Жамбылдық теміржолшылар қауіпсіздік шараларын пысықтады

Қауіпсіздік
10.04.2026, 09:01
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалы және Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында әкімшілік ғимаратта сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Филиалдардың бас инженерлері Дүйсенбек Сыдықов пен Дастан Садықов жаттығу барысында мекеме қызметкерлерін ғимараттан қауіпсіз жерге шығару іс-қимылдарына жетекшілік етті.  

– Жамбыл жері сейсмикалық қауіпті аймақтар қатарында. Өткен апта соңында оңтүстік өңірлер – Қызылорда, Түркістан және біздің облыста қуаты 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жыл ішінде қуаты әртүрлі зілзала бірнеше рет қайталануы мүмкін. Сондықтан, төтенше жағдай кезінде қызметкерлердің практикалық дағдыларын пысықтау, сондай-ақ хабарлау жүйелерінің дайындығын және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды тексерудің маңызы бар. Жаттығу кезінде қызметкерлерді уақытылы хабардар ету, ғимараттар мен құрылыстардан эвакуациялауды ұйымдастыру, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша іс-шараларды пысықтадық, – дейді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының бас инженері Дүйсенбек Сыдықов.  

Оқу-жаттығуға қос филиалдың директорлары Айдын Сеитбенбетов пен Мейрамбек Кенжебаев қатысып, қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі дайындық деңгейін тексерді. Эвакуациялық жоспар бойынша мамандарды қауіпсіз жерге көшіру барысын бақылап, тиісті нұсқаулар берді.  

Жамбыл жол бөлімшесінде мұндай оқу-жаттығулар жоспарға сай өткізіліп тұратындықтан, жаттығудың барлық қатысушылары бекітілген нұсқауларға сәйкес әрекет етті және дайындықтың қанағаттанарлық деңгейін көрсетті. Ықтимал төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етіп, тіпті қажет жағдайда бастапқы медициналық жәрдем берді.  

Жаттығу барысында жалпы іс-қимылға қатысты ескертулер мен ұсыныстар да айтылды. Ескертілген кемшіліктер қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ескерілетін болды.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті