Маңғыстау теміржолында өртке қарсы тексеріс кезеңі басталды

Қауіпсіздік
03.04.2026, 09:15
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Көктем келіп, күн жылынды. Маңғыстауда енді бір аз күнде жаздың күніндей ыстық басталып кетуі ғажап емес. Сондықтан кейбір қызметтер қырағылықты күшейтіп, теміржолға дала өртінен төнетін қауіптің алдын алуда.

«ҚТЖ»ҰК» АҚ Маңғыстаудағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Қайырхан Таласовтың айтуынша, сәуір айы кірісімен өртке қарсы жұмыстар күшейтілді. Өртке қарсы қызмет өкілдері тепловоздармен телімдерді аралауға шығып, жол жиектерінің құрғақ шөптерден тазартылуы, өртті туындататын себептердің болмауы тексерілуде.  

– Өртке қарсы қауіпті кезең сәуірден қазан айына дейін созылады. Сондықтан біз бұл кездері бақылау мен тексерістерді де күшейте түсеміз. Жалпы, жаз мезгіліндегі дала өрттерінің алдын алу бағытында істелетін жұмыс көп. Желі бойымен жүріп өтіп, жол бойын бақылап, жол жиектерінің тазалығын қараймыз. Станция маңын, парктерін аралаймыз. Аймақта орман, тоғайлар жоқ, сондықтан бізге жол жиегін жырту қажет емес. Тек өртті болдырмау үшін жол бойындағы ағаш шпалдардың, ағаш бағаналардың түбі қопсытылып, шөп-шаламның болмауы, тазалығы қадағаланады. Кемшіліктер анықталса акті жасалып, орындалу мерзімін көрсетіп, мекемелерге жолдаймыз. Орындалысы тағы да тексеріледі. Көктемгі байқау барысында да бұл жұмыстар қоса атқарылады, - деген Қайырхан Таласовтың сөзіне сүйенсек, мекеме өрт қаупінің алдын алу бағытында биылғы бірінші тоқсанда жалпы саны 553 тексеріс жүргізген. Тексерістер саны өткен жылғы салыстырмалы мерзімдегіден үш есеге артқан. Оның басым бөлігі нысандарға, бестен бір бөлігі автокөліктерге қатысты болған. Сондай-ақ, жүк вагондарына -138, арнайы жылжымалы құрамаларға - 48, локомотивтерге - 21, қызметтік-техникалық вагондарға -12, жолаушылар вагондары - 4, релелік шкафтарға 6 тексеріс өткізілген.  

– Нысандар мен құрылымдардың өртке қарсы жұмысын қарап, бақылаудан өткізу барысында 173 бұзушылықты анықтадық. Көбі нысандарға қатысты кездесті. Дегенмен бұл кемшіліктердің кейбір түрлері өткен жылғы салыстырмалы мерзімдегіден азайған. Мысалы, былтыр нысандар бойынша 144 бұзушылықты тіркеген болсақ, биыл -138. Сол сияқты байқағанымыз, қызметтік техникалық вагондарда да өткен жылғыдан бір дерекке болса да қысқарған, – дейді Маңғыстаудағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы.  

Оның айтуынша, ғимараттар мен техникаларда және өзге де құрылымдарда анықталатын өрт қаупін тудыруы мүмкін кемшіліктер әртүрлі. Яғни бұл бұзушылық өрт сөндіргіштерде, автоматты өрт сөндіру құрылғысында, автоматты өрт дабыл қаққышта, тоқ және жылыту, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінде, апаттық шығу жолдарында түрлі деңгейде кездеседі екен.  

Осы тіркелген кемшіліктерді болдырмай, өрттің алдын алу үшін өртке қарсы қызмет өкілдері жеті жүзге жуық теміржолшылар мен сала қызметкерлеріне нұсқама өткізген. Бес рет арнайы сабақ ұйымдастырып, тағы да жүз елуге жуық маманға өрт қауіпсіздігінен түсінік берілген. Үш айда үш оқу-жаттығу жүргізіп, дайындықты пысықтаған. Ең бастысы өткен уақыт ішінде бірде бір өрт жағдайы тіркелмеген.  

 

Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді