Тәжірибе алмасты

Аймақтар
24.12.2024, 09:18
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өндірісте жаңа техника мен технологияларды қолданысқа енгізіп, цифрлық жүйеге көшу үдерісінен темір жолдағы сигнализация және байланыс саласы да кенже қалып жатқан жоқ.

Жуырда Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясында өндіріске енгізіліп жатқан жаңалықтарды бірлесе игеру мен тәжірибе алмасуға бағытталған семинар өтті. «Жөндеу технологиялық учаске жұмысында біліктілікті арттыру мақсатында сигнализация және байланыс дистанциясы қызметкерлері арасындағы тәжірибе алмасу» тақырыбында өрбіген семинарға осы саланың 30 шақты маманы қатысты. Олар аймақтағы Атырау (ШЧ-9), Құлсары (ШЧ-11) дистанцияларының мамандары.  

Семинарды ШЧ-8 директоры Айбек Жолдасов ашып, қатысушыларды дистанция тарихымен, технологиялық жетістіктермен таныстырды. Ал Атырау магистральдық желі бөлімшесінің СОБ бойынша бөлім бастығы Амангелді Бержанов қатысушыларды өткен 11 айдағы жұмыс қорытындысымен, соның ішінде жөндеу технологиялық учаскесіндегі құралдардағы ақау себептерімен таныстырды. Негізінен олар приборлардың ескіруінен болатыны, қосалқы бөлшектердің де жетіспей қалатыны айтылды. Жалпы, бір дистанцияның өзінде 38 мыңнан астам құрал болады. Олардың әрқайсысының бұзылып қалмауын, бұзылған жағдайда жөндеуді қамтамасыз ететін дистанция мамандары.  

Сонымен қатар семинар барысында релелерді және блокты релелерді кешенді тексеретін жаңа КПР мен КПБР стендтерінде жұмыс жасау тәсілі көрсетілді. ТШ-65В және блок ПСТ құралдары жаңа аппаратта тексеріліп, жарамдылығы анықталды. Жаңа аппараттың тиімділігі сол, ол тез тексеріледі және уақыт алмайды. Ал бұрынғы кезде бұлардың бәрі қолмен жеке-жеке қаралып отыратын және оған орасан көп уақыт кетуші еді. Бүгінде күніне 60-70 прибор жөнделіп отырады. Сондай-ақ қазіргі кезде бағдаршамдарда қолданылатын жарықдиодты модульдар да тексерілді. Оны жөндеу технологиялық учаскесінің мамандары құрастырып шығарған. Қатысушылар дистанция бас инженерімен бекітілген нормативті-техникалық құжаттамаларды толтыру, қолданыстағы прибор жөндеу, журнал толтыру, т.б. бағыттағы нұсқамалармен де танысып, өзара пікір алысты. «Бүгінгі семинардың бәрімізге де пайдасы бар деп есептеймін, өйткені бір-бірімізден үйреніп, біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтып, көрсетіп тәжірибе алмастық. Сондықтан мұндай басқосу қашанда тек оң нәтижеге жетуге ықпал етеді» дейді аға электромеханик Салима Жұматова. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды