Бекетте түсіріліп әлемге танылған туынды

Темір жол тарихы
14.12.2022, 15:25
Суреттер Жанабектің авхивінен
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бекетте түсіріліп барша әлемді мойындатқан,  бірнеше елде жүлде иеленген «Дүниежарық» («Записки путевого обходчика») көркем фильмнің негізі Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Байқожа бекетінде Жанабек Жетіруов (фильм авторы кино әлеміне Жанабек есімімен танылған) 1996 жылы түсірген «Записки путевого обходчика» атты деректі фильмі екенін көпшілік қауым білмеуі мүмкін. Режиссер мектептен кейінгі еңбек жолын осы Байқожа бекетінде жол жөндеуші, вагон қараушы, байланыс операторы секілді теміржол саласында кәсіби сатыдан өткен. Теміржолшы бола жүріп туған жері жайлы деректі фильм түсіру ой-арманы білім іздеп жоғары мектепке барғанда жандана түсіпті. Кезекті бір демалысында Байқожа бекетіне демалысқа келіп ауылдас, теміржолшылармен кездескенде сәті түсіпті, оған қажетті қаржылық көмектің де сол мезет сәті түсіп қарапайым камерамен, ветакам кассетіне таспаға 1996 жылы түсіріліпті. Ал арада он жыл өткенде көркем фильмге ауысып,  көрерменнің көзайымына айналыпты.

Арадан бірнеше жыл өткенде осы деректі фильмнің негізінде түсірілген «Дүниежарық» («Записки путевого обходчика») көркем туындысы әлемдік киносүйер қауымды, киносыншыларды мойындататынын ешкім болжап білген емес еді. Біз бүгін көрермендерден жоғары бағасын алып, әлемді мойындатқан көркем туынды жайлы ойды көрерменнің назарында қалдырып, салаға қатысты, Қызылордалық теміржолшылардың, оның ішінде жолшылардың бір сәттік өмірі жайлы түсірілген «Записки путевого обходчика» деректі фильмі, бас кейіпкер жолшылар Тұрар Аяповпен, әкесі Мыңтай қария мен туынды авторы Жанабек Ибайраханұлы жайлы пікір өрбітпекпіз.  

Жетіруов Жанабек Ибайраханұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, танымал кинорежиссер, сценарист және продюсер. Оның еңбектері әлемдік киноматографиялық конкурстар мен фестивалдарда лайықты бағаланып, жүлде алған.

Алғашқы сөзді Жанабектен бастасақ. Аймақта осындай туындының түсірілгенін естіп Байқожалық теміржолшы Тұрардан шын мәнінде деректі фильмнің бекетте түсірілігенін, оған негізгі кейіпкер ретінде әкесі Мыңтай қария екеуі түскенін, Қазалы жол дистанциясының Байқожа телімінде жұмыс жасайтын теміржолшылар, жолдың бабын тексеретін диагностикалық кешенді машинасының жұмысының да фильмге арқау болғанына қуандық. Дегенмен деректі фильм көркем туындыға айналарда оған атақты актер Нұржұман Ықтымбаевтың және танымал актерлердің шақырылып түсірілгенін, тек бас кейіпкер Тұрардың әкесі Мыңтай қарияның есімі сақталғанын білдік. Ал бекетте түсіріп, фильмнің әлемге танылуына себепкер болған кинорежиссер Жанабекпен телефон арқылы сөйлескенімде деректі фильмнің Байқожа бекетінде, студент кезінде түсіргенін, оған басты себеп Сыр бойы теміржолшыларының өмірін суреттеу үшін Қазалы жол дистанциясының Байқожа телімінде жолшы болып жұмыс істейтін Тұрар мен әкесі Мыңтайды таңдағанын белгілі болды.  

– Жолдың бабын жасау оңай шаруа емес. Ол темірден жасалған, сондықтан оның бабын оны өлшеуге арналған арнайы құралмен өлшеп-пішу керек... Баланың қалауымен әкенің ұстанымы кейде сәйкес келе бермейді. Ал көнекөз қариялар жол төсеміне қарап отырып-ақ жолдың бабын қалай жасау керектігін сезініп, қауіптің алдын алып отырған. Кейде жолдың жайын арнайы машиналармен тексеріп өлшесе, қария рельске шығып, шпалдарды басып кейде жолаушы пойызына мініп жүріп-ақ қай маңда қандай кемшілік барын сезіп, анықтайды. Деректі фильмде осы жағдайлар анық, нақты, дәл көрсетілуімен де туындының құндылығы басым. Осындай туынды түсіріп, аймақтың атын әлемге танытқан Жәнібекке алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді кешегі деректі фильмнің кейіпкері бүгінде сала зейнеткері Тұрар Аяпов.

Фильмге арқау болған Мыңтай қарияның өзі әкесінің жолын жалғастырған теміржолшы болса, баласы Тұрар да әке жолын ұстанған әулет өкілі. Дегенмен 75 жасында қос жанарына айрылған Мыңтай қарияның бригадир баласы Тұрарға жолшылық жұмысының қыр-сырын үйрету үшін көмектесуге мәжбүр болуы. Көзі көрмей қалса да көкірек көзі ашық Мыңтай қарияның жолдың кемшілігін дәл табатын кәсіби шеберлігімен баласына көмектесіп, жұмысқа баулуы шебер суреттелген.

«Записки путевого обходчика» деректі фильмі бар өмірін теміржолдың өркендеуіне арнаған жол бригадирі Мыңтай қарияның зейнетке шыққаннан кейін теміржол жиегінде шөп орып жүруінен басталып, баласы Тұрарға жолшы болудың сырын үйретуімен, жолдың кемішіліктерін қалай анықтау керектігін көрсетуімен жалғаса береді, жалғаса береді...

– Көнекөз қариялардың өмірі біздер үшін үлгі-өнеге. Олар көп нәрсені алдын-ала біліп, бағамдай алатын қуатқа ие. Ал, теміржол саласының, оның ішінде жолшылардың тыныс-тіршілігін, онда жұмыс жасаған дана қариялардың өмірін суреттеуге арналған деректі фильм өз деңгейінде оларды бағалай білді. Ал, көрермен де фильм бағасын берді... Мен теміржолшылардың отбасында өстім. Таңертең теміржолдың тарсылымен, пойыздың ышқынған дауысымен оянып, кешке тағы да осы тарсылмен ұйықтайтынбыз. Көз ашқаннан көргеніміз де, дүниеге көзімізді ашқан да – теміржол. Теміржол – шағын бекет тұрғындарының мынау жарық дүниедегі жалғыз ермегі болатын. Теміржол арқылы дүниенің кең екенін, бізден басқа да дүниеде адамдар тұратынын, олардың бізге қарағанда өсіп-өркендегенін осы теміржол арқылы таныдық. Қазақтың басына күн туған кезде құтқарған да теміржол. Ұлан-ғайыр қазақ даласын жалғастырып, байланыстырып жатқан да теміржол. Теміржол-күретамыр, айналып жатқан қан. Бірақ, әкем Ибайраханның кәсібіне деген құрметім болғанмен, теміржолдың алдында алған міндетім жоқ еді. Сонда да болса бұл фильмде ойымды аздап қана жеткізуге мүмкіндік болды. Айналдырған алпыс минутта не айтасың? Бас кейіпкеріміз-шал кісі. Аты да жоқ өзінің. Ат қойсам жеке тұлғаға айналар ма еді? Шал күллі теміржолшылардың жиынтық образы ғана емес, ол қазақы мінездің, адамгершіліктің, мейірімділіктің, адалдықтың өзі, – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанабек, 2007 жыл «Айқын-апта» газетіне берген сұхбатында. Айгүл Аханбайқызы.

Ия, деректі фильм шын мәнінде бағаланып әлемнің бірнеше кинозалында көрсетілген, құрметке бөленіп, жүлдеге ие болған. Бұл кинорежисер Жанабек Жетіруовтың, Байқожа жолшыларының, аймақ теміржолшыларының өмірі, тыныс-тіршілігінің айнасы әрі мақтанышы.

Енді «режиссерлардың арасындағы жалғыз теміржолшы, теміржолшылар арасындағы жалғыз режиссер» деген әріптестері арасында Жанабек Жетіруов түсірген туындыға берілген бағаларға тоқталсақ: кейбір деректер сол қалпында өзгеріссіз алынды.

...Дебютный фильм молодого режиссера Жаныбека Жетируова «Записки путевого обходчика» в конце 2006 г. в Турине (Италия) был удостоен одного из самых престижнейших призов кинофестиваля-приза ФИПРЕССИ. Международной ассоциации кинокритиков. Возглавил жюри ФИПРЕССИ журналист «Чикаго Трибьюн» Питер КЕОУХ. Он же написал статью о казахстанском фильме, которую мы и предлагаем вниманию читателей нашей газеты. Другие члены жюри-француженка Флореал Пелеато, англичанин Рич Клайн, Магда Михалеску из Румынии и итальянка Кристина Патерно-также поддержали этот фильм и отдали за него свои голоса.

...Дебютная игровая картина Жанабека Жетируова «Записки путевого обходчика» на III Международном кинофестивале «Евразия» в Алматы получила Гран-при в Центрально-Азиатском конкурсе. Принимая награду, режиссер говорил о том, как легко снималась картина, что люди работали бесплатно и вот надо же-сразу приз взяли, и это стимул дальнейшей творческой жизни. Светлана Хохрякова

...«Дүниежарықта» ғажап бір эпизод бар... Қалбалақтаған соқыр шал теміржол ойымен келе жатады. Көңілсіз. Қабағында болар-болмас кірбің бар. Сырт пішіні соқыр болғанымен ішкі әлемі ұшан-теңіз. Сол соқыр шал теміржол бойындағы шағын бекеттің, не шағын ауылдың ғана тағдырын ойламайды. Күллі әлемнің тыныштығын тілейді, мына жолмен арлы-берлі жүйткіп өтетін жолаушы пойыздарының амандығын тілейді. Соқырлығына қарамай жолдың кейбір ахаулы тұстарын да сезе қояды, көкірек көзі ояу... Осы бір теміржол бекетіндегі қайнаған тіршілік Жаңабектің жүрегіне жақын, тақырыптың ешбір тосындығы жоқ. Бәлкім, сондықтан да фильм табиғи күйінде түсіріліп, көрермен жүрегіне жол тапты. Яғни, туынды жүректі бір дір еткізуге жарады. Үлкен олжа осында, – деп баға берген Қуаныш Жиенбай.

«Большой интерес вызвал документальный фильм «Записки путевого обходчика» (1996 г.), созданный на средстве фонда «Сорос-Казахстан». Известный кинодокументалист Леонид Гуревич, увидев эту картину, сразу выделил ее автора как творчески одаренного, талантливого человека. Впервые Ж. Жетируов выступил в этом фильме в нескольких ипостасях - как автор сценария, режиссер, оператор, звукорежиссер.

Фильм этот о бывшем железнодорожном обходчике, который вышел на пенсию и в 75 лет окончательно ослеп. Но старику не сидится дома: то косит траву, то колодец копает, то по привычке ездит с сыном, тоже путевым рабочим, в поезде. Слепой, он по стуку колес определяет состояние железнодорожного полотна и советует сыну, где провести ремонтные работы. Но ему не верят. Главная идея фильма: кто умнее-человек с его интеллектуальном и интуицией, многолетней практикой или бездуховная машина, которую он придумал?»-деп бағалапты сценарист, документальды кино редакторы, ҚР киноматогрофистер одағының мүшесі Ю. Резников.

Осылайша Жанабек Ибайраханұлы түсірген туындылар әлем бойынша жоғары бағаланып, танымал киносыншылардың құрметіне бөленуде екен. Біз Қызылорда облысының шағын бір бекетінде түсірілген деректі дүниені көркем туындыға айналдырып әлемді бағындырған Жанабекке творчестволық табыс тілеміз.

Жаңалықтар
01.11.2024
Wabtec компаниясы KinetiX цифрлық жүйелерін ҚТЖ-ға өтеусіз береді
Қауіпсіздік
01.11.2024
Теміржолда «авариялық» жағдайдың алды алынды
Жаңалықтар
01.11.2024
Wabtec басшысымен кездесуде еліміздің теміржол саласына «жасыл» технологияларды енгізу мәселесі қаралды
Жаңалықтар
01.11.2024
Олжас Бектенов Alstom және Wabtec компаниясының басшыларымен кездесті
Аймақтар
01.11.2024
Теміржолшылар марапатталды
Жаңалықтар
01.11.2024
Үздік әлеуметтік әріптес
Қауіпсіздік
01.11.2024
Күзгі байқау: бір қатар олқылық анықталды
Қауіпсіздік
01.11.2024
Кемшіліктер көрсеткіші кеміген
ҚТЖ келбеті
01.11.2024
Ақтоғайдың арда азаматы
Жаңалықтар
01.11.2024
Өткелдерге бейнебақылау жүйесі орнатылады
Инфрақұрылым
01.11.2024
Қар тазалайтын техникалар сақадай сай тұр
Жаңалықтар
01.11.2024
Машина жасау: теміржолдың үлесі қандай?
Жаңалықтар / Мұрағат
01.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №93 01 қараша 2024 жыл
Қауіпсіздік
31.10.2024
Теміржолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткен 39 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды
Спорт
31.10.2024
Қызылорда станциясында асық атудан сайыс өтті
Жүк тасымалы
31.10.2024
Қазақстандық фермерлер биылғы астықтың екінші миллион тоннасын тиеді
Инфрақұрылым
31.10.2024
Жылу жүйелері күнделікті бақылауда
Спорт
31.10.2024
Локомотившілер жеңімпаз атанды
Станция тынысы
31.10.2024
Шалқарлық байланысшылар үздік атанды (Фото)
Жүк тасымалы
31.10.2024
Қазақстан тауарларын Эстония порттары арқылы экспорттау мүмкіндігі талқыланды