Қазақ темір жолының шежіресі (+мұрағат фотосуреттері)

Темір жол тарихы
20.07.2021, 13:08
Биыл Қазақстандағы темір жол желісінің іргесі қаланғанына 117 жыл. Осыған орай темір жол құрылысы ең алғаш неден, қалай басталғанын ой елегінен өткізіп көрмекпіз.  Тарихи құжаттарда Транссібір магистралінің алғашқы рельсі қашан және қай жерде төселгені туралы деректер әртүрлі. Кейбір мәліметтерге қарағанда Түркістан өлкесінде шойын жол алдымен 1880-1881 жылдары салынған. «Закаспиский» деп аталған ол желі Каспий теңізіндегі порттарды Қызыл-Арватпен байланыстыратын. Өзге де тұспалдарға сүйенсек,  Түркістан мен Сібір арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін 1886 жылы темір жол құрылысын бастау идеясы туындаған. 1886 жылғы 15-ші қазанда Верный қалалық Думасы темір жол салудың тиімділігін анықтайтын комиссия құру жөнінде шешім шығарыпты. Саралап көрсек, шойын жолға қатысты осындай түрлі деректер қарама- қайшылықтан гөрі бірін бірі толықтырып отырады. Дей тұрғанмен, XIX  ғасырдың аяғына қарай Түркістан өлкесінің түрлі бағыттарында құрылыс қарқыны басқаша сипат алды. [caption id="attachment_5757" align="aligncenter" width="524"]Түркістан станциясы Түркістан станциясы[/caption]   Ресми түрде Қазақстандағы темір жол көлігінің негізі қаланған уақыт - 1904 жыл. Дәл сол кезеңде ұзақтығы 1668 шақырымдық Орынбор-Ташкент магистралінің құрылысы басталды. Жол бойында Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда, Арал және басқа да қалалар мен өнеркәсіп орталықтары бой көтерді. 1917 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс өршіп тұрған шақта Алтай темір жол желісі пайдалануға берілді. Қатынау пункті: Ново-Николаевск — Семей. 1915 жылы 21-ші қазанда Арыс станциясынан Алматыға дейін жүретін Жетісу темір жолы іске қосылған еді. Бірақ, Қазан төңкерісі құрылысты тоқтата тұруға мәжбүр етті. Тек, 1921 жылы темір жол желісі ол кездегі Әулиеата, қазіргі Таразға жетті. Шойын жол саласының Қостанай бөлімін 33 жыл басқарған Бертран Рубинштейннің архивінде таптырмайтын суреттің көшірмесі сақталған. Фотодан көпір үстіндегі 5 паровоз және төменде мұқият қарап  тұрған адамдарды көре аламыз. Бертран Иосифович бұл суреттің тарихын былайша баяндайды:
— Ол кезде біз көпірлерді пайдалануға берумен айналысатынбыз. Төмендегі адамдар болса, нысанның жоғары сапасына жан-тәнімен кепілдік берген  құрылысшылар мен жобалаушылар еді. Қазір қарап отырсақ, көпірлерді ғасырлық кепілдікпен салған екенбіз. Ол кезде поездар қандай еді? Ойыншық іспетті паровоз және шағын бес вагон.
Рубинштейннің досы, еңбек сіңірген теміржолшы Қалтай Самбетов бірге түскен суретін және Бертран Иосифовичтің Қостанайдан шығатын газет арқылы қызықты ақпаратымен бөліскен мақаланы көрсетті. Қазан төңкерісінен үш жыл бұрын 162 шақырымдық Троицк — Костанай темір жолына Ресей Үкіметінің кепілдемесі бойынша  4,5 пайыздық үстемемен 29 миллион рубль қарыз беріліпті. Құрылысты Орыс-Азия банкі, Орыс сауда-өнеркәсіп банкі , сонымен бірге «КРИСП» Лондон банкирлер үйі қаржыландырған.  Темір жол арқылы Оралға шығуды көздеген қостанайлық көпестер де бұл іске қаржылай үлес қосты. 1924 жылы сәуірде «Қостанай дала шаруашылығы» газеті: «Қостанайға дейін темір жол тартылуы біздегі дала нарығын әлемдік сауда ағынына қосып қана қоймай, тасымал көлемін ұлайтуға септігін тигізеді. 151 жиынтықты шойын жол Тоғызақ өзеніне салынған көпірді қоса есептегенде небары 8 айда төселді. Құрылысшылар бар шаруаны 8843 мың рубльдік сметаға сыйғызған» деп жазды. [caption id="attachment_5759" align="aligncenter" width="523"]Түрксібті салуға қатысқан жұмысшы қазақ Түрксібті салуға қатысқан жұмысшы қазақ[/caption]   Әлемдік сауда ағынына қосылуға Бірінші дүниежүзілік соғыс пен революция кесірін тигізді. Жаңа заман басталды, жол құрылысын енді Кеңестік билік қолға алды. Революциядан кейінгі дәуірдің алғашқы жылдарында 875 шақырымнан астам темір жолсалынды, бұл шамамен төңкеріске дейінгі желі ұзындығының үштен бірі. Әлбетте бұл жеткіліксіз еді. Аймақтың дамуы Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын ірі темір жол құрылысын салуды талап етті. Бірінші кезекте Түркістан-Сібір темір жолының Семейден Луговойға дейінгі аралығын бітіру қажет болды. 1926 жылы 3-ші желтоқсанда КСРО Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркісіб құрылысына қатысты арнайы шешім қабылдады. Оның қысқаша мазмұны мынандай: «Бүкілодақтық маңызға ие барлық күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігін ескере отырып, осы жылы ( ол кезде шаруашылық маусымы 1-ші қазаннан басталатын) Бішкек пен Сібір магистралін Семейде тоғыстыру үшін Жетісу темір жолы құрылысының бес жылдық жоспарына  кірісу керек». [caption id="attachment_5761" align="aligncenter" width="519"] Түрксібтің оңтүстік учаскесі құрылысының басталуына арналған митинг, Луговой бекеті, 1927 жыл[/caption]   1926 жылы Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын темір жол құрылысы басталды. Түркісібті салу алғашқы бесжылдықта орындалды. Түркісіб құрылысы жайында Қазақстан темір жолының негізін қалаушылардың бірі Құдайберген Көпжасаров былай дейді:
-1928 жылы Семей облысы Жарма ауданы № 23 ауылда дүниеге келдім. Біз ес білгенде халық аштан қырылып жатқан. Егер темір жол құрылысы болмаса біз де бұл күнге жетпес едік. Түркісібте жұмыс істейтіндерге нан , киім беретін. Ол заманда адамға ең керегі де осы еді ғой. Құрылысқа алдымен әкем орналасты, сосын қалған туған-туыстар кірді. Жұмыс өте ауыр, тамақ ішкің келеді де тұрады. Айтып, айтпай не керек, темір жолдың арқасында тірі қалдық, адам қатарына қосылдық.
1442 шақырымдық рельс жолағын салуға тұра келді. 1927 жылдың күзінде Семейден Луговойға дейінгі трассаның алғашқы шпалдары төселді. 1928 жылы Түркісібте алғаш рет шет елдерден сатып алынған 17 шынжыр табанды экскаватор, қысқа шақты тепловоздар, аударғышы бар шағын вагондар мен автомобилдер,жылжымалы компрессорлар, перфораторлар пайда болды. Оған дейін барлық жұмыстар қолдың күшімен жасалған. Қазіргі заманауи тіл қорында «грабарь» сөзі қолданылмайтын болды. Ал, бұл өз уақытында білдей мамандық еді. Ондай шаруаны меңгерген мамандар жұмысшылар арасында бір саты жоғары тұратын. Түркісіб құрылысына олар аттарымен, арбаларымен Оралдан келген. Гробарлар  релсьтер төселетін үйіндіні қодарымен дайындайтын. Александр Иванович Лапшин Түркісіб құрылысына 1928 жылы Орал өңірінің Невьяновска қаласынан келген. Ол  Майтөбе мен Айнабұлақ станциялары арасындағы құрылыс қарқынын былайша еске алады: «Біз табиғаты қыратты, сортаң шөл дала болып келетін болашақ Айнабұлақ станциясының оңтүстігіне таман жұмыс істедік. Не ағаш,  не бұта, тіпті, өсімдік те жоқ. Тек, шөп-шалаңның басы қылтиғаны болмаса...  » [caption id="attachment_5765" align="aligncenter" width="522"] Алматыға алғашқы пойыздың келуі, 1929 жыл[/caption]   1930 жылы 28-ші сәуірде Айнабұлық станциясындағы рельстер түйіскен жерге бірінші күміс қада қағылды. Жолдарды тоғыстыру жоспарланған мерзімнен 8 ай бұрын аяқталды. Түркісіб -айналасына өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары шоғырланған алғашқы желі. Егер 1922 жылы Қазақстандағы шойын жолдың ұзындығы 2,73 мың шақырым болса, 1982 жылы 14 мыңға жетті. Ұлы отан соғысы жылдары темір жол магистралдарының құрылысы жалғасты, бірақ , майданмен тікелей байланысты болды. Гурьев- Қандыағаш-Орск (1936-1944) жолы Ембі мұнай өнеркісібін Оралмен ұштастырды. Ақмола-Қарталы желісі (1939-1943) Қарағанды көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуге септігін тигізді. Сол секілді Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал учаскелері де салынды. Сол кезде еліміздегі темір жол желісі 10 мың шақырымға жетті. [caption id="attachment_5755" align="aligncenter" width="834"]Жауынгерлердің майданға аттануы, 1941 жыл Жауынгерлердің майданға аттануы, 1941 жыл[/caption] [caption id="attachment_5767" align="aligncenter" width="834"] Қазақстанға көшіру, 1942 жыл[/caption]   1950 жылы Транссібір магистралі Түркістан-Сібірге қосылып, бүкіл ел аумағын қамтыған Трансқазақстандық темір жол магистралі құрылды (Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу). Осы кезеңде Қазақстанның  солтүстік және орталық аймақтарында темір жол құрылысы қарқынды жүрді. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық желісі (224 шақырым), 1959 жылы Қостанай-Тобыл-Жетіқара бағыты ашылды. 1950 жылдарда темір жолы ауқымы екі есе көбейді. 1960 жылдарда Махат-Маңғышылақ және Маңғышылақ-Өзен учаскесіне жол төселді (Жалпы ұзындығы шамамен 900 шақырым). 1964 жылы Қазақстанда алғаш рет Целиноград-Қарағанды учаскесі электроцифрланды. Осы уақыттан бастап шойын жол жаппай электрлендіре бастады. [caption id="attachment_5773" align="aligncenter" width="831"] Тың кеңшарлары үшін Есіл станциясына келген автомашиналар[/caption]   [caption id="attachment_5775" align="aligncenter" width="833"] Жаңа астық[/caption]   [caption id="attachment_5777" align="aligncenter" width="833"] Ақмолаға тың игерушілерге арналған сыйлықтар тиелген пойыздың келуі, 1954 жыл[/caption]   Темір жол құрылысының тәжірибиесінде магистраль құрылымдары алдын ала жасалған жоспар бойынша салынатын кез де келді. Жұмыстар солтүстіктен және оңтүстіктен бір — біріне қарай-Семейден және Луговойдан бір уақытта жүрді. Түрксіб  бойынша жүргізілген уақтылы зерттеулер трассаның ұзындығын, сонымен бірге оны салуға жұмсалатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Айталық, сондай  ізденістердің арқасында Балқаш көлінің маңындағы трассаның ұзындығы 78 километрге қысқарды.Құрылысқа және пайдалануға беру,е жұмсалатын аржыдан 6.5 рубль үнемделді. Іле Алатауы жоталары арқылы өтетін бағытты таңдаубарысында  қиындықтар туындағаны рас. Бастапқыда Түркісібті жобалаған кезде қырғыз жағынан төрт нұсқа қарастырылған. Екеуі бәсекеге қабілетті болып шықты-Луговой станциясымен трасса түйісетін Шоқпар және Бішкек станциясымен трасса түйісетін Қордай. Салыстыра келе, Шоқпар жобасы ұтымдырақ деп танылды. Құрылыс шығыны 23 млн рублге азайды. 1954 жылы КСРО мен ҚХР Ланьчжоу — Үрімші — Алматы темір жолын салуға келісті. Алғашқы поездар 1959 жылы Ақтоғай-Достық уаскесінде жүре бастады. Бірақ  Қытаймен арадағы қатынас нашарлауына байланысты бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Тек,  1990 жылы 12 сәуірде ғана КСРО мен ҚХР темір жол магистралдары Дружба — Алашанькоу шекаралық өткелінде түйісті. Қазақ темір жолы Кеңес Одағында ірі құрылымдар қатарына жататын. Ол заманда жолдың ұзындығы 11 мың шақырым еді. Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» дамудың даңғыл жолында. Магистралді темір жол ұзындығы 14 мың шақырымға жетті, 44 0000 данадан астам жүк вагондары, 1 500 дана локомотив бар. Демек, XIX ғасырдан бастау алған игі іс лайықты жалғасын тауып келеді. Темір жол тарихында ауыз толтырып айтатын жетістіктер аз болған жоқ. Дей тұрғанмен бүгінгі әңгімені мына қызықты фактімен аяқтаған жөн сияқты. 1986 жылғы 20 ақпанда әлемде тұңғыш рет Целининый темір жолы арқылы Екібастұздан 40-шы станцияға дейін жалпы салмағы 43,4 мың тонна, ұзындығы 6,5 км болатын 440 вагонды поезд жүрген. Бұл таңқаларлық оқиға  Гиннестің рекордтар кітабына әбден лайық.
Жолаушылар тасымалы
21.11.2024
№42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жаңалықтар
21.11.2024
Құрық портының түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Спорт
21.11.2024
Теміржолшылар арасында спартакиада өтті
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ жол диагностикасының инновациялық технологияларын енгізуде
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтуде
Жолаушылар тасымалы
20.11.2024
Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді
Жүк тасымалы
20.11.2024
Ақмола бөлімшесі 307 мың тоннадан астам астық тиеді
Жаңалықтар
20.11.2024
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Әлемде
20.11.2024
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша келіссөздің соңғы сатысы жүріп жатыр
Жаңалықтар
20.11.2024
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей көлік министрлері кездесті
Жаңалықтар
19.11.2024
Ақмола теміржолшылары республикалық ІТ-семинардың жеңімпазы атанды
Инфрақұрылым
19.11.2024
Премьер-Министр жоспарланған теміржол желісін салуды уақытылы аяқтауды тапсырды
Жаңалықтар
19.11.2024
Пойызда ішімдік ішкен Қырғызстанның екі азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Спорт
19.11.2024
Теміржолшы пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионы атанды
Спорт
19.11.2024
Бейнеу станциясында ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті
Жолаушылар тасымалы
19.11.2024
Тасымал талабы қандай?
Аймақтар
19.11.2024
«Білім экспресі» – Арыста
Инфрақұрылым / Апта саны
19.11.2024
Биыл 570 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
19.11.2024
Үздік өрт сөндіру пойызы
Жаңалықтар / Мұрағат
19.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №98 19 қараша 2024 жыл