Маңғыстауда лагерге аттанған балалар денсаулығы басты назарда

Әлеумет
01.07.2022, 13:40
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жазғы демалыста балалардың бос уақытын пайдалы және қауіпсіз өткізіп, демалысын тиімді ұйымдастыру – әрбір ата ананың арманы. Қазір балалар лагерлерінің жұмысы қызған. Маусым басталғалы маңғыстаулық өрендер де лагерлерде демалып, жаз қызығын көруде.

Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының айтуынша, Маңғыстау вокзалынан бүгінге дейін 3-4 топ жолға шығыпты. Оларды алда әрине қызыққа толы демалыс күтіп тұр. Дейтұрғанмен жаз – күн ыстық, азық-түлік тез бұзылатын, түрлі инфекциялардың өршитін кезі екенін ұмытпаған абзал. 

Сондықтан балалар қауіпсіздігін басты назарда ұстап, оларды тасымалдағанда ең алдымен жеке гигиена, тазалықты сақтау шарттарын мұқият ұстану қажет. Осы мақсатта сапар алдында балаларға арнайы жадынамалар таратқан басқарма қызметкерлері кішкентай жолаушыларды қарапайым талаптармен таныстырды. Ең алдымен, көңілді демалысты көңілсіз жағдай бұзбасын десек, жол-жөнекей кез келген жерден, кез келген тағамды тұтынбау қажеттігін қатаң ескертті. 

– Мамандарымыз топ жетекшілерімен кездесу өткізіп, ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдауға қойылатын талаптар бойынша түсінік жүргізіп, үнпарақтар таратуда. Жолсеріктерге де нұсқама өткізілді. Балалардың аман-саулығы үшін оларды алып жүретін жетекшілерінің де, өздерінің де кейбір ережелерді қатаң сақтауы қажет. Ал демалысты ұйымдастыруға мүдделі мекемелер балаларды жөнелтуден кемінде 5 тәулік бұрын жоспарлаған мерзім және балалар саны туралы ақпаратты тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық ведомствоға жолдауы қажет. Жолда балалар өлшеп-оралған ауыз сумен, шәймен, сапар ұзақтығы бір күннен асса ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай ақ, тиісті нұсқамадан өткен медицина қызметкерлері бірге жүруі шарт. Балалар үшін вагон-мейрамханаларда ұйымдастырылатын ыстық тағамдар мен өнімдерге ассортиментін тиісті аумақтың СЭС саласындағы мемлекеттік органмен келіседі, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Жания Ешматова. 

Жаман айтпай, жақсы жоқ, егер жол бойы бала сырқаттанып қалса онда медицина қызметкері пойыз бастығына хабарлап және одан әрі сапар шегу мүмкіндігін немесе науқасты жол бойындағы жақын станциядағы ауруханаға жатқызу қажеттігін айқындайды екен. Барлық ақпарат жол бағыты бойынша жақын вокзалдың медициналық пунктіне және тиісті аумақтың СЭС саласындағы мекемесіне берілуі шарт.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды