Қайғылы жағдайлар қайталана бере ма?

Аймақтар
25.08.2020, 12:32

Жыл басынан бері Жамбыл темір жолында 9 азамат жарақат алып, көз жұмған. Олардың үшеуі жасөспірім екен. Қайғылы жағдайдың жетеуі адам фактісі де, екеуі электр сымдарына қатысты тіркелген. Өткен жылы 8 айдың ішінде екі адам зардап шексе, бала өлімі болмаған. Ал биылғы көрсеткіштің бұлай өсуіне не себеп?

Жуырда осы мәселе төңірегінде бас қосқан сала мамандары мен жергілікті әкімшілік өкілдері темір жолдағы түрлі апатты жағдайлардың алдын алу жағдайын талқылады. Мамандар аталған фактілер тіркелген орындарда болды. Мысалы, Тараз қаласындағы темір жолдың арғы бетінен, яғни Говоров көшесінен Балуан Шолақ көшесіне шығатын тұсқа арка орнатылғанымен, арадағы шойын жолға шпал төселіп, адамдарға арналған қорғаныш жақтаулары қойылмапты.

Сондықтан болар, бұл нүктеде биылдыққа 3 жағдай тіркелген. Оған кейде адамдардың сағаттап тұрып қалатын пойыздарды күтпестен асты-үстінен өте салуы да себеп, Темір жол қауіпті аумақ саналатындықтан, темір жол полициясының ең негізгі міндеті де осындай нысандарда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр.

«Бұл аумақтар ережеге сай емес,темір жолдан өтетін көпір немесе белгіленген орындар жоқ. Сол үшін мұндай оиғалар орын алған тұста аспалы көпір немесе жерасты өткелі болу керек. Ал маңайында елді мекен орналасқан шойын жол бойы қоршауға алынғаны жөн. Сонда қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік артар еді. Бұдан бөлек, адами фактор да әсер етуде, кейбір ата-аналар өздері жолдан өту ережесін бұзып қана қоймай, балаларына деген жауапкершілігінің жоқтығы да кері әсер етуде», – дейді Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Абдуллаким Баймырзаев.

Теміржол мекемесінің бас инженері қауіпті жерлерге өткелдер орнату кезек-кезегімен жүзеге асып жатқанын, қалай қаражат бөлінеді, солай орнататындықтарын жеткізді. Ал соңғы қайғылы оқиға Шөлдалада болған. Ата-анасы жұмыста болған кезде 9 жасар бала темір жол астынан өтетін каналда шомылып жүрген. Темір жолдан кері қарай өтпек болған ол бірінші жолдағы пойыздың өтуін күтіп тұрып, екінші жолдағы келіп қалған пойызды байқамай қалған...

«Ережеге сай бұл жерде жаяу жүргінші жолы орнатылмайды, анда-мұнда қоя сал деген жөнсіз. Ол тек адам көп шоғырланған аумақтарға ғана қойылады. Халық заңды белгілер қойылған тұстан өтуі қажет. Қоршауға келер болсақ, қайғылы оқиға орын алған нүктенің екі жағына 150 метрден, жалпы 300 метрлік қоршау қоймақпыз. Материалдар дайын. Бірақ ол малдың өтпеуі үшін орнатылады. Ал мұндағы балалар жан-жақтан келіп шомылатын каналға қатысты бізге жергілікті әкімдіктің көмегі қажет», – дейді Түлкібас жол дистанциясының бастығы Болат Бурабаев.

Ал Тараз қалалық теміржол желілік полиция бөлімшесінің бастығы Мақсат Дүйсембиевтің айтуынша, қайғылы оқиғалардың орын алуының басты себебі атаананың балаларға темір жолдың қауіпті аймақ екенін жете түсіндірмеуінде, оларды сақтандырмауында жатыр.

«Екіншіден, кей жерлерде қоршаулардың болмауы себеп. Алдағы уақытта бұл кемшіліктер жойылады деп сенеміз», – дейді ол.

Бұдан бөлек теміржол бойындағы қоқыс мәселесі де өзекті. Жергілікті тұрғындар түнде жарық болмаған соң кейбіреулер қоқысты қаппен, тіпті жүк көліктерімен әкеліп төгіп тастайтынын айтып шағымданды. Сосын оларды теміржолшылар тазалап әлек.

Сондықтан, жергілікті әкімдік бұл жерлерге жарық пен бейнекамералар орнатуы – кезек күттірмейтін мәселе. Қайғылы жағдайлар қайталана бере ме?

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады