Бөлімше директоры шағын бекеттерді аралап, теміржолшылармен кездесті

Аймақтар
04.04.2025, 08:26
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев өзінің орынбасарлары және бөлім басшыларымен бірге Құлсары, Мақат, Сағыз, Опорный, Толтыр, Бейнеу станциялары мен шағын бекеттерді аралап, жергілікті теміржолшылармен кездесті.

Жұмысшының еңбек орнында жағдайын жасау – Компания басымдық беріп отырған міндеттердің бірі. Бұл ретте атыраулық теміржолшыларға жасалып жатқан игілік баршылық, дегенмен әлі де шешімін күткен мәселе аз емес екен. 2023 жылы өңірге бес тонналық 95 контейнер жеткізіліп, станциялар мен разъездерге орналастырылған. Былтыр да сондай 37 тұрғын-модульдік ғимарат алынып, теміржолшылар игілігіне берілген. Мұның бәрі жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайларының жақсаруы мен еңбек ету деңгейінің көтерілуіне үлкен ықпалын тигізді.  

– Біздің бүгінгі іссапарымыздың негізгі мақсаты – сіздермен жүзбе-жүз кездесіп, әңгімелесіп, проблемаларды бірге шешіп, сұрақтарыңызға құлақ асу. Сондықтан комиссия құрамындағы мамандарға сауалдарыңызды жолдай беріңіздер. Сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайы мен еңбек сапасын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы жоспары жөнінде де ақпарат беріледі, – деді А.Қосымбаев.  

Персоналды басқару бөлімінің бастығы Анар Жалғасбаеваның атап өткеніндей, 2025 жылы 1 қаңтарда штаттық кесте бойынша 2122 адам және 65 адам басқару аппаратында тіркелген. Жұмыс істеп жатқан 2 және 3-топтағы мүгедектер саны 27 адамды құрайды. Былтырғы жылы санаторлық-емдік шипажайда демалғандар саны – 122 адам, оның 50-і зейнеткер. ҚТЖ филиалдарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу схемаларына (4, 5-қосымшаларға) сәйкес 01.01.2025 жылдан бастап 1 және 5 дәреже арасындағы «жұмысшылар» санатынан басқа барлық қызметкерлердің жалақысы 7%-ға; 1 және 5 дәреже арасындағы «жұмысшылар» санаты бойынша жалақы 8,5%-ға өскен. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және арнайы қорғаныш құралдарымен уақытылы қамтамасыз етіліп, жұмыс орындарын аттестаттау қорытындысы бойынша арнайы сүт, еңбек демалысына үстеме демалыс күндері беріледі.  

Көпшілік өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Бөлімше теміржолшылары «Архимедес» клиникасына тіркелген, алайда Құлсары қаласында оның филиалы жоқ екен. Басқа клиникалар келісімшарт бойынша қарайды, алайда оның да мерзімі өтіп кетіпті. Сондай-ақ кейбір санаттарға жалақы 7%-ға көбейтілмеген. Бір мамандардың еңбек демалысы 36 күн болса, енді бірінікі 30 күн. ІІІ топ мүгедектік алған С. оған бөлімше тарапынан ешқандай көмек болмағанына шағымданса, қармен күрес науқаны кезінде жолды тазалауға шыққандар сол күндерге қалай қосымша жалақы төленеді, жеке табыс салығы жеңілдігі кімдерге беріледі деген де сауал болды.

Қысқы аязда, жазғы ыстықта төленетін қосымша ақы кімдерге тиесілі, жол техникаларын жөндеуге апарып, кері қайтарда СВ мен Тальго пойызына алынған билет құны неге жұмысшыларға төленбейді, 55 жаста зейнетке шығу жолдары қандай, т.т. сауалдарға кадр және заң мамандары жауап берді.  

Жалпы, Атырау облысы мен Маңғыстау облысының аудандық коэффициенті жер мен көктей, Маңғыстау аумағында жұмыс жасайтын, бірақ Атырау бөлімшесіне қарайтын мамандардың жалақысында айтарлықтай айырмашылық бар. «Атырау облысы бойынша ортақ коэффициентке келтіріліп – 1,50%, Маңғыстау – 80% өңірлік коэффициентпен алады. Бізге жоқ, ал Маңғыстау облысына төленіп отыр, не себепті?» дейді олар. Толтыр, Бейнеу станцияларында да жұмысшылар тарапынан арыз-шағым көп айтылды, олар спорттық жарыстарға қатыса алмайтынын, өйткені Атырауға баратын жол ақысы, іссапар шығыны қарастырылмағанын жеткізді. Кей станцияда жұмысшылар арнайы киімнің сапасы нашар екенін сөз қылды.  

Жұмысшылармен кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер қатталып, оң шешімін табу жолдары қарастырылатын болады.

 

Аймақтар
08.04.2025
Түрксіб саябағындағы той
Жаңалықтар
08.04.2025
Кәсіподақ қызметіне баға берді
Аймақтар
08.04.2025
Атырау вагонқұрылысы зауыты цистерна шығаруды бастайды
Цифрландыру
08.04.2025
IT технологиясының көшбасшысы
Жаңалықтар / Мұрағат
08.04.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №26 08 сәуір 2025 жыл
Әлемде
07.04.2025
Қытайда туристік қонақүй-пойыз жолға шықпақ
Жаңалықтар
07.04.2025
Машинист болғым келеді...
Темір жол тарихы
07.04.2025
Майдангер теміржолшының формасы
ҚТЖ келбеті
07.04.2025
Талап пен тәртіпті ту еткен жан
Жаңалықтар
07.04.2025
Темір жолдағы профилактикалық жұмыстар күшейтілді
Спорт
07.04.2025
Теміржолшылар шахматтан бақ сынасты
Жүк тасымалы
07.04.2025
ҚТЖ жаңа логистикалық мүмкіндіктерге жол ашты
Жаңалықтар
04.04.2025
ҚТЖ және Цзиньхуа Көлік-инвестициялық тобы логистикалық кешен салу туралы келісті
Жаңалықтар
04.04.2025
"KTZ Express" қытайлық серіктеспен екі меморандумға қол қойды
Жаңалықтар
04.04.2025
Теміржолшылар мен полиция бірігіп 238 рейд жүргізді
Аймақтар
04.04.2025
Бақытын Болашақтан тапқан
Станция тынысы
04.04.2025
Жұмыс қарқыны жоғары
Жолаушылар тасымалы
04.04.2025
«Ақтөбе-Қазалы» бағыты бойынша рейс ашылды
Сұхбат
04.04.2025
Александр Ширяев: Қажетті вагон паркі мен тиімді тасымал ұсынамыз
Жаңалықтар / Мұрағат
04.04.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №25 04 сәуір 2025 жыл