Түркістанға көш жалғасады

Аймақтар
05.05.2020, 10:55

Тәуліктің кез-келген уақытында қыз-қыз қайнап жататын Ұлы Жібек жолы бойында жатқан көне қала Түркістан облыс орталығы болғалы күрт өсіп жатыр. Бірақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тірлігі қыз-қыз қайнап жатқан қалада бүгінде тыныштық орнаған.

Ғасырдан аса тарихы бар қала қақпасы теміржол вокзалы маңы да тым-тырыс. Тәулігіне 22 жұп жолаушылар пойызы, ағыл-тегіл жүк пойыздары жөңкіліп жататын жолдар мен перрондар бос, мыңдаған жолаушыларға қызмет көрсететін теміржолшылар мен ұсақ саудагерлердің де қызметі тоқтаған.

Барлығы бір жаққа ауып көшіп кеткендей әсер қалдырады. Қазіргі кезде тек қана жүк пойыздарының қозғалысы бар. Қалған теміржолға қатысты оннан астам мекемелер тоқтатылып, жұмысшылары демалысқа жіберілген. Теміржол вокзалының іші залалсыздандырылып, толығымен жабылған.

Түркістан теміржол вокзалының басшысы Қанат Сейдулдаевтың айтуынша, қаланың бас қақпасының тізгіні қала әкімдігіне беріліп, ішкі жағындағы Абылайхан алаңында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Карантин мерзіміне берілген уақытты сәтті пайдаланып, вокзалдың қабылдау жақ бетінде де төселген тастары алмастырылуда екен.

«Түркістанға көш әлі де жалғасады. Сондықтан абаттандыру жалғаса береді, ауқымды алаң барынша айшықтандырылып, гүлзарлар, субұрқақтар салынуда. Абылайхан ескерткішінің кетілген тұстары қайта қалпына келтірілуде», дейді вокзал бастығы.

Ертеректе тұрғызылған Абылайхан ескерткішін қаланың орталығындағы даңғылда немесе Яссауи кесенесі алдындағы саябақта орналасқаны дұрыс деген пікір бар екен. «Абылайханның айбынды ат үстіндегі ескерткіші сол орталықта тұруы керек, ал бұл жерде Қазақстан темір жолының қалыптасуына мол үлес қосқан Тұрар Рысқұлов немесе Түрксібті көтерген Мұхамеджан Тынышпаевтың ескерткіші тұруы тиіс» деген пікірде теміржолшы-ардагер Баймахан Әкімбеков. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады