Қазақстан темір жолына 120 жыл. Қызықты деректер

Темір жол тарихы
16.04.2024, 13:35
Оқуға 3 мин

2024 жылы Қазақстан темір жолы 120 жылдық мерейтойын атап өтеді. Біз болат магистраль туралы маңызды оқиғалар мен қызықты фактілерді жинадық.

- Қазақстанда темір жол көлігінің құрылуы 1904 жылдан басталады, ол кезде Ресейді Орталық Азиямен байланыстырған және Өзбек, Қазақ, Қырғыз және Тәжік КСР аумағы арқылы өткен Орынбор - Ташкент темір жолының құрылысы басталды. Бірінші болат магистраль аймақтың сауда, өнеркәсіп, әлеуметтік саласының дамуына ықпал етті. Алайда, Қазақстан аумағындағы алғашқы теміржол пойыздардың қозғалысы үшін ертерек - 1894 жылдың қарашасында ашылды. Пойыз Покровская Слобода (Қазіргі Энгельс) пен Орал қаласына қатынап, Мәскеу — Рязань — Саратов желісінің жалғасы болды.

- Шипово станциясының вокзалы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тасқала) ҚТЖ желісіндегі ең көне станциялардың бірі болып саналады. Ғимарат 1897 жылы салынған.

- Қазақстандағы алғашқы әйел машинист Злиха Теміршиева Орал-Илецк учаскесінде паровозды басқарды.

-Түркістан-Сібір магистралінің (Түрксіб) құрылысы КСРО бірінші бесжылдығының маңызды құрылыстарының біріне айналды. Теміржол Сібір мен Орталық Азияны байланыстырды. Магистраль 1927-1930 жылдары салынды және аймақ республикаларының экономикасы мен мәдениетінің айтарлықтай өсуіне ықпал етті.

- Биыл тұңғыш қазақ теміржол инженері, қоғам қайраткері, Түркістан автономиясының премьер-министрі, "Алаш Орда" партиясының мүшесі Мұхамеджан Тынышпаевтың туғанына 145 жыл толады.

- Кеңес кезеңіндегі алғашқы темір жол – 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау учаскесі. Содан кейін жол Бурабай Курорты және Ақмола (Астана) станциясы арқылы Қарағандыға дейін жалғасты.

- 1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-да ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ол 15 бөлімшеден тұрды және Қазақстанды Сібір, Орал, Еділ, Қырғызстан және Орта Азиямен байланыстырды. Сол жылы алғашқы тепловоздар теміржолмен жүре бастады.

- Тәуелсіз Қазақстанда салынған алғашқы темір жол ұзындығы 184 шақырым болатын Ақсу – Дегелең учаскесі болды. 2004 жылы Хромтау – Алтынсарин (402 км) желісі пайдалануға берілді. 2008 жылы – Шар – Өскемен темір жолының 151 шақырымы. 2009 жылдан 2015 жылға дейін Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара, Жетіген – Қорғас, Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл теміржол желілері салынды. Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттарында жаңа маршруттар пайда болды, Қазақстанның Түркіменстанға, Иранға және Парсы шығанағы елдеріне тікелей шығуы қамтамасыз етілді. 2014 жылы Құрық порты Боржақты – Ерсай жаңа желісі магистральдық теміржол желісімен жалғасты.

Жалпы, тәуелсіздік жылдарында 2 500 шақырымнан астам жаңа жол салынды.

- 2004 жылы Маңғыстау — Құлсары бағыты бойынша Теңізшевройл компаниясының жаңа зауытын салу үшін габаритті емес жүк - жабдықтарды тасымалдау бойынша әлемдік рекорд орнатылды. Төрт қабатты үйдің салмағы 506 тонна. Жүк үш тәулік бойы минималды жылдамдықпен — сағатына 10 шақырым жүрді. Қысқа мерзім ішінде Сай-Өтес станциясында үш бағыттаушы бұрманы төсеу арқылы жаңа жол салынды.

- ҚХР - Еуропа бағыты бойынша алғашқы халықаралық контейнерлік пойыз 2011 жылғы 19 наурызда Чунцин станциясынан (ҚХР) Алашаңқай - Достық шекаралық өткелі арқылы жөнелтілді. 36 қырық футтық ірі тонналық контейнерлерде қымбат тауарлар: трансұлттық IT - компаниялардың өнімдері тасымалданды. Пойыз Қытай, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша және Германияның мемлекеттік шекараларын кесіп өтті. Ол 16 күнде 11 мың шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті.

- 2021 жылы контейнерлердегі транзиттік тасымалдар алғаш рет 1 млн ЖФЭ-ден (жиырма футтық эквивалент) асты.

- 2022 жылдан бастап Қазақстан темір жолында үлкен құрылыстардың жаңа кезеңі басталды. Достық – Мойынты темір жол учаскесінде екінші жолдардың, Алматы қаласын айналып өтетін темір жол желілерінің, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты-Аягөз ҚХР-дан үшінші шекаралық өткелдің ашылуымен құрылысы басталды.

- Қазақстан арқылы 5 халықаралық темір жол транзиттік дәлізі өтеді. Дәліздер қарқынды дамып келеді: Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ), Солтүстік – Оңтүстік, Қытай - Еуропа - Қытай.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды