Мектепке жол: оқу құралдары сыйға тартылды

Әлеумет
25.08.2025, 11:06
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі қызметкерлерінің мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндеріне арналған іс-шара өтті. Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясындағы осынау қайырымдылық шарасын бөлімшенің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.

Бұл күні бөлімшенің бас ғимараты алдына желі бойынан кіл алты жастағы балақайлар мол жиналды. Салтанатты шараның беташар рәсімінде филиал директорының қаржы және экономика бойынша орынбасары Жанар Құрманғалиева, НЖС-6 басшысының орынбасары Дәурен Нұрланұлы және «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов құттықтау сөз алып, алдағы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шара бүлдіршіндер үшін мейлінше қызықты болды. Олар үшін аниматорлар өнер көрсетті. Ойыншықтар әлемінен келген кейіпкер Лабубу бөбектер арасында түрлі ойындар мен қызықты спорттық сайыстар ұйымдастырды.

Нәтижесінде уақытты көңілді өткізген барлық балақай үздік атанып, түрлі ойыншықтар мен тәттілерді сыйлыққа алды. Сондай-ақ теміржолшылардың мектеп жасындағы өнерпаз балалары ән шырқады.

Ал алғаш мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер кәсіподақ тарапынан арнайы әзірленген сөмкелер иеленді. Қажетті оқу құралдары мен бірінші сынып оқушыларына арналған жабдықтар толтырылған сөмке 100-ге жуық балаға таратылды. Теміржолшылар осындай игілікті іс-шараны ұйымдастырғансалалық кәсіподақұйымына алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.  

Балақайларға да, олардың ата-аналарына да ерекше көңіл күй сыйлаған осынау іс-шараның соңында барша жиналған қауым естелік ретінде баннер алдында естелік суретке түсті.    

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты