Диспетчерлік орталық: транзиттік пойыздар үлесі артуда

Аймақтар
22.11.2018, 07:19

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша биылғы күз айлары әсіресе диспетчерлік орталық қызметкерлері үшін мейлінше күрделі өтуде. Оның өзіндік себебі бар. Біріншіден, транзиттік жүк тасымалының артуы, оның сыртында көмір жеткізу бойынша тапсырысқа орай өзге бөлімшелерден жиналатын вагондар санының жоғарылығы және Ақтоғай–Аягөз телімі аралығындағы күрделі жөндеу жұмыстары мен желі бойындағы толаскездер ықпал етіп отыр. 

Бөлімшедегі «Теміржолдың жүрегі» саналатын диспетчерлік орталықта қазір де қарбалас. Жалпы көлемі 724 км бас жолды құрайтын желі бойындағы телімдер толықтай дерлік бақылауда. Бұл ретте үлкен табло мен компютерлендірілген экран арқылы әрбір жылжымалы құрамның бағыты, тепловоздар қозғалысы қатаң қадағалуда. Себебі, күнгейдегі Аягөз–Көшкентал станциялары аралығында жолшылар қауымы жұмыла жұмыс жүргізіп жатыр. Күрделі жөндеу шараларына санаулы уақыттар берілген.

«... Суықбұлақтағы жол машиналары, қозғалуға рұқсат. Жұп парктегі Бішкек-Новокузнецк жолаушылар пойызы толық өтіп кетті. Делбегетейге аялдауға үш минут қана беріледі...», – Жаңа Семей–Шар торабы аралығындағы қозғалыс барысын назарда ұстап отырған диспетчер кезекті өкім беруде. Ал, келесі бөлмеде Локоть–Семей телімінің диспетчері ел шекарасына енді келіп жеткен жолаушылар пойызының машинисіне сәттілік тілеп жатты...

– Диспетчерлер үшін де қазір аса жауапты уақыт. Өйткені, жол жөндеу жұмыстарын толық тәмамдап, қысқа даярлық жұмыстарын аяқтауымыз керек. Бұл шаруаларға тек жолшылар ғана емес, диспетчерлердің де қатысы бар. Қазіргі күні Аягөз–22-ші жолайрығы мен Көшкентал станциялары аралығында және Суықбұлақ пен Делбегетейде, 4-ші разъезде де күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды межелі мерзім ішінде бітіруіміз керек. Сонымен қатар, қолданысқа беру туралы актілері толық дайын болған қар тазалаушы машиналарын жолға шығарғалы жатырмыз, – дейді НЖС-6 диспетчері, осы салада 20 жылдан аса еңбек өтілі бар Тілеужан Бижанов.

Міне, жүк пойызы машинисінен Ақтоғай–Аягөз телімі бойында қараусыз мал жүргендігі жайында хабар келіп түсті. Локомотив бригадалары ақаулықтар жайында ғана емес, қозғалысқа қауіп туғызатын кез келген жайт туралы мәлімет беріп отырады екен. Байланыстағы диспетчер хабарламаны жазып алып жатыр. Тәулік ішіндегі желі бойында дәл осылай орын алған әрбір оқиға басшылыққа жеткізіліп, дер кезінде тиісті шешім қабылданып отырылады екен.

Арнайы табло жанынан бөлім кезекшісі Асхат Смағұловты жолықтырдық. Бөлімшеге қарасты бес участок қауіпсіздігі, жүк тиеу мен түсіру жұмыстары және түнгі жұмыстар бойынша бөлімше басшысының көмекшісі бүгінгі күнгі ауысымдағы диспетчерлердің қазіргі қызметі жайында кеңінен айтып өтті.

– Бүгінгі тәулік жол жөндеу жұмыстарын бақылауға алдық. Сонымен қатар, түйіспе желілер бойынша қадағалау жүргізілуде. Бұл жұмыстарды кешкі сағат 21.00-де қорытындылап, басшылыққа мәліметтер ұсынамыз. Одан кейінгі жауапты міндет – жолаушылар пойызын кестесінен жаңылдырмай аттандырып, уақытынан кешіктірмей жеткізу. Сонымен қатар, құрылыс материалдары, көмір және астық сынды жүк түсіру мен тиеу де назарда тұр. Алайда, дәл қазіргі сәттегі күрделі қызмет локомотив паркі бойынша болып тұр. Себебі, қажеттілікті есептеп шығарып, берілетін тепловоздар санын толық анықтап, келесі тәулікке жоспар жасауымыз керек, – дейді бөлім кезекшісі.

Диспетчерлердің айтуынша, бүгінгі күндері 142 шақырымды құрайтын Дегелең–Семей телімі бойынша атқарылатын жұмыс барысы аса күрделі. Көмір тасымалының ағыны жоғары болғандықтан әрі Павлодар ЖТ бөлімшесіне пойыздарды беру және қабылдау шаралары ауқымды болуы себепті аталмыш телім бойы қарбалас та мазасыз саналады. Соңғы айларда Ресей бағытынан, 533,6 шақырымда орын тепкен Локоть станциясы арқылы өтіп Павлодарды, одан ары Астана мен Қарағандыны бетке алатын жүк пойыздарының ағыны күрт жоғарылапты. Транзиттік бағыт үшін мейлінше қолайлы саналатын бұл телімдер диспетчерлер үшін асқан қырағылықты әрі жауаптылықты талап етеді.

Қазіргі күні Семей ЖТ бөлімшесінің диспетчерлік орталығында әр ауысым бойынша оннан астам теміржолшы еңбек етуде. Олар күллі телім бойындағы барлық жұмыстарға, тіпті, бағдаршамдарды қосуға, рельстегі ақаулықтарға, желі бойындағы қараусыз малға да назар аударады. Оның ішінде локомотив паркі мен электрмен қамту, байланыс салалары бойынша жауапты диспетчерлер бар. Бөлімше бойынша атқарылатын жұмыстар көрсеткіштер бойынша ең алдымен осы орталықта жасалынады.

Әрине, басты міндет – пойыз қозғалысын қауіпсіздікті сақтай отырып, белгіленген кестеден кешіктірмеу және станциялар бойынша жүк тиеу мен түсіруді кідіріссіз жүргізу болып саналады. Семейлік теміржолшылар осы бағытта апатсыз-ақаусыз жұмыс жасауды жолға қойған.

Қуаныш Қожаев, Семей 


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл