Атыраудағы кірер жолдардың нашарлығынан 9 айда 146 пойыз жолдан тайып кеткен

Аймақтар
01.11.2021, 10:17
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде кірме жолдардың жағдайы, оларды күтіп-ұстау және қауіпті жүктерді тасымалдау, вагон паркін сақтау тақырыбында жиналыс өтіп, оған көлік инспекциясы мен желілік полиция өкілдері, кірме жолдардың иелері, темір жол мекемелері мамандары мен станция басшылары қатысты. Жиынды жүргізген бөлімше басшысы Д.Құланбаев атап өткеніндей, Атырау облысы аумағында 851,8 шақырым магистральдық, 327,6 шақырым станциялық және 160 кірме жолдар бар. Теміржол көлігінде қауіпсіздіктің сақталмауының да негізгі себебі сол – магистральдық және кірме жолдарда күнделікті күтіп-ұстау жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі, соның кесірінен жылжымалы құрам жолдан шығып кетеді. Бөлімшенің қауіпсіздік инженері Ф.Қазжанованың айтуынша, 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша теміржолда 146 жылжымалы құрамның жолдан тайып кету оқиғасы тіркелген. Себеп – кірме жолдардағы жолдың үстіңгі қабаты қанағаттанғысыз жағдайда, вагондар башмактармен дұрыс бекітілмеген, маневр, түсіру-тиеу кезіндегі олқылықтар, т.б. жағдайлар. Салдарынан 205 вагон зақымдалып, жабық, жартылай ашық, платформа, цистерна, басқа да вагондар әртүрлі дәрежедегі (күрделі, деполық, ағымдағы) жөндеуге жіберілді. Вагон жетпей жатқан уақытта бұл үлкен шығынға әкелетіні түсінікті, бірақ кірме жолдардағы жағдай әлі де мәз емес. Сонымен қатар бөлімше бойынша 12 жүк вагоны кірме жолдарда бұзылған. Олар – «НКОК», «Батыс Петролеум», «TauBase», «Теңіз- шевройл» ЖШС, «ЦТС» АҚ және «Зинелгабитов» ЖК вагондары. 2019 жылы «Батыр-2017» ЖШС кірме жолында бір вагон жолдан шығып кетіп, оларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 60600 теңге айыппұл салынған болатын. Мұндай жағдайлар 2018 жылы да болған. «Ғимарат» ЖШС кірме жолында 3 вагон жолдан шығып, 295663,29 теңге шығын келтірілсе, «Индер темір жолы» ЖШС-да маневрлік тепловоз жолдан тайып кеткен. Сол жылы Мақат локомотив пайдалану депосының 1ТЭ10МК сериялы №0114 тепловозымен «Алаң-Жер» ЖШС-ның КамАЗ көлігі арасында соқтығыс болған. Нәтижесінде тепловоздың белдік рамасы 25 мм майысып, жөндеуге келмейтіндіктен тепловоз қызмет көрсетуден алынып тасталған. Апатқа кінәлі «Алаң-Жер» ЖШС- на 45948126,55 теңге айыппұл салынғанмен, сот үкімі әлі күнге дейін орындалмапты. Бөлімше басшысының айтуынша, негізгі темір жолдың бұтағы саналатын кірме жолдар жекеменшік иелікте, иелері жөндеу жұмыстарын жүргізуге құлықсыздық танытады. Олар тек пайданы ойлап, қауіпсіздікті сақтау үшін жол жөндеп, шығын шығаруға жоқ. Вагон паркін сақтау мәселесіне қатысты жиында айтылғандай, көбіне вагондар кірме жолдардан шығып, станцияға келгенде ақаулы екені анықталады: дәнекерлеген жері шығып кеткен, есіктері бүлінген, вагон доңғалағының буксы теріс айналып кеткен, вагон ша- нақтары соғылған, т.б. ақаулар. Ал жүк жөнелтушілер вагонның ақаулығына салдыр-салақ қарайды. Бүлінген вагондардың көбеюі жүк тиеу-түсіру және маневрлік жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету талабының сақталмауынан болып отыр. Соған сәйкес жүк тиеу/түсіру кезінде бақылау күшейтілген. Жалпы бөлімше бойынша өткен 9 айда орын алған 146 жағдайдың негізгі себептері – кірме жолдардың сапасыздығы, маневрлік жұмыстарды дұрыс жүргізбеу және жүк тиеу-түсіру ережесін бұзу болып табылады. Бүгінгі күні клиенттердің тапсырыс бойынша вагондармен қамтамасыз ету және реттеуді «Қазтеміртранс» АҚ аймақтық өкілдігі жүзеге асырады. Тасымал құжаттарын рәсімдеудің ашық түрде болуын қамтамасыз ету үшін жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылардың құжаттамасы АСУ ДКР жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Оның үстіне, осы бағытта бірте-бірте электронды жұмыс түріне көшуге басымдық беріліп келеді. Алайда, түсіруге келген вагондардың кірме жолдарда тұрып қалу проблемалары да кездеседі: ауа-райының қолайсыздығы, кірме жол қожайынының локомотиві жұмыс істемеуі, кран машиналарының істен шығуы, жүк жөнелту-қабылдаушылардың жұмыс уақытының сәйкес келмеуі, т.б. Вагондардың кірме жолдарда тұрып қалмауы үшін тиеу-түсіру жұмыстарын орындауды алдын ала жоспарлау жайы сөз болды. Бөлімше басшысы Д.Құланбаев бөлімшеде жүк тиеу-түсіру жұмыстарының артқанын жеткізді. «Сондықтан сіздерден сұрайтыны- нымыз – өз баланстарыңыздағы кірме жолдардың жағдайын бақылауда ұстап, уақытылы жөндеу жүргізіңіздер, қысқы уақытқа дайындаңыздар. Кірме жолдардың техникалық талапқа сай болуы – тұтастай алғанда қауіпсіздіктің сақталуының бірден бір кепілі» деді.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды