70 жастағы ақтөбелік ардагер теміржолшы: "Тоқсаннан асқан анам қолымда, мен бақыттымын"

Аймақтар
27.11.2018, 13:26

 Зейнеттегі теміржолшыны бір топ әріптестері құттықтап барды. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде қырық жылға жуық еңбек еткен Бақыт Отарбайқызы 70 жасқа толып жатыр. Қарапайым жұмысшыдан инженер, бөлім басшысына дейін көтерілген теміржолшы саналы ғұмырында темір жол саласында еңбек еткен.  

Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиев ақтөбелік ардагерге арнайы құттықтау жолдапты. «Құрметті Бақыт Отарбайқызы, Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының орталық ардагерлер кеңесі атынан сізді туған күніңізбен құттықтаймыз. Егеменді елімізде темір жол көлігі саласының дамуына қосқан елеулі үлесіңіз және жас ұрпақты тәрбиелеудегі келелі тәлімгерлік қызметіңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Сізге зор денсаулық ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілейміз», – делінген Астанадағы орталық ардагерлер кеңесінен жолданған құттықтау хатында. 

Оған қоса Ақтөбе жүк тасымалы мен магистральдық желі басшыларының жылы лебіздерін жеткізген өңірдегі темір жол бөлімшесі бойынша кәсіподақ комитетінің төрағасы Бошық Қуатов пен Ақтөбе магистральдық желілік бөлімшесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Пірімжан Сағатов бастаған топ ардагердің шаңырағына арнайы бас сұқты.

Бақыт Отарбайқызы 1973 жылы Ташкенттегі темір жол институтын бітіріп, еңбек жолын Атырау станциясында бастайды. Атыраудағы Гурьев техникумында 5 жыл дәріс беріп, болашақ теміржолшыларды дайындауға да үлес қосқан екен. 1978 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударып, жол басқармасында, бөлімшеде түрлі қызмет атқарады. Темір жол саласында бас-аяғы 37 жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан соң да оқу орны басшылығының шақыруымен бес жыл темір жол колледжінде ұстаздық еткен.

Төрт ағайынды отбасында тәрбиеленген зейнеткер бүгінде перзенттік борышын өтеп, 91 жастағы анасын күтіп отыр екен. «Мен бақытты адаммын. Қасымда тоқсаннан асқан анам бар. Анамның қасында отырып қартайғанымызды сезбейміз. Мен өміріме ризамын. Өзім қалаған мамандықпен жұмыс жасадым. Бала кезде ұстаз болуды армандайтынмын. Теміржолшы да, ұстаз да болдым. Жұмыс дедік, қызмет дедік, кезінде анамызға қарайтын уақыт болмады, бүгінде міне соның орнын толтырып, перзенттік борышымды өтеп жатқан жайым бар», – деп күлді мерейтой иесі тілектес болған барлық әріптестеріне алғысын жеткізіп.

Ардақ САТТАРҚЫЗЫ, Ақтөбе


Әлемде
18.06.2025
Үндістан вагондарды жуу үшін дрондарды пайдалануда
Жаңалықтар
17.06.2025
Қазақстан Қытайға «Құрық» портында жүк терминалын бірігіп салуды ұсынды
Жаңалықтар
17.06.2025
Вокзалда бомба бар деп жалған хабар берген азамат сотталды
Аймақтар
17.06.2025
Алтынкөлді дамыту жоспары
Жаңалықтар
17.06.2025
Бектенов көлік инфрақұрылымын жаңғырту барысын пысықтады
Аймақтар
17.06.2025
Қызылсай станциясының мүмкіндігі кеңеймек
Жаңалықтар / Мұрағат
17.06.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 17 маусым 2025 жыл
Әлемде
16.06.2025
Еуропада түнгі жеке купелі пойыздар іске қосылады
Жаңалықтар
16.06.2025
Қазақстан мен Қытай Ақтау портын дамытпақ
Спорт
16.06.2025
Доп додасында жолшылардың жұлдызы жанды!
Әлеумет
16.06.2025
“Саламатты Қазақстан” пойызы Атырау облысында мыңдаған адамға қызмет көрсетуде
Сұхбат
16.06.2025
Статистика – сан мен сапалық көрсеткіштер ғылымы
Аймақтар
16.06.2025
Атырауда жолдар жаңарып жатыр
Жаңалықтар
13.06.2025
Алтынкөл станциясының өткізу қабілетін арттыру шараларын талқылады
Инфрақұрылым
13.06.2025
Стратегиялық маңызға ие жоба
ҚТЖ келбеті
13.06.2025
Жігітке жеті өнер де аз...
Аймақтар
13.06.2025
Теміржолда өрілген тағдыр
Станция тынысы
13.06.2025
Станция бастығының дәрісі
Жаңалықтар
13.06.2025
ҚТЖ: Қаржылық тұрақтылық сақталуда
Аймақтар
13.06.2025
Ақтөбеде тағы бір рельс зауыты салынады