Соғыс жылдарындағы шойын жол шежіресі

Темір жол тарихы
08.05.2025, 10:50
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына – 80 жыл. От пен оқтың ортасында болып, бейбіт өмірді сақтаған ерлер есімі халық жадынан өшпек емес.

Бүгінде Ақтөбедегі теміржолшылар мұражайында 389 жәдігер бар. Өткен ғасырдың басында отандық теміржол көлігінің бастауында тұрған тұлғалар туралы мәліметтерден бастап, теміржолшылардың революцияға және азамат соғысына қатысуы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы теміржолшылар, соғыстан кейінгі бесжылдықтар, еңбек ерлері туралы жүздеген құжат жинақталған.  

Ұлы Отан соғысы жылдарынан сырт шерткен суреттер топтамасында майданға аттанған әскери техникалар мен қару-жарақтар тиелген вагондар, кезінде қолданылған теміржол бұйымдары, ескі телефондар мен сағаттар, т.т. сақталған.  

Ақтөбе қаласы үшін теміржол саласының маңызы өте зор. Өткен ғасырдың басында салынған Ташкент-Орынбор темір жолы қала экономикасына оң өзгерістер әкелді. Әсіресе соғыс кезінде теміржолдың маңызы арта түсті. 101-ұлттық атқыштар бригадасы, 312-атқыштар дивизиясы, 29-миномет полкы және басқа да әскери бөлімдер осында жасақталған.  

Мұражайда соғыс жылдары 6-7 сыныпта оқитын балалар Мәртөк станциясында төрт сағаттан жұмыс жасап тұрғаны туралы мәлімет бар. Ақтөбе теміржол училищесі соғыс жылдары жұмысын тоқтатпай, теміржол мамандарын дайындаған. Соғыс жылдары Ақтөбе паровоз депосында жұмыс істеген А.С.Дериглазов, Г.Ф.Ворошнин, Ф.П.Шаляпин, К.А.Калинин, В. М.Есаев, И.С.Фролов сынды паровоз машинистерінің есімі тарихта алтын әріппен жазылған.  

Жаңалықтар
14.10.2026
ҚТЖ Translogistica Kazakhstan-да
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр