндегі соқтығысудың алдын алу үшін автокөлік жүргізушілерімен де профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Маңғыстау-Жаңаөзен аралығындағы 13-шақырымның өткелінде жол-көлік оқиғасы жиі тіркелетін көрінеді. Көлік жүргізушілері жол ережесін сақтамай, сол баяғы «үлгеріп өтіп кетемін» деген пәлсапаның құрбаны болатыны айтпаса да түсінікті. Теміржолшылар Жол полициясымен бірігіп рейдтерге шығып, өткелдерде ауқымды профилактикалық жұмыстар жоспарлап отыр.  

 

Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты