Шахматтан жеңімпаз атанды

Әлеумет
12.11.2018, 11:05

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша тақталы ойынның шахмат түрінен ерлер арасында кезекті біріншілік болып өтті. Биылғы сайыстың ерекшелігі сол, осыған дейінгі чемпиондар қатысқан жоқ. Яғни, жеңімпаздарды жаңадан анықтаудың мүмкіндігі туындады. 

Бөлімшенің спорт нұсқаушылары осынау жолғы жарысты өзгеше форматта ұйымдастырды. Жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. Сондай-ақ, алғашқы кезеңде сайысқа ынта білдірген кез келген адам қатысып, келесі айналымдарда топ жеңімпаздары өзара іріктеліп, анықталып отырды. Осылайша, ақтық финалға кілең мықтылар ғана жеткен болатын.

– Ойын барысы тартысты ғана емес, мейлінше қызықты өрбіді. Алғашқы кезең бойынша әрең дегенде келесі айналымдарға шыққандар ойынның соңына қарай ғайыптан күш алып, ақтық сайыста кездесті, – дейді аталмыш чемпионатты ұйымдастырушылардың бірі, бөлімшедегі «Локомотив» спорт клубының спорт нұсқаушысы Наталья Мешкова.

Теміржолшылар арасындағы тақталы ойын тарландарына бұл жолы төрт орын берілді. Бұл ретте ЖТ бөлімшесінің қызметкері Берік Қамзабаев төртінші орынды иеленсе, Семей станциясы атынан қатысқан Марат Қорабаев жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Ал, ӘТЖК филиалы қызметкері Болат Омаров екінші орын алса, НЖС-6 қызметкері А.Есенаманов бірінші орынды жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Қуаныш Қожаев, Семей  


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл