Павлодар облысы Ақсу-1 теміржол станциясының өткізу қабілеті артты
Ақсу-1 теміржол станциясында өткізу қабілетін дамытуға және ұлғайтуға бағытталған қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жүргізілген жұмыстардың арқасында станция бұрынғы 11 жұп орнына тәулігіне 15 жұп пойызға қызмет көрсете алады, ал қабылдау-жөнелту жолдарының сыйымдылығы 23-тен 71 вагонға дейін артады.
Жоба шеңберінде 7 қабылдау-жөнелту жолын ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілді, 2 қосымша жол салынды, 4 жол жаңғыртылды, 5,7 км рельс-шпал торлары төселді және 25 бағыттамалы бұрма орнатылды. Сондай-ақ, 3 км астам көлемде қолданыстағы байланыс желісін қайта жаңарту және жаңа байланыс желісін салу бойынша жұмыстар орындалды, 9 км сигнал беру кабелі төселді, сонымен қатар СОБ және байланыс жабдықтары монтаждалды, орталықтандыру бекетінде станцияны басқару табло-пульті орнатылды.
Бұдан басқа, темір жол станциясын кесіп өтетін жылумен және сумен жабдықтаудың қалалық магистральдық құбырларын қайта құрылымдау жүргізілді.
Жобаны "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Магистральдық желі дирекциясы" "ТрансКом" ЖШС-мен бірлесіп іске асырды.