Екібастұздық профессорлар пойызды басқару қызметімен танысты

Әлеумет
17.06.2022, 09:38
©Rail-news.kz
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қ. Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының профессорлық құрамы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында орналасқан Тасымалды басқарудың автоматтандырылған орталығы қызметімен танысты. Ондағы мақсат – теміржолшы мамандығына оқып жатқан шәкірттерге көзбен көргендерін айтып, сала мамандарымен тәжірибе алмасу.

Аталған оқу орнының «Көлік» кафедрасы негізінен Павлодар облысының теміржол саласына 14 мамандық бойынша кадрлар дайындайды. Осы кафедрадағы оқытушылардың негізгі мамандықтары да – теміржолшы. Алайда, өндірістен алыс жүрген оқытушылар студенттерге жан-жақты практикалық білім беру үшін осындай кездесулердің маңызы зор екенін айтады. Оқытушы құрамын Екібастұз локомотив пайдалану депосының бастығы Әмір Тәкішев бастап келді.

– Бұл оқу орны бізге машинистер, олардың көмекшілері және салаға қажетті басқа да мамандарды, яғни 80 пайыз қызметкерлерімізді дайындап беріп отыр. Сондықтан олардың оқыту сапасын арттыра түсу мақсатында осы іс-шараны өткізуге ұйытқы болдық. Компания басшылығының бұл бастаманы дұрыс қабылдап, оқытушылардың өндірісті көруіне мүмкіндік бергеніне алғыс айтамыз, – деді депо бастығы.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на қарасты Пойыздар қозғалысын басқару департаментіне келген қонақтарды осы департаменттің жедел бөліп тарату тобының менеджері Наталья Гофман қарсы алды. Оның айтуынша, компанияның диспетчерлік қызметі Қазақстандағы теміржол желісі бойынша 3 деңгейден тұрады. Біріншісі – сызықтық деңгей, екіншісі – өңірлік деңгей, үшіншісі – желілік деңгей. Қазақстанда қанша бөлімше, қанша станция, қанша жол болса, соның бәрін компьютер арқылы күн сайын қарап, пойыздар қозғалысын басқарып отыратын департамент диспетчерлерінің жұмысы тым қауырт. Әр өңірге жауапты диспетчерлер бөлінген.

– Пойыздар қозғалысын басқару департаментіне жүктелген міндет, Қазақстан бойынша барлық теміржолдағы қызметтің өзара әрекеттесуінің дұрыс болуын қадағалау. Жұмысымыз таңертең селекторлық отырыстан басталады. Онда жоспарға сай тапсырмалар беріледі. Сосын барлық құрылымдық бөлімшелер басшыларына телефон соғылып, пойыздар қозғалысына, яғни дәл сол сәтте оларда қанша жүк жөнелтілуде, қаншасы жолда келе жатыр, қанша жүк түсіріліп, тиелетіні туралы, бос вагондар қанша деген сұрақтарға қатысты есеп алынады. Сол мәліметтер негізінде бір күннің жұмыс жоспары жасалады. Диспетчерлер орталығына еліміздегі жылжымалы құрамдарды басқаруға қатысты деректер дереу түсіп, қандай да бір туындаған мәселелер жедел шешіліп жатады, – дейді Наталья Гофман.

Қазақстан бойынша теміржол желілерінен бөлек, диспетчерлер елімізде шетелдермен шектесетін 15 мемлекетаралық шекаралық түйісу нүктесін де бақылауға алған. Осылайша, пойыздар қозғалысын басқару қызметімен егжей-тегжейлі танысқан екібастұздық жоғары оқу орнының оқытушылары компанияның бірінші қабатында орналасқан мұражайды аралап, теміржолдың тарихына қатысты көне жәдігерлермен де, заманауи жаңа жобалардың макеттік үлгілерімен де танысты.

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн