Атырау станциясында жұмыс өнімділігі төмендеген

Аймақтар
03.02.2023, 09:32
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мұнайлы өңірдің бас қақпасы Атырау станциясы бойынша жұмыс өнімділігі былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда төмендегені байқалады. Бірінші класты учаскелік станцияда барлық инфрақұрылым жұмыс істеп тұр.

Дегенмен, шешімін таппай келе жатқан мәселе де жоқ емес. Мысалы, станцияда ұзындығы 1250 метр болатын 9 қабылдап-жөнелту жолы, 6 сұрыптау жолы, аз қуаттағы дөңес, №26, №27, №35 үш тартымдық жолы бар. Соңғыларына 85-90 вагон сыйса, №26 тартымдық жол қысқа, тек 54 вагон ғана сыяды. Ал ол вагондарды тарату кезінде екіге бөлініп, қиындық туғызады. Оны ұзарту мәселесі көптен айтылып келе жатқанымен, шешілген жоқ.  

Станциядан жөнелтілетін пойыздардың саны, яғни өткізу қабілеті бүгінде тәулігіне 20-22 пойызға тең. Жұмыс өнімділігінің төмендеуіне келсек, орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарда 8,0 вагон болса, нақты 2,5 вагон тиеліп, 31,25 пайызды құрады. Тоннамен есептегенде 119,2 тонна тиеліп, жоспар 227,5 пайызға орындалған. Вагон саны азайғанымен, салмақты жүктер көбейген. Ал жүк түсіру тәулігіне 50,3 вагонды құрап, 91,2 пайыз ғана орындалған, себебі жоспарланған жүктер келмеген. Ал жергілікті вагондардың бір жүк операциясына тұруы 94,0 пайызға жетіп, статистикалық салмақ 105,4 пайызға орындалды, себебі ауыр салмақты жүктер көп түсірілген.  

– 2022 жылғы 1 наурыздан бері Украинаға жүк жөнелтуге және Солтүстік кавказ темір жолына пропан-бутан өнімін жіберуге тоқтам қою тасымал көлемінің кемуіне әсер еткені рас. Сондай-ақ өңірдегі ірі жүк жөнелтуші алпауыт компаниялармен Мақат, Құлсары, Теңдік, Қарабатан станциялары арқылы экспорттық бағыттағы пропан, бутан, мазут, кокс, күкірт тиелген вагондар келісілмегендіктен және тапсырыс берушілердің бас тартуы себепті тиелмей қалды. Теңізшевройл, Атырау мұнай өңдеу және Болашақ зауыттарының жыл барысында бірнеше рет жөндеуге тұруы да тасымал көлеміне әсер етті, – дейді станцияның бас инженері Бекжан Жиенбетов.  

Жалпы Атырау станциясында вагондар бірнеше бағытта жөнелтіледі. Ақсарай түйіспесіне – үш бөліктен тұратын вагондар (жоғары Басқұншақ, Астрахань, Грузия, Әзербайжан республикалары жолдарына), Мақат бағытында (Орта Азия, Маңғыстау түбегіне, Қандыағашқа), Ақжайық және Теңдік станцияларына, республикаға маңызы бар Атырау мұнай өңдеу зауытына бос және жүк тиелген вагондар сұрыпталып жеткізіледі. Мұнайлы өңірдің маңызын арттырған бас темір жол станциясы аймақтағы барлық кәсіпорындармен тығыз байланыста.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады