Жүк тиеу неге азайды?

Аймақтар
05.11.2019, 10:01
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Бүгінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша әртүрлі салада жұмыс атқаратын 70-ке жуық өндірістік өнеркәсіп орны бар екен. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі соның ішінде «Стандарт цемент», «Кас-Бетон», «Шымкент цемент», «Састөбе цемент», «Алтын дән», «Тассай транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестері мен «ЮТСЛ», КЛО секілді ірі компанияларға қызмет көрсетеді.

Жүк тиеуші бөлімше болғандықтан осы жылдың 9 ай ішінде жүк тиеу жоспар бойынша 8 млн 442 мың тонна болса, іс жүзінде 8 млн 102 мың тонна жүк тиеліп, орындалуы 96% құрады. Яғни тиеу бойынша жұмыс көлемі 340 мың тоннаға немесе 4% кем орындалған. Бөлім мамандарының айтуынша, оның негізгі себебі Қызылсай станциясындағы «Стандарт цемент» зауытында тапсырыс болмапты. Айталық, қаңтар-наурыз айларында Меңлібай станциясынан тәулігіне 2 маршруттың орнына 1 ғана маршрут өндірістік шикізат артылған. Ал ақпан, шілде, тамыз айларында Тоғыс станциясындағы «Шымкент цемент» зауытында жүргізілген ағымдық жөндеу жұмыстарына байланысты жүк тиеу тоқтатылыпты. Сондай-ақ, ұн тұтынушылардан және көрші елдерден ұн сатып алуға тапсырыстар болмағандықтан жүк тиеу азайған дейді сала мамандары.

Сонымен қатар, мұнай және мұнай өнімдері 3 млн 578 мың тонна тиелген. Республика ішіне 2 млн 930 мың тонна, экспортқа 648 мың тонна тиеген. Цементтен 1 млн 159 мың тонна тиеліп, жалпы жүк тиеудің 14% үлесін құрап отыр. Экспортқа 583 мың тонна цемент жөнелтілген. Ұн өнімдеріне келсек, 304 мың тонна тиелген, экспортқа 260 мың тонна, ҚР бойынша 44 мың тонна ұн тиелген.

Десе де, бөлімше мамандары соңғы бес жыл ішінде жүк тиеудің көлемі артқанын айтуда. Мәселен, 2015 жылдың 9 айында 5 млн 918 мың тонна тиелсе, осы жылдың 9 айында 8 млн 103 мың тонна жүк тиеліпті. Демек бұдан түскен кіріс те артатыны белгілі. Тоғыз айда Шымкент бөлімшесіне жүк тасымалдаудан түскен кіріс 33 млрд 940 млн теңгені құраған. Алайда өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда кіріс 3 млрд 71 млн теңгеге азайған. Мұның себебін мамандар вагон айналымының азайып кеткендігімен түсіндірді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады